Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Еңбек түбі - береке

28 ақпан 2018, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Еңбек түбі - береке»
Мақсаты: Оқушыларды Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына қарай 2О қадам жолдауымен таныстыру, тек еңбек арқылы барлық жетістікке жетуге болатындығын түсіндіру. Оқушыларға бүгін де еңбек шешуші ұлттық фактор екенін ұғындыру және еліміз үшін еңбек етуге оқушыларды баулу, кәсіптік білім беру. Адам еңбегін бағалай білуге, еңбек адамдарын сыйлай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, слайдтар.

Барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Кіріспе сөз
3. Сұрақ – жауап. Ой бөлісу
4. Нақыл сөздер, мақал - мәтелдер оқып, талдау
5. Қорытынды
Тәрбиеші сөзі: Балалар, бүгінгі тақырыбымыз: Әлемнің әміршісі - еңбек. Балалар, еңбек сөзін естігенде сендердің ойларыңа не келеді?
Оқушылар өз бетінше ойларын айтып, қорғап шығады/.
Әлемнің әміршісі – еңбек. Тек еңбекпен ғана жеміс өнбек. Тек еңбек ғана қиындықты жеңбек – дегендей, Елбасымыз баршамызды ел игілігі жолындағы еңбекке шақырады. 2О12 жылы 2О қазанда Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына қарай 2О қадам» атты мақаласы жарық көрді. Елбасының ұсынып отырған әлеуметтік жаңғырту саясатын толығымен қолдап және оны іске асыру мақсатында біздің басты міндетіміз оқуда жақсы жетістіктерге жету үшін еңбектенуіміз керек. Біз білім алуда Елбасымыздың саясатын тікелей басшылыққа алуымыз қажет.
Елбасы өз мақаласында біздің әлеуметтік саясат бәсекеге қабілетті және күшті жалпыға ортақ еңбек қоғамын құруға бағытталуы тиіс екендігін және еңбек қана елдің әлеуметтік әл ауқатын көтеретіндігін айтты.
«Еңбек» деген сөзге топтастыру жасау.
ЕҢБЕК

сүйікті іс
күш, жігер береді.
Жарқын болашақ
қуаныш,
ләззат алу
ақша
пайдалы
өмір сүруге үйретеді.
ауыр
шынықтырады
жеңіл

Сұрақ – жауап. Ой бөлісу
Сұрақтар:
1. Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
2. «Адал еңбек» деген ұғым нені білдіреді? Нағыз еңбек неден басталады?
3. Еңбекқор деп қандай адамды айтамыз? Өзіңізді еңбекқормын деп санайсыз ба? Еңбекқорлық адамды қандай қасиеттерге баулиды?
4. Өздерің қандай еңбекпен айналысқанды ұнатасыңдар?
5. Адам бойында қандай қасиеттер болғанда қандай жетістіктерге жетуге болады?
6. «Еңбектің жемісі» дегеніміз не?
7. «Еңбек», «Еңбексүйгіштік» деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер?
8. Сендердің қазіргі негізгі еңбектерің қандай?
/Балалардың жауаптары тыңдалып болған соң, оларды толықтырып, адамның өмір сүруіне қажеттінің барлығы еңбекпен келетіні түсіндіру./

Еңбек түбі - береке. жүктеу
10 706
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Еңбек түбі - береке
Еңбек түбі - береке
Мақсаты: Оқушыларды Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам жолдауымен таныстыру, тек еңбек арқылы барлық жетістікке жетуге болатындығын түсіндіру.
Еңбек – ер атандырады
Еңбек – ер атандырады
Еңбектің түрлерін, еңбек етуге, еңбектің наны тәтті екенін түсіндіру.
Еңбектің наны тәтті
Еңбектің наны тәтті
Адам еңбегін бағалай білуге, нанның дастарқанға қалай келетінін, оған көптеген адамдардың еңбек сіңіретінін түсінеді, еңбек адамдарын сыйлай білуді үйренеді; оқушыларды мәнерлеп оқи білуге машықтанады.
Еңбек - бәрін де жеңбек
Еңбек - бәрін де жеңбек
Балаларды еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру. Еңбек етуге деген қызығушылықтарын, ой - қиялын, тілдерін дамыту.
Еңбек түбі – береке
Еңбек түбі – береке
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ы. Алтынсарин орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қорбақова Сәуле
Еңбек пен бақыт егіз
Еңбек пен бақыт егіз
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №216 орта мектептің еңбек пәні мұғалімі Медеубаева Орманкүл
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×