Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран

03 наурыз 2018, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран
Сабақтың мақсаты:
білімділігі: Оқушыларға халық қаһарманы Ғ. Байтасов өмірі мен өнегелі ісін жас ұрпаққа насихаттау, елі үшін туған есіл ердің ерлігін ұлықтау арқылы бейбіт өмірдің мәнін ұғындыру.
дамытушылығы: Жеке тұлғаның зияткерлік дамуын өз бетінше іздену, оқу арқылы қалыптастыру, жеке тұлғаның зерттеушілік және шығармашылық қабілетін дамыту.
тәрбиелігі: халық қаһарманының халқына сіңірген еңбегін, ерлігін үлгі ету, оқушылар бойына халқымыздың құндылықтарын сіңіріп тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ғ. Байтасовтың портреті, слайдтар, ерлік пен елдік туралы қанатты сөздер.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Мұғалім сөзі:
- Бұл күні елді үрейге бөлеген жиһадшы М. К. Қариев қару - жарақ дүкендерінің біріне қарақшылық шабуыл жасап, ақыр соңында өзін - өзі жарып жіберді. Сол кезде жол полициясының взвод командирі, капитан Ғазиз Байтасов қылмыскерді өз денесімен жауып, ерлікпен қаза болды.
Естеріңізде болса, М. Қариев, ең бірінші, Мазда - 626 көлігінің иесі Закировқа қарақшылық шабуыл жасап, қорқытып, көлігін тартып алады. Осыдан кейін қару - жарақ дүкеніне шабуыл жасап, күзетші В. Федорченконы өлтіріп, Н. Е. Оразбасовты ауыр жарақаттады. Сосын жартылай автомат және «Сайга» қаруын иемденіп, тайып тұрды. Өзін аңдып жүрген екі полиция сержанты П. К. Аямқұлов пен Н. А. Бәйсейітовты өлтіріп, олардың табельдік қаруын алғаннан кейін Қариев өзінің тұрғылықты жеріне барып, РПГ - 26 гранотометын алып шығады. Одан кейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаменті ғимаратының қабырғалары мен терезелеріне атады. Бұл жерде адам өлімі орын алмаса да, ғимарат біршама қирады. Ал сағат 12: 45 - тің шамасында Қариев полиция патрулінің екі қызметкерін жарақаттап қашады. Өз кезегінде жол полициясы қызметкерлері оны жаралап, қолға түсіруге ұмтылған кезде, Қариев гранатаны алып шығады да, іске қосады. Оны көрген капитан Г. Байтасов қылмыскерді өз денесімен жауып, ерлікпен қаза болды. Полиция сержанты С. С. Алашов болса, қатты жарақаттанды.
Бүгінде Тараздағы теракті кезінде қаза болған құқық қорғаушылардың құрметіне естелік тақталар орнатылды. Ал капитан Ғазиз Байтасовтың құрметіне бюст қойылып, қала көшелерінің бірі батырдың есімімен аталды. Сондай - ақ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен мәңгілік ұйқыда жатқан капитан Ғ. Байтасовқа «Халық Қаһарманы» атағы берілді.
ІІІ. Слайдпен жұмыс «Ғазиз Байтасов - ел үшін туған есіл ер»

1 - оқушы:
- Ғазиз Байтасов 1971 жылы 3 сәуірде Жамбыл облысы Байзақ ауданы Түймекент ауылында дүниеге келген. Атпал азамат көзі тірі болғанда 43 жасын ағайын - туыс, достарымен атап өтер еді. Көзі тірісінде өз ісіне деген адалдық, қызметіне деген жауапкершілік үлгісін танытқан Ғазиз құзырлы орын саласында еңбек ете жүріп 28 рет марапатқа ұсынылыпты. Күні - түні таңдаған кәсібінің ауыртпалығын аса ұқыптылықпен сезініп, отбасы мен бауырларына деген қамқорлығын әсте еш төмендетпеген Ғазиздің азаматтық тұлғасы бүгінгі ұрпаққа ұлағат.

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран. жүктеу
4 281
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
19 қазан - Рақымжан Қошқарбаев 95 жаста
19 қазан - Рақымжан Қошқарбаев 95 жаста
Рақымжан Қошқарбаев Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақ азаматы, Халық Қаһарманы. 1924 ж. 19 қазанда Ақмола облысы Ақмола ауданында дүниеге келген.
Әлияның ерлігі - елге мұра, ұрпаққа ұран!
Әлияның ерлігі - елге мұра, ұрпаққа ұран!
Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің маңыздылығын ұғынуларына жағдай туғызу. Ұлы Отан соғысында туған жерін қорғаған аты аңызға айналып, ерлік істері барша ұлтты таң қалдырған қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлованың жарқын өмірі және Ұлы Отан
Ерлік - елге мұра, ұрпаққа ұран
Ерлік - елге мұра, ұрпаққа ұран
Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге, дүние жүзіндегі басқа ұлт өкілдерінің достығын нығайтуға тәрбиелеу.
Мұхтар Шаханов «Отырар»
Мұхтар Шаханов «Отырар»
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Қаракемер мектеп - балабақшасы Пән мұғалімі: Әбдібаева Ырысгүл
Ел мүддесі- ерге сын
Ел мүддесі- ерге сын
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев – Қазақстан Коммунистік партиясының бірінші хатшысы, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымының докторы, КСРО және шет ел
Ерлік - ел мұраты
Ерлік - ел мұраты
Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ батырларының өміріне шолу жасау, олардың ерліктерін дәріптеу арқылы оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×