Білімділер поралы

Атамекен – мақтанышым!

Атамекен – мақтанышым!
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру. Сыныпта ақырын музыка ойналады.
Сәлеметсіздер ме, балалар! Көңіл - күйлерің қандай! Оқушылар жауап береді. Бүгінгі сабағымыз сендердің көңіл - күйлерің сияқты ерекше. Интерактив тақтада Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнінің бейнеклипі қойылады. Балалар қосылып орындайды. Ән аяқталған соң өзара әңгімелеседі.
- Назерке: Ғазиз мынау қандай керемет ән!
- Ғазиз: Иә, біздің ата-мекеніміз, Қазақстан туралы айтылған ән.
- Айжол: Бұл ән біздің әнұранымыз ғой.
Тәрбиеші: - Балалар, сендер өте дұрыс айтасыңдар, бұл ән біздің ата-мекеніміз, оның тұтастай ынтымақ, бірлігі, ел ішінің тыныштығына ерекше көңіл бөлініп, адамзаттың жаны көтеріңкі рухта болатындай жазылған ән. Балалар, сендер «атамекен» деген сөзді қалай түсінесіңдер? Балалар өз ойларын айтады.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, балалар, яғни біздің сендермен бірге өтетін бүгінгі сабағымыз біздің туған жеріміз, ата-мекеніміз Қазақстанға арналады.
Кең байтақ далалы жеріміз,
Ақ көңіл қонақжай еліміз.
Қазақ иісі аңқып тұрар әр жерден
Алтын, көмір, мұнай байлық кеніміз!- демекші біздің атамекен Қазақстан жер бетінде ұлан - ғайыр даланы алып жатыр, жер көлемі жағынан дүние жүзі бойынша 9 - орында тұрады. Біздің Қазақстанның жер қойнауы қазынаға толы, байлығы мол Қазақстанда жүздеген ұлттар тату - тәтті өмір сүріп жатыр. Қазақстан тәуелсіздік алған күннен бастап құрметті елбасымызға сенім білдіре отырып, еліміздің дамыған, экономикасы мықты елдердің қатарына қосылуына септігін тигізіп келеді. 2017 - жылы Астана қаласында өткен халықаралық ЭКСПО көрмесінің тақырыбы «Болашақ қуат көзі» деп аталды. Мұнда қазақ экономикасының өрлегенін көрсетілді. Мұндай тарихи маңызы бар көрмеге дүниежүзінен көптеген елдер қатысты және үздік баға берді.

Негізгі бөлім.
Топтық жарыс. Оқушылар екі топқа бөлінеді. «Атамекен» және «Туған жер» топтары. Топтарға тапсырма беріледі.
1. «Атамекен» тобы. Тақтада дөңгелек шар тәріздес пішін ілінеді. Ортасына «Туған жер бізге не береді?» деген сұрақ қойылады. Оқушылар оның жан - жағына түрлі нұр таратады. Мысалы: ішетін тамақ, киетін киім, жұтатын ауа, сусын, қуаныш, болашақ, дәрі - дәрмек, білім, қазба байлық, соғыс, төбелес, алауыздық, ұрысу т. б. әртүрлі мазмұндағы суреттердің ішінен керегін күннің айналасына қояды. Осы сѳздер нұр болып таралады.
2. «Туған жер» тобы. Тақтаның ортасына «Біз туған жер табиғатына не бере аламыз?» деп жазылған ұзын ағаш ілінеді. Ортада табиғатқа байланысты әртүрлі мазмұндағы суреттердің ішінен керектісін алып, (суреттерде табиғатты қорғау, тазалау, аялы алақан бейнеленген) гүл күлтелін құрастыру. Гүлдің бейнесі пайда болады. Керек емес суреттерді қоқыс шелегіне тастау.

Мақал - мәтелді жалғастыр.
1. «Атамекен» тобы. Ел мен жер …. (егіз)
Ел іші – ……(алтын бесік)
Жері байдың …… (елі бай)
2. «Туған жер» тобы. Елің - …. (панаң)
Жерің - … (анаң)
Жері байдың - … (елі бай)
Сурет салу. Оқушыларға өз туған ауылдарының суретін салу тапсырылады. Тапсырма бағаланады.
Ән мен күйді төгілтіп,
Ӏнжу - маржан шашайық.
Қонақтарды таңдантып,
Өнерден күмбез жасайық! дегендей балалар, енді бәріміз бірге «Менің елім» әнін орындайды.

Қорытынды. Балалар, еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы, еліміз еңселі болсын десек, ата-мекенімізді қастерлейік. Сендер, жас өрендер, халқымыздың бағына тігілген көк туды желбіретіп, нық ұстауларың керек. Ол үшін ата - баба мұрагері атанып, әке - шеше үмітін ақтаған, азам елдің ұл - қызы боп, бүгіннен бастап қадамдарыңды нық басыңдар.
Сабақтың аяқталғанын хабарлау.

Қаскелең қаласы облыстық зерде бұзылыстары бар
балаларға арналған мектеп - интернаты тәрбиешісі
Жұманазарова Табиға
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • Кирбасова Асыл
    Мына жаңалықта: Ұл бала мен қыз бала
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қауын мен қарбыз
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • беке
    Жазған: беке
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Омонимдер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Химия әлеміне саяхат
  • Батон
    Жазған: Батон
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Bekamaster
    Жазған: Bekamaster
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 229
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 229
Роботтар: 2
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика