Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сәт сапар, ақ жол, жас түлек мектеп бітіру кеші

07 наурыз 2018, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
«Сәт сапар, ақ жол, жас түлек» мектеп бітіру кеші

1ж: қайырлы кеш ардақты ата - аналар, қадірлі қонақтар, ұлағатты ұстаздар! Арғымақ аттай тулаған уақытта шек бар ма? Биылғы мектеп бітіруші түлектердің басынан да қызығы мен қуанышы араласқан, он бір жыл он бір күндей білінбей өте шықты.

2Ж: Армысыздар, қымбатты оқушылар, ұстаздар және қонақтар! Мектеппен, балалықпен қоштасар күн туды, бүгін міне түлектер кеші. Бұл күн мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпейтін күн. Ендеше барлықтарыңызды осынау салтанатты сәтпен құттықтауға рұқсат етіңіздер.
Жас жүректің өмірлік құштары гүл,
Бағбан ұстаз баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.

1Ж: түлек ұшып түлектер,
Өмірге қанат қақпақшы
Дүрсілдеп соғып жүректер,
Жарылып гүлін ашпақшы - дей отырып бүгінгі мерекенің иелері 2014 - 2015 оқу жылының жас түлектерін ортаға шақырамыз.

2Ж: Күлімхан
Әдебиеттің жілігін шағып, майын ішіп жүрген өздеріңізге таныс әдебиет танушы, журналист, редактор, «Мұратхан әдебиеттану» орталығының орынбасары кұлімханды ортаға шақырамыз.

Гүлдаурен
Шемішкеше шешеді матемді
Қазақ тілінен біледі – са, - сеңді
Руский диктант алып бар, түзетіп береді қатеңді. Деп сыныптасымыз Гүлдауренді ортаға шақырамыз.

1Ж: Назарбай
Жүретін всегда қалада,
өзі тойда тамада,
бүгінгінің ақан сері, Біржаны,
бағаласаң Назарбайды Бағала..
сыныптасымыз Назарбайды шақырамын ортаға.

Сайран
Талабы ба ары асатын асқардан,
Мінезі ашық баршамызбен дос болған.
Сайран деген бастығымыз келеді,
Биылғы жыл 11 а - ны басқарған.

2Ж: Қуаныш
Менделевтың 108 елементін,
Жаттап алып көрсеткен кереметін.
Қуаныштай химик алдарыңда,
Доп көрсе қуып алып жөнелетін. Спортшы, химиг сыныптасымыз Қуаныш.

Сая
Жалғандыққа ешқандай көне алмайды,
Өтірік мақтанудан алаңдайды,
Салихалы, сабырлы біздің Сая,
Қой аузынан ешқашан шөп алмайды.
Алса да аздап алад көп алмайды.

1Ж: Мөлдір
Өнерімен бата алған сүйікті елден,
Таланты бар бойында жиып терген.
Болашақ актриса Мөлдіріміз,
Көрінет деп сенеміз биіктерден. Әнші, биші, актриса сыныптасымыз Қуан Мөлдірді қарсы алайық

Сиқуат
Қиынынан өмірдің жасымастан,
Болашағын ойлаған осы бастан.
Оператор Сиқуат келді ортаға,
Біздерден бірінші боп кәсіп ашқан.
Жігіт емес ешқашан ол тұрақсыз,
Енді ешбір той өтпейді Сиқуатсыз.

2Ж: Ажар
Ажар десе ажарлы,
Ұшқын атқан жанарлы.
Болашақ мықты физик,
Шақырамын ажарды.

Талғатбек
Білім қайда үйренбей, өрістемей,
Білу қайда әр нені көп істемей.
Талғатбек компьютерді жақсы үйренген,
Программаңды шағады шемішкедей.

1Ж: Айсара
Тон пішкен үлгі көріп анасынан,
Көркі бар қызыл гүлдей дара тұрған.
Айсара білім нәрін жинаған қыз,
Алтай мен Атыраудың арасынан.

Жасұлан
Тілді үйренген жасынан,
Білімі судай тасыған,
Қарсы аламыз біз сізді,
Hello, hello жасұлан.

2Ж: Минар
Бойында өнер би бар – ды,
Биімен талай сыйды алды.
Биологтардың бишісі,
Шақырайық Минарды.

Наурызбек
Бай өлкенің ойынан тау - тасынан,
ақын деген ара ғой бал тасыған.
Шырын құяд наурызбек жүректерге
Шымшып алып гүлдердің арқасынан, ақын, әнші, сазгер, артист, тракторист Бақыт Наурызбекті қарсы алыңызар.

1Ж: Тоқтауберді
Мінезі бар салмақты,
Өнері бар жан – жақты.
Дәрігер болар ертең ол,
Биологияны таңдапты.

Нұржан
Өмір мәнін білетін,
Табар істің ретін.
Нұржан деген бұл жігіт,
Тыныш өмір сүретін.
Көп сөйлеуді ұнатпай,
Жымыиып ғана жүретін.

2Ж: Санжар
Ашық - жарқын, жайдары көңілі бар,
Тек шаттықтан тұратын өмірі бар.
Санжардай сері жігіт келді ортаға,
Жас болса да көп істің жөнін ұғар.

1. Ж: Құбыл сонымен барлық түлектерімізді шақырып болдық - ау деймін?
2. Ж: сонда бағанадан сарнаған, сөзден жағы талмаған, бітіруші достарға ақ тілегін арнаған сен екеуімізді кі шақырады?
1. ж: оалай болса сені мен шақырайын, мені сен шақыр. Қарсы алыңыздар алдарыңызда мектебіміздің ақыны.....
2Ж: жо - жоқ тоқата. Мен де басқа сыныптастарым сияқты салтанатпен шыққым келеді. Мен ана жаққа барам сен қайтадан тақпақтап шақыр.

Сәт сапар, ақ жол, жас түлек мектеп бітіру кеші. жүктеу
23 365
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сәт сапар, ақ жол, жас түлек мектеп бітіру кеші
Сәт сапар, ақ жол, жас түлек мектеп бітіру кеші
Қайырлы кеш ардақты ата - аналар, қадырлы қонақтар, ұлағатты ұстаздар! Арғымақ аттай тулаған уақытта шек бар ма? Биылғы мектеп бітіруші түлектердің басынан да қызығы мен қуанышы араласқан, он бір жыл он бір күндей білінбей өте шықты.
Сыңғырла, соңғы қоңырау!
Сыңғырла, соңғы қоңырау!
Бітіруші түлектерді құрметпен ортаға шақырамыз. Қошеметтеп қарсы алыңыздар! (11 - сынып оқушылары мектеп алдына 1 - сынып оқушыларымен бірге қол ұстасып шығады).
Мектеп түлектерімен кездесу кеші
Мектеп түлектерімен кездесу кеші
Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата - аналар, аяулы оқушылар! Осыдан 10 жыл, 20 жыл, 30 жыл бұрынғы мектеп түлектері алтын ұя мектебімен қауышқалы отыр! Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп түлектері есінде мәңгі өшпесі анық.
Киелі орда мектебім, жүректе сақтап өтемін!
Киелі орда мектебім, жүректе сақтап өтемін!
Міне тағы бір оқу жылы аяқталып, біздің мектебіміздің ---- түлегі бүгінгі салтанатты жиында балалықпен, мектеппен қоштасқалы тұр.
Сәт сапар, саған Жас түлек!
Сәт сапар, саған Жас түлек!
Мектеп - білім айдынындағы үлкен кеме. Тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы - мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі - МҰҒАЛІМ. Мектепте өткен уақыт адам өміріндегі шаттыққа толы кездер. Дәл осы кездер ең жарқын естеліктер
Сәт сапар саған, Жас түлек!
Сәт сапар саған, Жас түлек!
Армысыздар ардақты ата - аналар, қонақтар, ұстаздар, оқушылар 11 жыл бойы тәрбие мен білім нәрін бойына құйып, ұстаздарына анасындай еркелеп, балалық шағын алаңсыз өткізген жас түлектердің мектебімен, әліппеден бастап өмір заңдарына дейін үйреткен
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×