Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Наурыз-думан

16 наурыз 2023, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Наурыз-думан
Мақсаты: Оқушыларға Қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Мазмұны: Бүкіл тіршілік аталуының түрленіп, жаңаруы паш етіледі. Мейрамның ең қадірлі дәмдері мен қасиетті сөздері кеңінен насихатталады. Көрнекілігі: Қазақтың киіз үйінің жабдықтары, ұлттық тағамдар, алтыбақан. т. б. с.
Түрі: Мерекелік сазды әдеби – музыкалық кеш.
І. Қонақтарды қабылдау.
ІІ. Жарапазан айтушы бала мен өнерпаз жігіт жиналған қауымды Наурыз тойын тамашалауға шақырады.
ІІІ. «Жыл басы - Наурыз» тойы мерекесінің жүру бағдарламасы.
1 - Қазақтың салт дәстүрлері мен ырым – тыйымдары туралы түсінік беру.
2 - Халық әндерімен билерін тамашалау.
3 - Қызыр атаны қарсы алу, бата сұрау.
4 – Ұлттық ойындардан көрініс ( күрестен, кіртас көтеру, аударыспақ ойнау ) Наурыз көже ішуден сайыстар.
Жүрісі:
Қазақтың салт дәстүрлері мен ырым - тыйымдары туралы түсінік беру. Халық әндері мен билерін тамашалау. Қызыр атаны қарсы алу, бата сұрау. Ұлттық ойындардан көрініс (күрестен, кіртас көтеру, аударыспақ ойнау) Наурыз көже ішуден сайыстар. «Достығымыз жарасқан» Ұлттық билерден сайыс. (Әр ұлт өкілдерінің киімін киген бозбала мен бойжеткендер билейді) Барысы:
Жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, ата - аналар, қонақтар. Бәріміздің көптен күткен Наурыз мерекесі келіп қалды. Мерекелеріңіз құтты болсын!
Наурыз «жаңа күн» деген сөз. Яғни бұл күн біздің ата - бабаларымыз, арғы тегіміз, мыңдаған жылдардан бері мерекелеп келе жатқан жыл басы мерекесі.
Наурыз тойы құтты болсын!
Ұлыстың ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді болып, тілектеріңіз қабыл болсын!

Наурызым қайта оралды аты аңыз,
Сұраймыз алғыс та біз, ақы да біз.
Үй - дастархан, даламыз сахнамыз,
Ұлы мейрам Наурызға шақырамыз!

Көктем жетті көл - көсір шуақ құрып,
Қыс та ұзап барады жылап тұрып.
Шатырында үйлердің Наурыз да жүр,
Мұз көрпесін ақпанның лақтырып.

Жүргізуші: Қайырлы күн, мейрамға жиналған барша қауым. Бүгінгі Ұлыстың ұлы күні - ата - баба сөзімен айтқанда ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы - бұл көктем мен еңбектің мерекесі, күн мен түн теңесетін күн. Бұл мейрам 22 наурыздан 19 сәуірге дейін тойланатын ұзақ мейрам. Көктем мен Жаңа күн мерекесі.
Олай болса, бүгінгі «Қош келдің, әз Наурыз!» атты мерекелік думанымызды ашып беру үшін сөз кезегі мектебіміздің директоры Шоқанов Әлібек Төкенұлына беріледі.

Жүргізуші:
Шашу, шашу көп шашайық шашуды
Жауғандай көк аспаннан нөсер жаңбыр.
Уа, жамағат жинап ал несібеңді,
Ризығың бола берсін көл - көсір! ШАШУ ШАШЫЛАДЫ.
Ұлыс күні қазан толса,
Ол жылы ақ мол болар,
Ұлы кісіден бата алса,
Сонда олжалы жол болар.
- деп бүгінгі тойға үлкендерден бата сұрайық.
Қыдыр ата Наурыз бата беру
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Ұлыс бақты болсын!
Төрт түлік ақты болсын.
Ұлыстың ұлы күніңде,
Ұлын оңға қонсын,

Менің берген бұл батам,
Алланың құлағына шалынсын!
Әумин!
Жүргізуші:
Құрметті ағайындар, қадірлі қонақтар! Сіздерді бүгінгі ұлы тойларыңызбен шын көңілімізбен құттықтаймыз. Мұхаммет пайғамбардың хадисінде мұсылман үшін ең ұлы той - сүндет тойы деген екен. Мұның мәнісі сірә, балғын жас бала ата - баба жолына түсті, мұсылмандық рухын сақтайды, дәстүрге адал болады деген ниетте жатса керек. Сондықтан бүгінгі ұлы тойларыңыз құтты болсын. Бір кезде мұсылмандықтың қаймағы бұзылмай тұрған кезде баланы жастан демекші, сүндетке отырғызуға сондай зор мән берілген. Бүгін сіздер ата - аналық борыштарыңызды өтеп қана отырған жоқсыздар, балақайдың келешегін нұсқап та отырсыздар. Баламыз өскен кезде білімді азамат болсын, рухы қазақша, ділі мұсылманша болсын, халқын сүйген азамат болсын деген тілектеріңізді жұрт алдында паш етіп, той жасап отырсыздар. Осынау ізгі тілектеріңіз қабыл болсын, мұраттарыңызға жетіңіздер. Баламыз жеті жұрттың қамын ойлаған азамат, атаның ғана ұлы емес, елдің, халықтың перзенті болсын.

Мұсылмандық - бұл міндет,
Құтты болсын бұл сүндет.
Өмір жолы – ұзақ жол,
Ұзақ жолда талмағын.
Еңбек, өнер, ғылымда,
Қатарыңнан қалмағын,
Биік болсын талғамың.
Халқың сыйлар адам бол,
Орындалсын арманың. Мұсылмандық – ұлы міндет,
Құтты болсын бұл сүндет! Баланың сүндет тойы құтты болсын, тезірек ер жетіп, имандылықты бойына сіңіріп өскен елінің айтулы азаматы болсын!

Молда бата береді:
Бисмилла ир – рахман – ир – рахим!
Мұсылмандық – бұл міндет
Құтты болсын бұл сүндет!
Өмір жолы – ұзақ жол,
Ұзақ жолда талмағын.
Еңбек, өнер, ғылымда,
Қатарыңнан қалмағын,
Биік болсын талғамың.
Халқың сыйлар адам бол,
Орындалсын арманың.
Мұсылмандық – ұлы міндет,
Құтты болсын бұл сүндет!
Әумин!
Жүргізуші:
Ал, балақан, балақан!
Саған елді қаратам.
Ерке болып еліне.
Балпаңдаған балапан.
Пышақ тиіп теріңе,
Талтаңдаған балапан.
Жиналған жұртқа таңданып,
Жаутаңдаған балапан.
Сүндеттеліп сәтімен,
Сен де болдың мұсылман.
Қызыр бабаң қыдырып
Кетпей жүрсін тұсыңнан!
Ал, халайық, халайық,
Балапанға қарайық.
Дінімізді құрметтеп,
Мұсылманға санайық!
Әжесі ортаға шығып бір сөлкебайын үзіп алып «менің жолым мен жасымды берсін!» деп сүндет қоржынға қыстырып, баланың иығына іледі де, немересінің бетінен сүйеді.
Жүргізуші:
Той думанға келіңіз
Тамашалап көріңіз,
Би билейік бәріміз,
Қол соғайық бәріміз!
Арда өсіп, адал емген ақ уызың,
Қалдырған ғасырларға нәрлі ізін.
Көк бөрілі байрағын желбіретіп,
Көк түріктер тойлаған Наурызым!
Жүргізуші: Барлықтарыңыздың наурыз көжеден дәм татуға шақырамыз! Мереке құтты болсын! Осымен бүгінгі мерекелік кешіміз аяқталды. Келесі кездескенше сау болыңыздар!
62 777
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Наурыз келді
Наурыз келді
Наурыз мерекесінің басқа мерекелерден ерекшелігін түсіндіру. Мерекелік тілектер, дәстүрлер туралы түсінік беру. Балаларды халқымыздың салт - дәстүрін қадірлей білуге тәрбиелеу.
Наурыз думан!
Наурыз думан!
Қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Жыл басы – Наурыз
Жыл басы – Наурыз
Қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Армысың, әз - Наурыз, Арғымақ жыл!
Армысың, әз - Наурыз, Арғымақ жыл!
Атырау обллысы, Құрманғазы ауданы, Ю.А.Гагарин атындағы орта мектебі Роза Жақсылықова Бахтығалиқызы
Армысың, Әз Наурыз!
Армысың, Әз Наурыз!
Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының ұлы мерекесі - Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт - дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Жыл басы - Наурыз
Жыл басы - Наурыз
Тақырыбы: «Жыл басы - Наурыз» Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Мазмұны: Бүкіл
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×