Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


22 наурыз мерекесіне арналған Жыл басы - Наурыз

21 наурыз 2018, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Жыл басы - Наурыз
Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Мазмұны: Бүкіл тіршілік аталуының түрленіп, жаңаруы паш етіледі. Мейрамның ең қадірлі дәмдері мен қасиетті сөздері кеңінен насихатталады.
Түрі: Мерекелік сазды әдеби – музыкалық кеш.
Барысы:
1 жүргізуші - Нұргүл: Армысыздар, ардақты әлеумет!
Жер ананың тоң кеудесі жібіп, Самарқанның көк тасы еріген қасиетті наурыз айы туғанда амандықпен қайта қауышқан күніміз құтты болсын! Наурыз елімізге құт - береке әкелсін!
2 - жүргізуші - Айман апай: Бармысыздар, қадірменді халайық! Өткенге салауат айтып, келер күннен берекет тілеп, ақ көңіл, адал жүрекпен дос құшақтарды айқастырып табысатын қасиетті күні – Наурыз мерекесі құтты болсын!
3 - жүргізуші - Ақнұр: Бұл күні алдағы күндерге арналып ізгі ой, арман - мақсат айтылып, тілектер тіленеді. Ендеше:
Бастаса - елдің көсемі,
Сөйлесе – сөздің шешені.
Ақылы асқан абыздай,
Бар түйінді шешеді, - дей отырып мерекелік құттықтау сөзді мектебіміздің директоры Абдигаппарова Тишкүл Сейтжанқызына ұсынамыз.
1 - жүргізуші: Наурыз – жыл басы, Ұлыстың ұлы күні. Күн мен түннің, ыстық пен суықтың, қыс пен жаздың, қараңғы мен жарықтың теңелетін, жер арқасы кеңіп, күллі тіршілік әлемі қайта түлейтін Табиғат мерекесі;
2 - жүргізуші: Наурыз - адамдардың қыс қыспағынан, жұт апатынан аман қалып, малы төлдеп, аузы аққа жаритын Шаруа мерекесі;
3 - жүргізуші: Наурыз - әрбір шаңыраққа шыраққа шырақ жағылып, «Қызыр түнін» күтіп, жақсылық құт - береке тілеп, ертеңгі күнге зор үмітпен қарайтын Сенім мерекесі;
1 - жүргізуші: Наурыз – жеті дәмнен Наурыз көже жасап, адамдардың бір - біріне дәм татқызып, дастарқан басында бірге отыратын Ынтымақ - бірлік мерекесі;
2 - жүргізуші: Наурыз – жыл бойы өткен - кеткен ренішті кедергісіз кешіріп, ән - күймен, ойын - сауықпен жанды жадыратып, сананы серпілтетін Көңіл мерекесі.
3 - жүргізуші:
Жаңа жылды, Наурыздың 22 – сін халық Ұлыстың Ұлы күні деп ұлағаттаған. Ұлыс күні қазақ үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Бұл күнгі болған әрбір өзгеріске үлкен мән берген, қар немесе жаңбыр жауса « нұр жауды», « туар жыл нұрлы болады», « Наурыздың ақша қарындай» деп әсем теңеулер айтып, « ағынан жарыла қуанса, мал төлдесе бір тал көк шөп артық шығады» - деп ырымдаған, нәресте дүниеге келсе, ұлағаттап есімін ерекше қойған.
1 - жүргізуші:
Тілімізде осы күнге қатысты – «жер бетіне жақсылық ұялаған күн», «Ұлыстың ұлы күні», «Ұзақ ұшып келген күн», «Жыл басы – жылқышы торғай (нәуірзек ) келген күн», «Көк құт ( өсімдік ) көзін ашқан күн», «Көк тас еріген күн» деген сөз оралымдары сақталған.
3 - жүргізуші: Айман апай, сіз білессіз бе? Наурыз мерекесін тойлау дәстүрлі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс – салтында бағзы замандардан бері орын алған деседі.
2 - жүргізуші:
Иә, иә, Ақнұр, менің естуімше Ежелгі түркілер ұлыс күндері жаңа киімдерін киіп, сақал – мұрттарын түзеп, шаштарын алдыратын болған, алты күн садақ тартып машықтанған соң, жетінші күні алтын теңгеден жамбы атып жарысқан. Егер кімде – кім бірінші болып жамбыны атып түсірсе, сол адам сол күні, яғни бір күн елге патша болып, билік жасауына ерік берілген деседі.
Ал қазақ даласында ұлыстың ұлы күні бүкіл адамды тең санаған, құл мен күң де шаруадан босап, еркін бой жазуға мүмкіндік алған. Бұл күнгі дастархандағы дәм, айтылар әңгіме көпке ортақ болған екен.

3 - жүргізуші:
Қарияларға Ырыс таңын қарсы алу кезінде мерекеге лайық ерекше ас берілген. Ол «белкөтерер» деп аталған. Ол Қыдыр түнін өткізуге арнаған қонақ асы. Сол түні көпті көрген егде жандар өткен - кеткен қызықты әңгімелеп, жастық шақтарындағы дәуренін еске алысып уақыт өткізеді, өзара ескі жылдағы жақсылықтарды еске алып жаңа жылға болжам жасайды.
1 - жүргізуші: Жыл басында ғаламда, табиғатта болатын өзгерістерге сай ана тілімізде әр түрлі аталымдар туындаған. Ендеше тыңдап көрелік.
1 - оқушы - Әли: Жыл басында нұр жауған түн – Қызыр түні.
2 - оқушы - Балым: Жыл басында алғаш жауған қар ақша қар.
3 - оқушы - Жанасыл: Жыл басының алғашқы күні – Ұлыс күні.
4 - оқушы - Нұржайна: Жыл басының алғашқы желі – Жыл айналып келер алтын күрек.
5 - оқушы - Асанәлі: Жыл басының алғашқы төлі – Дүбіраяқ.
6 - оқушы - Жәнібек: Жыл басының алғашқы сүті – Уыз.
7 - оқушы - Жанар: Жыл басының алғашқы көгі – бәйшешек.
8 - оқушы - Алуа: Жыл басының алғашқы асы – Наурыз көже.
9 - оқушы - Диана: Жыл басының алғашқы белгісі – Көрісу.
10 - оқушы - Құндыз: Жыл басының алғашқы сый тамағы – Ұйқыашар.
11 - оқушы - Ақерке: Жыл басының алғашқы сыйы – Діреткізер, Селтеткізер.
12 - оқушы - Жанбол: Жыл басының алғашқы тілегі:
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын.
Ұлыс береке берсін,
Бәле – жала жерге енсін.
2 - жүргізуші: Наурыздың айрықша тәлім - тәрбиелік, үлгі - өнегелік, сән - салтанаттық, мәрт - жомарттық, қадыр - қасиеттілік нышан белгілері мен таным - ұғымдарының үлгі түрлері өте көп.
1 - оқушы - Құндыз: Наурыз шығыс елдері үшін бірліктің, татулықтың, еңбектің, көктемнің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі ретінде тойланады.
2 - оқушы - Ақбота: Наурыз күні. Наурыз – ежелгі мәдениеті дамыған елдің бірі парсының «нау»- жаңа, «руз»- күн, яғни «жаңа күн» деген сөзінен шыққаны көпке бұрыннан - ақ белгілі. Бұл қазіргі күн есебі бойынша наурыздың 22 - сіне сәйкес келеді.
3 - оқушы – Фатима: Наурыз айы – шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебі ретінде күн мен түннің ұзақтығы теңеседі. Сол себептен наурыз жыл басы болып саналған.
4 - оқушы – Аруна: Наурызнама – шат - шадыманды ойын - сауық, той. Кей жерлерде наурыз тойы деп те аталады. Бұл күні үлкен болсын, кіші болсын осы мейрамға келіп, көңілді ойын - сауықтар жасалады. Мұнда шарап ішу, ренжісу сияқты жағымсыз әдеттерге қатты тыйым салған. Тойда ат жарыс, палуан күрес, басқа да спорт бәсекесі болады. Айтыс, түрлі ойындар ұйымдастырылып, көңілді жұмбақтар, ән, өлеңдер, наурыз жырлары айтылады. Әркім үлкендерден бата тілейді.
5 - оқушы – Айдын: Наурыз көже. Наурыз тойына ғана тән, көпшілікке арналған тағам. Оған көксу, қызыл ет, жасыл – дән, ақ сүт, сары май, қоңырталқан (кеспе), қара тұз қосып, мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынады.
6 - оқушы – Нұржайна: Наурыз жыры. Наурыз мерекесінде айтылатын халық ауыз әдебиетінің бір саласы. Жыр, өлең осы күнге лайықталып, мадақтау, тілек, бата, әзіл түрлерінде айтылады.
7 - оқушы – Назерке: Наурыз бата. Халықта батаның түрі көп. Соның бірі – осы Наурыз бата. Мұнда наурызнама өткізгендерге, осы күнге арнап «наурыз көжеге» шақырғандарға, тойда өнер көрсеткен өнерпаздарға ақсақалдар мен әжелер, ел ағалары бата береді.
8 - оқушы – Бекарыс: Наурыз жұмбақ - табиғатқа, аспан әлеміне, ауа райына байланысты айтылады. Ақындар, қыз - жігіттер осы тақырыптарда жұмбақтасып айтысатын болған.
9 - оқушы – Мирас: Наурыз тілек - әр адам өз отбасын, туған - тус, дос - жарандарын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап жақсы тілек тілейді. Бірінің үйіне бірі кіріп дәм татады.
10 - оқушы – Назерке: Наурыз төл – наурыз айында мал төлдей бастайды. Олар «наурыз төлі» деп аталып, төл басы ретінде бағаланып, малжанды қазақ баласы оны ерекше күтіп баптаған.
11 - оқушы – Ақбота: Наурызкөк – наурыз айында ұшып келетін көктем құсы. Қарасы шағын ғана осы құсты шығыс елі күтіп жүреді. Оны алғаш көргенде «Наурызкөгім, келдің бе?» деп шақырып жем шашады.
12 - оқушы – Айдын: Наурыз шешек – наурыз айында өсетін жапырақты, түрлі гүлді, қауашақты әсем өсімдік. Оны үйде де өсіреді. Майының дәрілік қасиеті бар. Қазақстанның таулы аймақтарында оның бірнеше түрі өседі. Наурыз шешек «Қызыл кітапқа» енген сирек кездесетін бағалы өсімдік қатарына жатады.
13 - оқушы – Нұржол: Наурызша – Наурыз айында ашық күндері қолдан жасаған ою - өрнекті әрі жұп - жұқа қиыршық қар түседі. Ол күн көзіне шашырап, жылтылдап құбылады. Анықтап қарағанда басқа қар қиыршықтарындай емес жеңіл де үлпілдек болады. Мұны халық «наурызша» деп атаған. «Наурызша» жаң жылдағы жылылықтың белгісі.
14 - оқушы – Фатима: Наурызесім - Наурыз күні туғандарды халық бақытты, ерекше адамдар деп ұғынған. Сондай себеппен оларға Наурыз есімін берген. Мысалы, қазақ халқында Наурызбай Құтпанбайұлы(1700 – 1781), Наурызбай Қасымұлы (1832 – 1847) атты әйгілі батырлар болған. Алтын ордада Наурыз есімді хан (1859 – 60) болғаны тарихтан белгілі. Наурызгүл, Наурызбек, Наурызәлі деген адам аттары да жиі кездеседі.
15 - оқушы – Жанбол: Саумалық - Наурыз айында жаң жыл еніп, жер бусанып, күн күркіреп, жаңбыр жауып, көк дүркірегенде ауыл адамдары далаға шығып саумалық айтып, қуанышты көңілмен жақсы тілек тілейді. Оны өлеңмен айтады:
Саумалық, саумалық,
Наурызшаның көк құсы,
Ұйқыдан көзін ашты ма?
Саумалық, саумалық,
Самарқанның көк тасы,
Жібіді ме көрдің бе?
Саумалық, саумалық,
Ескі жылы кетіп, жаңа жыл келді,.
Ескі жыл есіркей кет,
Жаңа жыл жарылқай кел,-
деп бір ескі ыдысты сындырып, «жамандық кетсін» деп ырым жасайды.

22 наурыз мерекесіне арналған Жыл басы - Наурыз. жүктеу
3 764
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қош келдің – әз Наурыз!
Қош келдің – әз Наурыз!
Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын,
Наурыз-думан
Наурыз-думан
Қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Әз, Наурыз
Әз, Наурыз
«Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Балаларға наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра
Армысың, әз - Наурыз, Арғымақ жыл!
Армысың, әз - Наурыз, Арғымақ жыл!
Атырау обллысы, Құрманғазы ауданы, Ю.А.Гагарин атындағы орта мектебі Роза Жақсылықова Бахтығалиқызы
Армысың, Әз Наурыз!
Армысың, Әз Наурыз!
Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының ұлы мерекесі - Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт - дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×