Білімділер поралы

Тіл мерекесіне арналған сынып сағаты

Тіл мерекесіне арналған сынып сағаты
Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт - дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Оқушылардың ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу.
Түрі: Дәстүрлі
Әдісі: Екі топ арасындағы сайыс
Көрнекілігі: буклет, нақыл сөздер, кроссворд

Мұғалім сөзі: Қазіргі ең таза, ең бай, ең табиғи және бұзылмай, бұрынғы қалпында сақталып қалған тіл болса, ол да – қазақ тілі және қазақ әдебиеті, шын ғылым үшін біз мұны ашық айтуымыз керек.
Армысыздар! Құрметті мұғалімдер және оқушылар! Баршамызға Тіл мерекесі құтты болсын! Тіл – әрбір ұлттың заңы сезімнің, ойдың жанды бейнесі. Қазақ халқы – сөзге шешен, ойы ұшқыр, мақалдап сөйлейтін халық. Кез - келген дауды атақты билеріміз бір ауыз сөзбен шеше білген. Осыншама жылдар бойы жеңілмей келе жатқан тіл.

1 - жүргізуші: Республикамызда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту – бүгінгі таңдағы өзекті мәселе. Тәуелсіз Қазақстанда тіл мәселесіне айтарлықтай көңіл бөлініп келеді. Мемлекет болған жерде оның мемлекеттік тілі болуы да керек. 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңы қабылданғаннан бері қарай Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып – Қазақ тілі белгіленеді. Осы Заң Қазақстан Республикасында тілдердің қолданылуының құқықтық негіздерін, мемлекеттің оларды оқып - үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерін белгілейді, Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тілге бірдей құрметпен қарауды қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдары:

2 - Оқушы: Жүзімнің нәзік, нәрлі сабағындай,
Тіліңді мәпелей біл, ала қылмай.
Аямай арам шөбін отап отыр,
Таза сақтап көзіңнің жанарындай.

3 - оқушы: Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Қазақ тілін білмеу қандай заңдылық,
Өсер балаң байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.
қазақ тілінен асыл, қазақ тілінен бай тіл жоқ. Егер қазақ тілін білсе, дін де осында, ғылым - білім де осында. Дүниедегі ең асыл тіл – араб тілі, одан кейін түрік тілі, түрік тілінің ішіндегі гауһары – қазақ тілі.

Мақал - мәтелдер сайысы:
1 топ
1. Тіл тас жарады, тас жармаса... (бас жарады).
2. Дәлелсіз сөз... (желмен тең).
3. Ине көзінен сынады,... (шешен сөзінен сынады).
4. Піл көтермегенді,... (тіл көтереді).
5. Сөз тапқанға... (қолқа жоқ).
6. Жеті жұрттың тілін біл, (Жеті түрлі ілім біл).
7. Шебердің қолы ортақ,... (шешеннің қолы ортақ).
8. Қаһарлы сөз... (қамал бұзар).
9. Бас кеспек болса да,... (тіл кеспек жоқ).
10. Айтылған сөз, атылған... (оқпен тең).

2 - топ –
1. Бал тамған тілден... (у тамған).
2. Тауды, тасты жел бұзар,... (адамзатты сөз бұзар).
3. Жақсы сөз... (жарым ырыс).
4. Жақсы байқап сөйлер,... (жаман шайқап сөйлер).
5. Тіл қылыштан... (өткір).
6. Ана сүті бой өсіреді, ана тілі... (ой өсіреді).
7. Жыланның уы тісінде, адамның уы... (тілінде).
8. Көре - көре көсем боларсың, сөйлей - сөйлей... (шешен боларсың).
9. Тілден артық... (қазына жоқ).
10. Сүңгі жарасы бітер,... (тіл жарасы бітпес).

4. Викториналық сұрақтар:
1 - топқа:
1. ҚР қашан тәуелсіздік алады? (1991 ж. 16 желтоқсан).
2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров).
3. Шоқанның әжесі? (Айғаным).
4. «Көксерек» әңгімесінің басты кейіпкері? (Құрмаш).
5. Қазақстан Лондон 2012 жазғы олимпиада ойындарында әлем бойынша нешінші орынды иеленді?
6. «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім? (Ы. Алтынсарин).
7. Күй атасы кім? (Құрманғазы).
8. «Орфография» қай елдің сөзі? (грек).
9. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (түркі тілдес).
2 - топқа:
1. Қазақ тілі алғаш мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды? (1989).
2. Абайдың туған жылы? (1845).
3. Қазақ даласының жарық жұлдызы? (Шоқан).
4. Ақылды сөзінің түбірі? (ақыл).
5. Қазақ алфавитін жасаған ғалым кім? (А. Байтұрсынов).
6. Беташар қашан айтылады? (келін түскенде).
7. Тұңғыш кемеңгер? (Ыбырай).
8. Алғашқы романист жазушы кім? (М. Дулатов «Бақытсыз Жамал»).
9. Қазақ халқының салт - дәстүрлерін ата? (шілдехана, бесік той, тұсау кесу, құда түсу, келін түсіру, қыз ұзату т. б.).

Мұғалім:
Қалың елің қазағыңа қорған бол!
Жеткіншегім жайқала өсіп орман бол,
Шет тілі мен компьютерді меңгеріп,
Елге тірек, нағыз ұлттық тұлға бол!
Жомарттық пен мәрттік. Бұлардың негізінде үш нәрсе бар: бірі – өз айтқан сөзіңді өзің орындау; екіншісі — әділдік пен туралыққа нұқсан келтірмеу; үшіншісі — қайырымдылықты есіңе ұстап ұмытпау. Егер мәрттік пен жомарттық жолында жүрмек болсаң, әр уақытта үш нәрседен сақтанғайсың: көзді — жаман назардан, қолды — жаман істен, тілді — жаман сөзден.
Осымен бізді тіл мерекесіне арналған тәрбие сағатымыз аяқталды.

Тіл мерекесіне арналған сынып сағаты. жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • ramuk_b
    Жазған: ramuk_b
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Эвфемизм мен дисфемизм
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Адам және табиғат
  • Қамқа
    Жазған: Қамқа
    Мына жаңалықта: Менің Елбасым
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қыс қызығы
  • jami
    Жазған: jami
    Мына жаңалықта: Су. Судың қасиеті
  • Кирбасова Асыл
    Мына жаңалықта: Ұл бала мен қыз бала
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қауын мен қарбыз
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 129
Қолданушылар: 1
Қонақтар: 128
Роботтар: 3
Gulmira19
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика