Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Анаға құрмет - балаға міндет

15 сәуір 2018, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Анаға құрмет - балаға міндет
Мақсаты «АНА» сөзінің құдіреттілігін, ұлылығын ұғындыру
Ананы сыйлауға, құрметтеуге үйрету. Ана туралы өлеңдердің, мақал - мәтелдердің мағынасын түсіндіру.
«Анаға құрмет - балаға міндет» екенін түсіндіре отырып, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Тәрбие сағатының аты, Ана туралы мақал - мәтелдер, нақыл сөздер, портрет, гүлдер, шарлар

Жүрісі: І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Негізгі бөлім
Жүргізуші: Қош келдіңіздер, ақ жаулықты аналар, ұлағатты ұстаздар!
Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз көгілдір көктемнің алғашқы мерекесі 8 - наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған «Аналар күнімен» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

Тәрбие сағатымыз үш бөлімнен тұрады:
1 - бөлім Баяндама «Аналар күні»
2 - бөлім Әдеби - музыкалық монтаж.
3 - бөлім Эстафеталық сайыс.
4 - бөлім Сұрақтарға жауап беру.

Баяндама «АНА» осы бір аяулы сөз әрқайсымызға етене жақын, әрі өте қымбат.
Осынау қарапайым ғана ұғымға байланысты ықылым замандардан бері қаншама сәнді жырлар туындап, әуезді әндер айтылмады десеңізші.

Небір сиқыр сөзден зер төккен, ғажайып баламалардан өрнек салған жезтаңдай шешендердің өзі түптің түбінде осы бір - ақ ауыз сөзге тоқтаған. Олардың бәрі ең асыл, ең жауһар теңеулердің өзі де «Ана» деген сөзді ауыстыра алмайтынын түсінген.

«Ана» есімінің осындай құдіреттілігін түсіне отырып, олар: Ананың ақ сүтін ақтау оңай емес деген тоқтамға келген. Ана парызы алтынға бөлеуді, ақ орда салуды қаламайды, ана баласының ер жетіп адал болуын қалайды. Анаға одан артық тарту таралғының керегі жоқ. Қазақ өзі ел болып, халық болып қалыптасқан көне заманнан бері - ақ әйелді, ананы, қыз баланы қатты қадірлеп құрмет тұтуды берік дәстүрге айналдырған халықтардың бірі. Сол ерте дәуірдің шындығын айғақтайтын «Алып анадан туады», «Ананың алды - ақ жайлау»,«Ана алдында құрмет - Ата алдында қызмет»,«Мейірімі мол ананың – жүрегі жылы, қолы кең», «Ананың сүйген жері отқа күймейді, оқ та тимейді»,«Анаңа ауыр сөз айтпа, атыңа ауыр жүк артпа» т. б дана мақалдар бұған дәлел.

Анаға табынбайтын пенде жоқ. тіпті ел жауы да ана алдында бас иген.«Әйел - жерден шыққан жоқ ол да еркектің баласы, ерлер - көктен түскен жоқ әйел оның анасы», дегендей осы жерде отырған баршаңыз анадан туғандықтан барлықтарыңызды бүгінгі көктемнің алғашқы мерекесі халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын. Дендеріңіз сау, өмірлеріңіз ұзақ, еңбектеріңіз жемісті, көңілдеріңіз қазақ даласындай кең, заманымыз тыныш болсын. Баяндамамды осы жерде отырған сыныптас қыздарға, аналарға, ұстаздарға арналған мына бір өлең шумағымен аяқтайын.

Ананың әрбір сөзі, ой, талабы
Жүректің тереңінде сақталады.
Өсеміз елін сүйген ұландар боп,
Ардақты ана еңбегі ақталады.

2 - бөлім: Әдеби - музыкалық монтаж
1 - оқушы Айналайын анашым,
Сұлусың жаны асыл.
Мұңыңды менен жасырып
Күндей күліп жанасың.
Бір жақсы іс істесем,
Мақтанасың бірге сен.
Анашым, менің анашым,
Жақсы көрем күнде мен.

2 - оқушы: Шабытым шалқып келгенде
Шарықтап самғап қалайын
Жырымнан тізіп ақ маржан
Мойныңа алқа тағайын
Өлеңнен соғып ән мүсін
Тойыңа шашу шашайын
Асылым, анам, сен үшін
Сырымды бүгін ашайын
Ән: Ана туралы жыр

Анаға құрмет - балаға міндет. жүктеу
5 732
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
8 - Наурыз халықаралық аналар мерекесіне арналған ертеңгілік сценарийі
8 - Наурыз халықаралық аналар мерекесіне арналған ертеңгілік сценарийі
8 - наурыз халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек.
Гүл мереке, күн мереке – 8 - наурыз!
Гүл мереке, күн мереке – 8 - наурыз!
8 - наурыз аналар мен қыздар мерекесін атап өту. Отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың өмірі, өмір гүлі аналарды, нәзік жанды қыздарды сыйлауға үйрету; Қыздарды әсемдікке, іскерлікке баулу
Ана мерейі тәрбие сағаты
Ана мерейі тәрбие сағаты
8 - наурыз халықаралық әйелдер күніне байланысты
Анаға құрмет!
Анаға құрмет!
Тақырыбы: «Анаға құрмет!» (8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған сайыстық бағдарлама)
Аяулы ана
Аяулы ана
8 - наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту. Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету.
Ару ана - асыл ана
Ару ана - асыл ана
№3 орта жалпы білім беретін қазақ мектебінің мұғалімі Г.И.Есенова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×