Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Армысың, әз - Наурыз!

16 сәуір 2018, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Армысың, әз - Наурыз!
Тәрбиеші:
- Армысыздар, құрметті ата - аналар, балабақша қызметкерлері! Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мейрамы құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл келеді. Ендеше, той құтты болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!
Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп,
Жап - жасыл боп кетті дүние жаңғырып.
Сен өмірдің көктемісің мәңгілік! – дей келе Наурыз мерекеміздің құрметіне арналған ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
"Наурыз келсе, құт келгені, халайық!"
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық (шашу шашылады Ұлбала тәте)

Наурыз келді ал тойлаңдар, жараңдар,
Келген мына мерекеге қараңдар.
Шашу шашып ақ жаулықты әжелер,
Тойда бүгін ойнап - күліп тараңдар,- дей отыра
Ән: «Атамекен»
Орындаушы: Эльмира, Мирас және топ балалары
Тәрбиеші:
Жүріңдер Наурызға басып аяқ,
Қалыс қадам болмасын мекен - саяқ.
Ән шырқап би билейтін қауым болып,
Тұрмайық уақыт келді өнерді аяп.
Келесі кезекті Наурыз мерекесіне арналған тақпақтарға берейік.
1 - бала: Ерсін
Ой халайық халайық
Әсем әнге салайық
Наурыз тойын көңілді
Бірге қарсы алайық
2 – бала: Ажар
Жыл басы – Наурыз мереке,
Ақ нұрға әлем боялды
Наурыз тойы береке
Тіршілік жаңа оянды!
3 - бала: Аружан
Күтіп келген жыл басы
Бізбен бірге жырлашы
Дастаханға елімнің
Береке ырыс силашы
4 – бала: Таңжарық
Наурыз тойым, Наурыз тойым.
Құтты болсың халайық!
Қане, достар, қане, достар,
Шырқап әнге салайық.
5 – бала: Ерасыл
Наурыз келдi елiме,
Наурыз келдi жерiме.
Байлык, бакыт тiлеймiн,
Букiл казак елiне.
6 - бала: Аяна
Дос болайық бәріміз
Жарасып тұр сәніміз
Тыныштықты сақтайық
Ашық болсын күнініз
Тәрбиеші:
Жарайсыңдар, балалар! Ендігі кезекте қазақтың «Жорға» биін қарсы алыңыздар!
Бишілер: Ерсін, Ақылжан, Мирас, Муслим, Таңжарық, Ерасыл
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, өте әдемі биледіңдер! Ендігі кезекте балалардың тақпақтарына берейік.
6 – бала: Зейне
Көктем келді, балақай,
Жасарды жер, алақай.
Наурыз тойын тойлайық,
Әсем әнге сал, апай.

7 - бала: Аяжан
Сәнді көктем нұрымен
Наурыз тойы жырымен
Көңіл гүлдей жайнасын
Наурыз тойы тойлансын
8 – бала: Айару
Наурыз әлем, наурыз құс,
Сұлу дала, сағым түз.
Самғай ұшқан қарылғаш,
Аққу қаздар мамық төс.
9 - бала: Диана
Наурыз тойы — салтанат,
Наурыз тойы — мархабат.
Әр жүректен ән тарап,
Шаттанады шартарап.
10 - бала: Қайсар
Көктем келді, балақай,
Жасарды жер, алақай.
11 - бала: Муслим
Ұлыс күні құтты болсын,
Ақ кетпесін таңдайдан.
Ел іргесі мықты болсын,
Бақ кетпесін маңдайдан!

12 - бала: Бексұлтан
Наурыз келді алақай,
Кел билейік балақай,
Бізде қарап тұрмайық,
Тойға шашу шашайық!

Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Көңілімізді бір көтеріп тастадыңдар! Ал енді балалар сендерді қазақтың ұлттық ойындарын ойнауға шақырамыз.
Ұлттық ойын (асық ату, арқан тарту)
Ойын: «Асық ату», «Арқан тарту».
Тәрбиеші: «Аққу» биі
Бишілер: Аяна, Ажар, Элмира, Аяжан, Аружан, Малика
Тәрбиеші: Жарайсыңдар қыздар тамаша биледіңдер.
Наурыз тойым, Наурыз тойым.
Құтты болсың халайық!
Қане, достар, қане, достар,
Шырқап әнге салайық. дей отыра Айдана апайдың орындауындағы «Атамекен» әніне кезек берейік
Тәрбиеші:. Ендігі кезекті Қазақтың салт дәстүрінің бірі Тұсау кесерге кезек берейік.(Гульвира апай)
Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Ендігі кезекте әжелер көрінісін тамашалаңыздар
(Элмира, Аяна, Аружан, Аяжан, Ажар, Ақылжан)

Ата - аналармен ойын
Әжелерімізге көптен көп рахмет! Ойынның шарты ата – аналар ортаға шығарып мақал мәтел жарысы
1. Мақал - мәтелдерді жалғастыру:
1. Би болмасаң да -..........
2. Алтау ала болса -...........
Төртеу түгел болса -.........
3. Дүниесіз қыз болса да -.......
4. Айдағаны бес ешкі -..........
Жауаптары:
1. Би болмасаң да - би түсетін үй бол.
2. Алтау ала болса - ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса - төбедегі келеді.
3. Дүниесіз қыз болса да - кәдесіз қыз болмайды.
4. Айдағаны бес ешкі - ысқырығы жер жарады.
Ата - аналарды марапаттау
Тәрбиеші: Ортада кіші топ қыздарының «Ортада қуыршақ» биін тамашалаңыздар!
Қазақ халқында батаның түрлері өте көп. Соның ішінде Наурыз мерекесіне арналған батаға кезек берейік.
Мирас:
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын!
Төрт түлік ақты болсын,
Ұлыстың ұлы күнінде
Ұлыс оңға қонсын.
Менің берген бұл батам,
Алланың құлағына салынсын!
Тәрбиеші:
Бақ дарысын бәріңе!
Ой қосылып ойыңа,
Бой қосылсын бойыңа!
Аман – есен жетейік.
Келер Наурыз тойына!

Алтын күні шуақ шашып аспаннан,
Жаңа жылым жыр думаннан басталған.
Ақ дастархан жайып қазақ төріне,
Ақ ниетпен үлкендерден бата алған - деп ақ бата алайық.
Құрметті қонақтар, ата - аналар бүгінгі "Қош келдің, Әз Наурыз" атты мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды. Келесі кезекте меңгерушіге сөз берейік.

Наурыз мерекеміз құтты болсын, ақ мол болсын, ырысты жыл болсын!
2 296
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Нұр себеле – Әз Наурыз!
Нұр себеле – Әз Наурыз!
Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы түсінік беру. Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт – дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу.
Наурыз келді алақай, Жер көгереді балақай!
Наурыз келді алақай, Жер көгереді балақай!
Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа жыл келді. Ұлы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Ұлы мереке сіздерге бақыт, қуаныш, сыйласын!
Наурыз - думан
Наурыз - думан
Тәрбие сағатының тақырыбы: Наурыз - думан Менің атым – Наурыз Наурыз көже, сары уыз Алып келдім татыңыз Есік ашып, шашу шашып, Ел болып қарсы алайық.
Қош келдің Наурыз!
Қош келдің Наурыз!
Жамбыл облысы, Қордай ауданы. Бастауыш сынып ұстазы Серкебаева Макпал
Армысың, Әз Наурыз!
Армысың, Әз Наурыз!
Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының ұлы мерекесі - Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт - дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Қош келдің, Наурыз,көктемім!
Қош келдің, Наурыз,көктемім!
Наурыз тойының ерекшелігін, табиғат пен адамның байланысын баланың жас ерекшелігіне байланысты өзін қатыстыра отырып түсіндіру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×