Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жеті қасиетті сан

16 мам 2018, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Сыныптан тыс танымдық кештің тақырыбы: «Жеті қасиетті сан».
7 қасиетті сан
Мақсаты: Балаларға Әлемнің жеті кереметімен, жаңа әлемнің, жеті санының тылсым табиғатымен, Қазақстанның тарихи мұраларымен таныстырып, мәдениетке деген қызығушылығын арттырып, тәрбиелеу.

1 - жүргізуші. Армысыздар құрметті оқытушылар мен студенттер!
2 - жүргізуші. Әлеуметтік гуманитарлық және қазақ тілі, орыс тілі пәндер бірлестігінің «Рухани сезім әлемі» атты апталығы аясында өтетін «Жеті қасиетті сан» атты сыныптан тыс танымдық кешке қош келдіңіздер.

1 - жүргізуші. Адамзат тарихында әлем кереметтерінің саны жетеу ғана. Неге жетеу? Бұл сұрақтарға жауап беру үшін өткенді еске алған артық емес. «Жеті» деген санды қадірлеу көне заманнан басталады, қасиетті сан болып есептеледі. Ай күнтізбесін негізге алған есеп бойынша - бір аптада жеті күн бар, демек, Ай фазалары жеті күнде бір өзгеріп отырады. Аспан әлемінде жеті шырақ: Күн, Ай, Меркурий, Сатурн, Марс, Юпитер, Шолпан - жеті құдайы атымен байланысты болып, олардың құрметіне Вавилонда жеті сатылы күмбез орнатылды. Ежелгі гректер де жеті деген санға табынды, себебі жеті Аполлон құдайдың саны.

2 - жүргізуші. Бүгін маған керек емес ертегі,
Ертегіні өз басымда шертеді.
Тарих керек іргетасы халықтың,
Іргетассыз қаланбайды ертеңі.
Біз бүгін ескі әлемнің жеті кереметі, біздің заманның жеті кереметі, табиғаттың жеті кереметі, Қазақстанның жеті кереметі және жеті санына байланысты қалыптасқан ұлттық дүниетанымға саяхат жасаймыз.

2 - жүргізуші. Әлемнің кереметтері туралы алғашқы ойлар тарих атасы Геродоттың еңбектерінде кездеседі, бірақ ол тізімде 3 керемет деп Самос аралындағы қаланы сумен қамтамасыз ететін құбыр жүргізілген жер асты туннелді, айлақта су жиналатын бөгетті және Гера құдайының храмын көрсеткен. Кейіндеу б. з. д. ІІІ ғасырда кереметтердің жаңа тізімі пайда болды. Ол жайында Сиданнан шыққан Антипатрдың өлеңінде кездеседі.

1 - жүргізуші. Кереметтер туралы әңгімемізді бастайық. Біздің жыл санауымызға дейінгі әлемнің жеті кереметімен сіздермен ой бөлісетін 2 - курс студенттері Ақнұр мен Алуа.

Біздің заманымызға дейін 3 ғасырда Ескендір Зұлқарнайын Кіші Азия, Орта Азия, Мысыр, Оңтүстік Үндістан аумақтарын жаулап алып, ұлы империя құрғаннан кейін, саяхатшыларды қызықтыру үшін осы өңірлердегі 7 орыннан таңдаған сәулет өнері ескерткіштері. Міне, бүгін біз сіздерге әлемнің осы жеті кереметі туралы қысқаша айтып кетсек. Осыларды бір жіпке тізсек, онда:
— Все на свете боится времени, а время боится пирамид деген нақыл сөздің тірегі Мысыр пирамидалары ең көне керемет және уақыт тезіне шыдасып, біздің күнге жеткен жалғыз керемет. Пирамидалар ежелгі Мысыр перғауындарының өзіндік үлгідегі мазарлары, біздің заманымыздан бұрын 28 ғасырда, яғни осыдан 5000 жыл бұрын салынған.

Ең үлкен пирамида деп саналатын Хеопс пирамидасын әкесі Снофру қайтыс болған соң таққа отырған жас перғауын Хеопс салғызған, биіктігі 147 метр, 50 - қабатты үйдей және әрқайсысы 2, 5 тоннадан тұратын 2, 5 млн. Тас блоктардан салынған, әр қырының ұзындығы 235 метр. Құлдар азабының куәсі, бұл тарихты ұмытуға болмайды, сәулетшісі Имхотеп. Бұл перғаунға таудай мазар жеткіліксіз болып көрінген бе, ол пирамиданы үлкен жартастан қашап жасалған тас мүсінге күзеттіріп қойыңдар деп жарлық еткен. Оның басы адам бейнесінде де, денесі арыстан тұлғалы. Ол “Сфинкс” деп аталады. Адамдай данышпан, арыстандай айбатты Сфинкс бейнесі жоққа сенгіш ырымшыл жандардың зәресін алған, сондықтан жұрт оны үрей атасы деп кеткен. Көне тарихтың мызғымас куәсі болған пирамидалар уақыт сынынан өтіп, әлі де талай ұрпақтардың тамашалап қарайтын мәдени – сәулет ескерткіші ретінде қала береді.

Жеті қасиетті сан. жүктеу
3 524
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жеті қазынаның бірі
Жеті қазынаның бірі
Жеті санының киелі сан және жеті қазынаға не жататынын түсіндіру арқылы халқымыздың өсиет - танымының көптігін айтып, олардың тәрбиелік мәнін ұғындыру.
Салалас құрмалас сөйлемді қайталау
Салалас құрмалас сөйлемді қайталау
Шығармашылық жұмыстар арқылы салалас құрмалас сөйлем туралы білімдерін тиянақтау. Ауызекі сөйлеу, ақыл - ой, шығармашылық қабілеттерін арттыру.
7 саны мен цифры
7 саны мен цифры
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №11 жалпы білім беру орта мектебінің Бастауыш сынып мұғалімі Г. Т. Конысбаева
7 - ні қосу және азайту
7 - ні қосу және азайту
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Бейнеу ауданы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі" ММ-нің бастауыш сынып мұғалімі Дуйсалиева Айконил
Жеті қазынаның бірі
Жеті қазынаның бірі
Бекова Ақбота Токеновна Қарағанды қаласының №65 мектебінің дайындық тобының мұғалімі
Киелі сандар
Киелі сандар
Ақтөбе қаласындағы №3 орта мектебінің (орыс тілде оқытылатын) қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Құлжанова Шарапат Мұхамбет - Рашидқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×