Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қош бол, алтын ұям - мектебім

18 мам 2018, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
----- Фанфары
----- Жүргізушілер шығады:
Мейіржан: Қайырлы күн құрметті қонақтар, ұстаздар, ата – аналар, оқушылар!
Бибол:- «Қош бол, алтын ұям - мектебім» атты №18 Мибұлақ жалпы орта білім беретін мектебінің соңғы қоңырау салтанатты жиынына қош келіпсіздер!
Мейіржан: Бүгін білімге тояттаған қырандардың соңғы қоңырауы.

Бибол: Жас жүректің өмірлік құштары – гүл,
Бағбан құстар баулыған құстары – бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан,
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр - дей отырып, алтын ұя мектебінің табалдырығынан үлкен өмірге ұшқалы отырған мектеп түлектерінің салтанатты жиынын бастайық!

Мейіржан: Жетекшi деген - ерекше тұлға, дара шың,
Ұмытылмастай көңiлде мәңгi қалатын.
Сарғайып кеткен альбомын алып қолына,
Шәкiрттерiн оңаша еске алатын - деп ортаға түлектерді алтын ұясынан ұшырып отырған 11 сынып жетекшісі Сиязбаева Ғайни және 11 сынып оқушыларын шақырамыз:
1. Мектепішілік, аудандық пәндік олимпиада жүлдегері, аудандық ғылыми жоба жарысының жеңімпазы, алтын белгі үміткері - Мұхамедия Жанель
2. Мектепішілік қоғамдық жұмыстардың белсенді мүшесі - Исмайлова Бейназир
3. Мектеп КВН тобының белсенді мүшесі - Бойчук Роман

Бибол: Мектеп оқушылары! Түзеліп тік тұрыңдар. Егемен Қазақстанның туына қарап сап түзеңдер.

Мейіржан: Тарихы терең қазақ деген көне елде,
Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнерде.
Жаһандағы ең жауынгер халықта,
Кім сенеді ту болмады дегенге.
Батырлыққа уызынан жарыған,
Ер түркіні байрағынан таныған.
Өзі ақын, өзі әнші халыққа,
Жарасады жігер берер әнұран.
Қазақстан Республикасының әнұраны орындалсын. (Әнұран орындалады.)

Бибол: ҚР көк байрағы әрқашанда қуанышта, сән салтанатымен желбіресін дей келе, Қарағанды облысы Ұлытау ауданы №18 Мибұлақ жалпы орта білім беретін мектебінің соңғы қоңырау салтанатын ашық деп жариялаймыз.
- Бүгінгі салтанатты жиынға келіп отырған қонақтармен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
Мейіржан: Аудандық ветеринариялық - санитариялық испекциясының директоры
Бибол: Ауыл әкімі
Мейіржан: жергілікті учаскелік полиция майоры
Мейіржан: Тыл ардагері
Бибол: Тыл ардагері
Мейіржан: Отбасылық амбулатория меңгерушісі

Бибол: Зейнеткер ұстаз
Мейіржан:- Міне, көптен күткен салтанатты сәт те келіп жетті. Кеше ғана мектеп табалдырығынан имене аттаған ұл - қыздарыңыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасар сәтті күтіп соңғы қоңырау мерекесіне келді.

Бибол: Балдәурен балалық шақпен қоштасып, болашаққа қанат қағатын бұл жыл - сіздер үшін ең бір қымбат, ең бір қимас жыл ретінде естеріңізде мәңгілік қалары сөзсіз. Бұл жыл сонымен бірге тәуелсіз Қазақстанның тарихынан ойып алар өзіндік орны бар жыл. Атап айтар болсақ, Бұл жыл –
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл
- Қазақстан Қарулы Күштеріне 25 жыл.

Мейіржан: Алдымызда “ЭКСПО - 2017” атты халықаралық көрме Астанада өткізілмекші. Ол Орталық Азияда және “Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына” кіретін мүше елдерде өтетін алғашқы көрме болмақ. Мұндай үлкен шараны біздің елде өткізу мемлекетіміздің жоғарғы деңгейін көрсетеді. Көрменің тақырыбы “болашақ энергиясы” деп аталады, яғни жасыл технологияларға арналған. Халықаралық көрмелер бюросына мүше елдерді таң қалдырған сұрақ, қазіргі таңда көкейкесті мәселе. Бүкіләлемдік көрме 3 айға дейін жалғасады. Оған әлемнің 100 - ге жуық елі және 10 - нан астам халықаралық ұйымы қатысады. Көрмеге 2 миллионнан астам адам қатысады деген болжам бар.
Ендеше бұл жыл бүкіл қазақ үшін ұмтылмас тарихи жыл ретінде ел жадында мәңгі сақталмақ.

Бибол: «Қазағым - ау» әнімен Зияда Ерланды сахна төріне шақырамыз.
Бибол:- Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе - білім деп, атақты жазушы М. Әуезов айтқандай, жан - жақты дамыған ұрпақтың болашағы білім жүйесіне байланысты.
Мейіржан:- Ондай білім беретін білім ордасы - мектеп. Бүгінгі мектеп бітіруші түлектеріміздің алдында тұрған басты мақсат - әлемнің басқа халықтарымен бірдей тең дәрежелі білім алу.
Бибол:- Құтты болсын алғашқы өмір баспалдағы,
Қорқытпасын мұз, көлі, асқар тауы.
Кірпіш болып қаланып, жеміс берген.
Сіздер үшін айтылады көп арнауы.

Қош бол, алтын ұям - мектебім. жүктеу
1 927
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сыңғырла, соңғы қоңырау!
Сыңғырла, соңғы қоңырау!
Бітіруші түлектерді құрметпен ортаға шақырамыз. Қошеметтеп қарсы алыңыздар! (11 - сынып оқушылары мектеп алдына 1 - сынып оқушыларымен бірге қол ұстасып шығады).
Киелі орда мектебім, жүректе сақтап өтемін!
Киелі орда мектебім, жүректе сақтап өтемін!
Міне тағы бір оқу жылы аяқталып, біздің мектебіміздің ---- түлегі бүгінгі салтанатты жиында балалықпен, мектеппен қоштасқалы тұр.
Сәт сапар, саған Жас түлек!
Сәт сапар, саған Жас түлек!
Мектеп - білім айдынындағы үлкен кеме. Тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы - мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі - МҰҒАЛІМ. Мектепте өткен уақыт адам өміріндегі шаттыққа толы кездер. Дәл осы кездер ең жарқын естеліктер
Соңғы қоңырау
Соңғы қоңырау
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, «№15 орта мектебі» ММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, мектеп басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кожанова Зинаида Курбанбаевна
Сәт сапар саған, Жас түлек!
Сәт сапар саған, Жас түлек!
Армысыздар ардақты ата - аналар, қонақтар, ұстаздар, оқушылар 11 жыл бойы тәрбие мен білім нәрін бойына құйып, ұстаздарына анасындай еркелеп, балалық шағын алаңсыз өткізген жас түлектердің мектебімен, әліппеден бастап өмір заңдарына дейін үйреткен
Құлақтан үні кетпестей, Сыңғырла, соңғы қоңырау
Құлақтан үні кетпестей, Сыңғырла, соңғы қоңырау
СҚО, Шал ақын ауданы, Ғ. Малдыбаев атындағы Жаңажол орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Каирова Айдана Арманқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×