Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Арқа төсіндегі ару қала – Астана!

06 маусым 2018, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Арқа төсіндегі ару қала – Астана!

1 - жүргізуші
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар. Еліміз егемендік алғалы бері Астана қаласы Қазақстанның жаһандық брендіне айналып, дүниежүзіндегі әсем де жас қала ретінде танылуда. Астана – Тәуелсіздік перзенті, Астана – жаңа әлемдегі Қазақстанның жарқын бейнесі.

2 – жүргізуші
Тәуелсіздік алған жылдар ішінде Елбасымыз Қазақстанды бүкіл әлемге танытты. Басқа мемлекет сияқты біздің де Астанамыздың бар екенін, керемет екенін таныта білді. Әнұранымыз бүкіл әлемде шырқалды.

Әдеби монтаж «Астана тарихы»
1 - жүргізуші
«Қазақстанның тарихында Астана ерекше орын алады. Тарихи деректер мен құжаттар қазіргі Астананың аумағын адамдар өте ерте кезден - ақ мекендеп келе жатқандығын аңғартады.
***
Ақмола орталық Қазақстанның Солтүстігінде, Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Ғұн тілінде «ақ» - «батыс», «мол» «қамал» деген мағына береді. Демек «Ақмола» сөзі «Батыс қамалы» болып аударылады.
***
ХІ ғасырда осы қаланың орнында ең алғаш Бозок қамалы сауда байланысы дамып, орта ғасырларда қала мәртебесіне ие болды.
***
1830 жылы Қараөткелдің бойында Ақмола бекінісінің негізі қаланып, 1832 жылы бекініс пайдалануға берілді. Есіл өзенінің таяз жерін Қараөткел деп атаған. 1830 жылы Астана Есіл өзенінің жағасында қазақ – орыс әскерлері негізін қалаған бекіністен бастау алады.
***
1954 жылы басталған тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты Қазақстанның солтүстігінде 6 облысы тың өлкесіне жатқызылды да, 1961 жылы Ақмола қаласы Целиноград қаласы болып өзгертілді. Тәуелсіздік алғаннан кейін 1992 жылы Ақмола атауы қайта қалпына келтірілді.
***
1994 жылы 6 шілдеде жоғарғы Кеңес Қазақстан Республикасы астанасын Алматы қаласынан Ақмола қаласына көшіру туралы шешім қабылдады.
***
1995 жылы 20 қыркүйекте тәуелсіз Қазақстанның президенті Н. Назарбаев жарлығымен елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылданды.
***
1997 жылы 20 қазанда Нұрсұлтан Назарбаев «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау» туралы жарлыққа қол қойды.
***
1997 жылы 10 желтоқсанда президент Н. Назарбаев ұсынысы бойынша Қазақстанның астанасы ресми түрде Алматыдан Ақмолаға көшірілді.
***
1998 жылы 6 мамырда Ақмола қаласына Астана қаласы деген атау берілді. 1998 жылдың 10 маусымында Қазақстан Республикасының жас астанасының тұсау кесер тойы болды.
***
1999 жылы ЮНЕСКО – ның шешімі бойынша Астана қаласына «Әлем қаласы» деген атақ берілді және «Бейбітшілік қаласы» деп аталды. Астана – ХХІ ғасыр қаласы. Жаңа Астана тағдыры жас ұрпақ тағдырымен, жастардың үмітімен тығыз байланысты. Биыл 6 шілдеде Астананың 18 жылдық мерейтойы тойланып өтті.
***
Қаланың атауы қазақ тілінен алынған. Қазақша ол сөз «Елдің бас қаласы» дегенді білдіреді. «Астана» сөзі қазақ тіліне парсы тілінен ауысқан. Онда ол «киелі орын», «босаға» деген мағыналарға ие.

1 - жүргізуші
Астана қиялға бай, шексіз сәулетті.
Астана – еліміздің бас қаласы. Ол өте әдемі қала. Біз – осы елдің болашақ патриотымыз. Ендеше Астана туралы бүгін жырлап, әңгімелеп, мақтан етейік.
Астана – күн санап көркейіп келе жатқан қала. Осы аз уақыт ішінде Астана ғажайып қалаға айналды.

Видео «Қазіргі Астана»

2 - жүргізуші
Бүгінде жас қала Астана мәдени дамудың жаңа сәулеттенуінің үлгісіне айналды. Астана күн санап жаңарып, жасылданып келеді. Ортасын қақ жарып өтіп жатқан Есіл өзені тіршілігіміздің күре тамыры іспетті, Астана қаласының озық архитектуралық жаңаруы барлық қазақстандықтарды жаңару жолына шақыруда үлгі көрсетуде. Біз Астанамыз арқылы мақтанамыз.

Арқа төсіндегі ару қала – Астана! жүктеу
2 130
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Астана - Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі
Астана - Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі
Астана туралы мағлұмат беру, елордамыз Астананың көрікті орындарымен таныстыру; отансүйгіштікке, Отанын қадірлеуге үйрету; ұлттық патриотизм рухында тәрбиелеу.
Астана – арман қала
Астана – арман қала
Астана - арман қала. Астана қаласы Қазақстанның жахандық брендіне айналып, дүние жүзіндегі әсем де жас қала ретінде танылуда.
Астана – мерейім, мәртебем, беделім.
Астана – мерейім, мәртебем, беделім.
Астана бейбітшілік пен достықтың қаласы екенін, Тәуелсіз Қазақстанның дамуы мен елордамыздың сәулеті, әсемдігі жөнінде шетелдіктердің жылы лебізі арқылы оқушылар бойына мақтаныш сезімін ұялату.
Астана - бас қала
Астана - бас қала
Біздің мемлекетіміздің бас қаласы – Астана. Бүгінде Астананың аты әлемге әйгілі. Бұл өңір – талай тарихи оқиғаларды бастан өткізген қастиетті өлке. Астана қаласы Солтүстік Қазақстан аймағында орналасқан. Бұл жердің ауасы таза, қысы қатал, жазы ыстық
Астана
Астана
Ойыл ауданы, Жақсыбайкөл негізгі мектебінің 1 класс оқушысы Әділханова Дильназ Алмазқызы
Астана - елдің бірлігі, Астана - жердің кіндігі
Астана - елдің бірлігі, Астана - жердің кіндігі
Джандаралова Жанар Ахметқанқызы ШҚО, Күршім ауданы, Ю. А. Гагарин атындағы №1 Күршім орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×