Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Астана – мерейім, мәртебем, беделім.

05 маусым 2018, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Астана – мерейім, мәртебем, беделім.
Мақсаты: Астана бейбітшілік пен достықтың қаласы екенін, Тәуелсіз Қазақстанның дамуы мен елордамыздың сәулеті, әсемдігі жөнінде шетелдіктердің жылы лебізі арқылы оқушылар бойына мақтаныш сезімін ұялату.
Дамытушылық: Оқушыларды логикалық тұрғыдан терең ойлауға, саяси саналарын ұштауға өзін - өзі саяси мәдениетті басқара білуге, көпшілік ортада еркін сөйлеуге, өз ойларын дәлелді еркін жеткізуге үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларды саяси мәдениеттілікке, отансүйгіштікке, парасаттылыққа, елжандылыққа, елге адал қызмет етуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, слайд, қанатты сөздер, буклет, Бәйтерек макеті, плакат т.б
Пәнаралық байланыс: Тарих, саясаттану, орыс тілі, ағылшын тілі.

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі біздің тәрбие сағатының тақырыбы Астана - мерейім, мәртебем, беделім. Астана қаласы Қазақстанның жаһандық брендіне айналып дүниежүзіндегі әсем де жас қала ретінде танылуда. Астана Тәуелсіздік перзенті, Астана жаңа әлемдегі Қазақстанның жарқын бейнесі. Еліміздің жас астанасы туралы бүгінде шет мемлекеттер де жақсы біледі. Олар елордамыздың даму қарқынына, келбетіне тәнті. Тәуелсіз Қазақстанның дамуы мен елордамыз жөнінде шетелдіктердің жылы лебізі жүрегімізге елімізге деген мақтаныш сезімін ұялатады. Сондықтан Тәуелсіз Қазақстанға елордамызға деген шетелдіктер көзқарасы мен пікірлерін білдіретін баспасөз конференциямызды бастау үшін 8 «А» сынып оқушыларына сөз берейін.

Қазақстан ұлттық телеарнасының корреспонденті Мәди: Саламатсыздарма құрметті телекөрермендер және қонақтар. Біз сіздермен тікелей эфирдеміз. Бүгін Қазақстан Республикасының бас қаласы, елордасы Астананың туған күн мерекесі соған орай Бейбітшілік сарайында мерекелік іс - шаралар және баспасөз конференциясы өтіп жатыр. Олай болса осындай бір тамаша іс - шараның куәсі болайық. Сіздерді Қазақстан телеарнасының журналисттері үнемі хабардар етіп отырады. Үнемі бізбен бірге болыңыздар!

1 - Киелі менің Елордам
Арудай сұлу таралған
Береке - бірлік, достықтың
Тұнығынан нәр алған
Сәулеңді шаш еліңе
Нұрыңды төк жеріңе
Киелі менің елордам
Бақ болсын қонған жеріңе
Жайнай бер, жаңа Астана
Ертегідей ғажап бас қалам
Ынтымақтың тербеп бесігін
Тәуелсіз ел көшін бастаған.
Қайырлы күн құрметті қонақтар! Астананың туған күніне арналған «Астана - мерейім, мәртебем, беделім» атты мерекелік бағдарламамызға және баспасөз конференциясына қош келдіңіздер!
2 - жүргізуші: Добрый день! Уважаемые гости и делегаты. Мы рады приветствовать Вас на праздничной программе и пресс - конференции, посвященной ко дню рождению города Астана.
1 - жүргізуші: Ел болдық, ерік алдық Астаналы
Енді кімнен қазағым жасқанады
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі
Нұрсұлтанның атымен басталады.
Астана кеше ғана басқа қала,
Айналды бәйтеректі Астанаға
2 - жүргізуші: Астана, Астана!
Красота новых улиц, дворцов.
Астана, Астана!
Небывалая смелость творцов,
Астана, Астана!
Невостройки здесь всюду видны
Астана, Астана!
Город мира и сердца страны.

1 - жүргізуші: Бүгін біз сөйлетеміз шаһар сырын
Қазақ елі басынан өткен күнін
Қайта оралған тарих боп ортамызға,
Баяндаймыз еліміздің ерлігін.

1 - оқушы: Қалалардың тарихынан сыр тартамын,
Ақмоланың дамуымен сырласамын.
Бүгінгі ұрпақтарға тарту етіп,
Таныстырам жас Астанадай шаһарын.
Астана сенсің заман аманаты
Жасадың сан биікке жаңа саты
Өзіңсің ерке Есіл аялаған,
Әлемнің сегізінші ғаламаты.

2 - оқушы: Астана - қазағымның бас қаласы,
Арқада бой көтерген жас қаласы.
Көшірген Астананы орталыққа,
Елбасы Нұрсұлтанның бастамасы.

3 - оқушы: Арманның асқарындай Астанамыз -
Елорда, алтын орда - бас қаламыз.
Жыл сайын жеткен жеңіс, асқан асу -
Ерен ерлік үлгісі дастан - аңыз.

4 - оқушы: Астана айбынды орда қазағыма
Іліккен талай елдің назарына.
Есілдің етегінде бой көтерген
Тамсанып қарайды ел ажарына.
Тамсанбай кете алмас сенен ешкім,
Бәйтерегім көз тоймас бір белессің.
Лондон, Париж, Вашингтон, Мәскеуден де,
Дубайдан да артықсың, кем емессің.

Астана – мерейім, мәртебем, беделім. жүктеу
2 810
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Астана – бас қала
Астана – бас қала
Қарапайым тілдік құрылымдар мен мәтіндер, суреттер негізінде қала туралы өз ойын толық жеткізе білуге үйрету. Септік жалғауын қайталау.
Астана - Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі
Астана - Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі
Астана туралы мағлұмат беру, елордамыз Астананың көрікті орындарымен таныстыру; отансүйгіштікке, Отанын қадірлеуге үйрету; ұлттық патриотизм рухында тәрбиелеу.
Астана – арман қала
Астана – арман қала
Астана - арман қала. Астана қаласы Қазақстанның жахандық брендіне айналып, дүние жүзіндегі әсем де жас қала ретінде танылуда.
Арқа төсіндегі ару қала – Астана!
Арқа төсіндегі ару қала – Астана!
«Қазақстанның тарихында Астана ерекше орын алады. Тарихи деректер мен құжаттар қазіргі Астананың аумағын адамдар өте ерте кезден - ақ мекендеп келе жатқандығын аңғартады.
Астана қаласы. Нәтиже сабақ 4 сынып
Астана қаласы. Нәтиже сабақ 4 сынып
Астана қаласы тақырыбы бойынша өз ойларын жеткізуге үйрету; білімдерін пысықтау, алған білімдерін тиянақтау.
Менің Қазақстаным
Менің Қазақстаным
№35 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі: Кемалова Зауреш Тыныштыққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×