Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Астана – көрікті қала

05 маусым 2018, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Астана – көрікті қала
Сабақтың мақсаты: Астана қаласындағы «Бәйтерек» монументі туралы ақпарат беру. Отанымыздың бас қаласы Астана туралы түсініктерін жетілдіру.
1. Білімділік: «Бәйтерек» монументі туралы айта алуға үйрету.
2. Дамытушылық: Еліміздің көрікті жерлеріне деген қызығушылықтарын арттыра отырып ойлауын, дүниетанымын, тілін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Туған жеріне сүйіспеншілік сезімімен қарау, туған жерін, елін, елордасын мақтан тұту.
Сабақтың пәнаралық байланысы: география, орыс тілі
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, суреттер, дәптер, Қазақстанның картасы, слайдтар.
Сабақтың әдісі - тәсілдері: сұрақ - жауап іздену, түсіндіру, әңгімелесу, аудару.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді қалыптастыру сабағы.

Сабақтың барысы:
І. 1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Тілдесім. Сөйлесім: сабаққа қызығушылықты ояту.
 Бүгін нешесі?
 Бүгін аптаның қай күні?
 Кеше аптаның қай күні болды?
 ертең аптаның қай күні болады?
 Бүгін ауа райы қандай?
 Жылдың қай мезгілі?
 Қыс айларын атаңдар?
 Қыс мерекелерін естеріңе түсіріңдер

ІІ. Үй жұмысын тексеру. Тілдесім арқылы қорытындылау.
- Сен қайда тұрасың?(Қазақстанда)
- Қазақстан қандай мемлекет?(Тәуелсіз)
- Қазақстанның рәміздерін ата? (мемлекеттік Ту, мемлекеттік Елтаңба, мемлекеттік Гимні)
- Қазақстанның Туы қандай? (Көгілдір және алтын түсті)
- Қазақстанның елордасы қай қала?(Астана қаласы)
- Астана қаласы қайда орналасқан? (Солтүстік Қазақстанда)
Сабақтың мақсатымен таныстыру. Сонымен балалар бүгінгі сабағымыз Тәуелсіздігімізді, егемендігімізді көрсететін еліміздің бас, көрікті қаласы Астана, онда бой көтерген «Бәйтерек монументі» туралы. Астана кім болды? Бәйтерекке көтерілдіңіз бе? (оқушылардың жауабы)

ІІІ. Жаңа сабақ:
1. Сөздікпен жұмыс.
1). Оқушыларды жаңа сөздермен таныстырып, аудару.
2). Сөздерді дұрыс айтуға, сауатты жазуға дағдыландыру.
а) мәнерлеп оқу;
ә) оқушылар дауыстап қайталайды;
б) сөз тіркесі мен сөйлемдер құрау

2. Тапсырмалармен жұмыс.
1 - тапсырма. Суретке, слайдқа қара. Біліп ал (қысқаша мәлімет беру).
Астананың символы – Бәйтерек. Биіктігі – 97 метр. Әлемде бірінші рет диаметрі 22 метрлік және салмағы 300 тоннадан тұратын күннің түсуіне қарай түсін өзгертетін «хамелеон» әйнегінен жасалынған шар биіктігі жағынан рекордқа ие болды. Британдық сәулетші Норман Фостер жобалаған. 2002 жылы Еуразияның кіндігі – Астананың төрінде «Астана - Бәйтерек» монументі салынды.
3 - тапсырма. Оқы, әңгімеле: 91 бет «Бәйтерек» мәтінімен жұмыс (мәтінді оқу, оқушыларға оқыту, ол бойынша, сұрақ дайындайды, оларды жазады).

Cергіту сәті
Ал, балалар, тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Оңға қарай бұрылып,
Солға қарай бұрылып,
Бір отырып, бір тұрып,
Бой сергітіп алайық.
5 - тапсырма. Сөз тіркестерін салыстыр, үш сөйлем құрап жаз.
қала таза – таза қала, т. с. с.
4 - тапсырма. Сөйлем үйрен.

ІҮ. Сабақты бекіту.
1. Астанада 2002 жылы не салынды?
2. Ол монумент қалай аталады?
3. Оның биіктігі қанша метр?

Ү. Үй тапсырмасы: сөздік, 91 бет 3т. (м), 6(ж). «Көше» сөзін тәуелдеу.
ҮІ. Бағалау
4 601
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Астана қаласы. Нәтиже сабақ 4 сынып
Астана қаласы. Нәтиже сабақ 4 сынып
Астана қаласы тақырыбы бойынша өз ойларын жеткізуге үйрету; білімдерін пысықтау, алған білімдерін тиянақтау.
Астана – әсем қала!
Астана – әсем қала!
Астана қаласының көрікті ғимараттарымен таныстыру және оқушылар бойында ұлтжандылық қасиеттерді қалыптастыру.
Менің Қазақстаным
Менің Қазақстаным
Жаңа сөздермен таныстыру, оларды оқушылардың белсенді сөздік қосуға жаттықтыру. Оқушылардың сөйлеу әрекетін (оқу, тыңдау) қазақша ойлауын, есте сақтауын дамыту.
Астана - Қазақстан Республикасының елордасы
Астана - Қазақстан Республикасының елордасы
Атырау қаласы, Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қуанова Бақтылы Уәлиқызы
Көрікті Астана
Көрікті Астана
Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы, №5 «Ақбота» МДҰ МКҚК әдіскері: Есжанова С. Т.
Менің Қазақстаным
Менің Қазақстаным
№35 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі: Кемалова Зауреш Тыныштыққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×