Білімділер поралы

Терроризм және діни экстремизм

Тақырыбы: Терроризм және діни экстремизм

Мақсаты: А) Оқушыларға терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру;
Ә) Жасөспірімге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу;
Б) Жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін ұғындыру.
Өтілу түрі: ойталқы, пікірталас.
Көрнекілігі: слайдтар.

Тәрбие сағатының жүрісі:
Жоспары:
1. Терроризм ұғымына, түрлеріне, қай уақытта пайда болғанына түсінік беру.
2. Террорлық әрекеттердің белең алуы неліктен? (Пікірталас)
3. Террористік ұйымдар мен діни секталардың таралуы.

Мұғалім сөзі:
- Терроризм не екендігі туралы біздің заманымызда айтылған сөз көп. Бұл сөздің анықтамасы адамдар мен қоғамға байланысты әртүрлі болады. Мысалы, көптеген тұлғалардың анықтамасы бойынша «терроризм» сөзі өзінің ұғымында джихадты, муджахидтарды, шариғат елдерінде жаза қолдануды қамтиды. «Терроризм» – араб тілінде «ирхаб» сөзімен аталады, мағынасы – «қорқыту». Тероризм мен діни экстремизм адамзат баласына қауіп пен қатер төндіретін ұйымдар. Олар өз мүдделерін жүзеге асыру үшін небір озбыр әрекеттерге барады. Билік пен байлыққа қол жеткізу үшін ештеңеден тайсалмайды. Билікті орнынан кетіріп, дінді сылтау етіп, адамдар өміріне қауіп ұялатады. Қоғам арасында алауыздықты тудырып, тыныштықты бұзады. Ендеше біз бүгінгі тақырыбымызда «терроризм» ұғымы туралы кеңінен түсінік алатын боламыз.

- Экстремизм деген латын сөзі «шеттеу», яғни орталықтан ауытқу, тәртіпке бағынбау, өз пікірімен ғана іс - әрекет жасаушы деген ұғымды білдіреді. Экстремизмнің пайда болуы надандыққа, көрсоқырлыққа бейімделген көзқарастардан туындайды, яғни олардың ойы «тек қана менің пікірім дұрыс, өзгенікі бұрыс дегенге саяды». Бұл оның ең алғашқы кезеңдері болып саналады. Сондай ақ тағы бір көрінісі - өзгелерді көре алмау, түсінбеу немесе түсінгісі келмеу. Олар өздерін өте таза, кіршіксіз санап, басқаны адасушыларға жатқызады. Тура жол көрсеткендерді мойындамайды. Міне осы себептерден, түрлі төңкерістер мен қантөгістерден орын алуы ықтимал.

Экстремизм мүшелері көздеген мақсаттарына жету үшін ешнәрседен қаймықпайды. Тіпті өздерін құрбан етуге әзір. Осылайша күш, қару қолдану және заңдар сенім - нанымдарды аяққа таптап, дін атын бүркемелеп, діттегендеріне жетуге тырысады. Өзі үшін бөгде пікірде саналатындарды түрлі амал - айлалармен арандатуды ойластырады. Экстремизм діндегі жеңілдеткен үкімдерді ауырлатып көрсетіп, халыққа түймедейді түйедей етіп көрсетіп бағады. Мұсылмандық адал, таза тіршілікті лайлауға барынша тырысып баққан, бөгде, бөтен пасық пиғылды адамдардың өңмеңдеп арамызды арамдап жатқан жасырын емес. Сол ағымдардың алдауына, азғыруына көніп, солардың қарамағына ілінген, қарагөз бауырларымызды ойлағанда, өзегіме өрт түскендей өкінішті сезесің. Қаншама қандас бауырларымыз діни сауатсыздықтың, рухани дүниенің таяздығы салдарынан осы теріс ағымдардың қол - шоқпары бола, солардың жыртысын жыртып, сойылын соғып жүр.

І. Ой қозғау.
- Оқушылар, «терроризм» деген сөзді айтқанда ең бірінші ойларыңа не келеді?
- Террорлық іс - әрекеттерден зардап шегетін кім?
(Ойларын дәптерге жазады)

ІІ. Мағынаны тану.
1. Терроризм - [лат. terror - қорқыныш, үрей] - саяси мақсатты сылтауратып күш қолдану; ұғым XVIII соңында ұлы француз төңкерісі кезінде якобиндықтар жүргізген репрессиялық саясатты атауда қолданылды.

Терроризм және діни экстремизм. жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Бәйге бөлімі
  • Having fun. Abilities.

    To learn and practise Can/can't. To develop the pupil's habits of reading, speaking and writing, to support an interest to the English lesson.
  • Әртүрлі саладағы модельдер

    модель түрлерімен ажырата білуге, модель түрлерін анықтауға, модельдеудің қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру; оқушының шығармашылығын, ойлау қабілетін арттыру; еркін пікір білдіру мен өзара ...
  • Жұлдызды аспан

    Жұлдызды аспан – шоқжұлдыздар мен жұлдыздар олардың атаулары мен белгіленулері туралы ақпарат беру, айырмашылығын көрсету.
  • Зат есімнің септелуі

    Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру. Септік жалғауларымен таныстырып, олардың сұрақтарын меңгерту. Оқушылардың топпен жұмыс істеу, ойлау, есте сақтау, зерделеу қабілеттерін дамыту.
  • Жұмбақ математика

    1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санау, геометриялық пішіндерді ажырату; жұмбақ құрастыру, логикалық тапсырмаларды орындау арқылы балалардың тілін, ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту. ...
  • «Наурыз» С. Сейфуллин

    С. Сейфуллиның «Наурыз» өлеңді мәнерлеп оқиды. Сыни ойлауға үйренеді. Өлеңді жан - жақты талдайды. Жеке тұлға ретінде шығармашылыққа, іздемпаздылыққа баулу.
  • Ш. Мұртаза «Эльза – кішкентай періште»

    Жазушының өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру, үзіндіні толық талдау арқылы оқырманның рухани жан дүниесін байытудағы көркем шығарманың күш - қуатын таныту, идеялық мәнін ашу.
  • Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары

    Презентацияны құру технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру. Презентацияны жасауда өз шаблондарын құру технологиясын үйрену және оны практикада қолдана білу.
Соңғы пікірлер
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 53
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 53
Роботтар: 3
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика