Білімділер поралы

Мамандығым - мақтанышым жас мұғалім сайысы

«Мамандығым - мақтанышым» жас мұғалім - 2015 сайысы.
Барысы:
Жүргізуші:
Қош келдіңіз құрметті көрермендер!
Әрдайым қуанышқа кенелгендер
Бастайық кешімізді рұқсат болса
Бәріңіз тамашалап көріңіздер

Ұстаздар тапжылмайтын еңбеккерлер
Жемісті жерге екпеген елге еккендер
Азамат ұрпақтарын тәрбиелеп
Зердесін болашақтың зерлеткендер
дей келе барша ұстаздар қауымы, сіздерді 4 қазан -«Ұстаздар күні» мерекесімен құттықтаймыз. Әр ұстаздың еңбегіне нұр, шығармашылық табыс тілейміз. Ұстаз - ол ұлы тұлға. Ұстазға ғалым да, шахтер де, дәрігер мен ұлы ақындар да табынып, бас иген, ұстаз алдынан тәлім алған, әрі тәрбие көзін қабылдаған. Ұстаздар мерекесі қарсаңында өткелі отырған «Мамандығым мақтанышым» атты жас мұғалім жарысына қош келдіңіздер.

Ұстаздар ұлағатты зиялылар
Сендерде ғалымдардың қиялы бар
Сайысуға келіп тұр жас ұстаздар
Қошеметпен қол соғып қарсы алыңдар дей келе бүгінгі сайысымыздың талапкерлерін ортаға шақырайық.

жүргізуші:
Жас мамандар еңбектеніп талмаған
Сара жолмен алға өрлеп самғаған
Алдарыңа Әуез Мөлдір келіп тұр
Талаптарын ізденіспен жалғаған

жүргізуші:
Алғыр ой, терең білім сезім тұнған
Жас мамандар келіп тұр арман қуған
Қол соғып қарсы алайық Мырзалиева Айжанды
Бәйгеде озамын деп келіп тұрған

жүргізуші:
Бұл сайыста үзеңгі қағыстырып
Көрейік ұстаздарды жарыстырып
Шақырайық ортаға Будикова Гүлфарида
Қошеметпен, қол соғып қарсы алыңдар!

Спортты ермек етіп таңдапты,
Сергіту мен жүгіртуден нәр татты.
Амангелді Гүлдананың мақсаты,
Спортшы қылмақ балаларды салмақты.
Талапкерлер өз орындарыңызға жайғасуларыңызды сұраймын.

Жүргізуші:
Кешімізді бастамас бұрын байқауымыздың негізгі арқауы болып, жас ұстаздарға баға беру үшін осында келіп отырған әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар
Балабақшамыздың меңгерушісі: Машенбаева Алия Қуатбайқызы
Балабақшамыздың Әдіскері: Ерсайын Мөлдір Болатқызы
Балабақшамыздың музыка жетекшісі:
Қол соғып қошемет білдіріп қояйық!
Талапкерлеріміздің бағасы сайыс соңында бағаланып, мақтау қағазымен марапатталады.

Ал енді жарыстың барысымен таныстырып өтейін
1. кезең таныстыру (3 мин)
2. Панорамалық сабақ «Менің педагогикалық қызметім» деп аталады. (Ұзақтығы 10 мин)
3. өз өнері
4. Ситуациялық сұрақ
Сайысымызды бастамас бұрын әр талапкер өз реттік номерін экрандағы ұяшықтар арқылы таңдауларын сұраймыз.
Талапкерлер дайын болғанша балабақшамыздың бүлдіршіндерінің орындауындағы «менің әнім тамаша» атты балалар хорын қабыл алыңыздар

1 - кезең
Бүгінде озық – дәстүр, салт - сананы
Берік ұстап, сүйетін от панасын.
Ұстаздар кетсін өзін таныстырып.
Қуантып жолдас - жора, құрдастарын.- деп сайысымыздың бірінші шарты, ата салтымыздан қалыптасып қалған «Сәлем – сөздің басы» дегендей сайыскерлеріміз өздерін - өзі таныстыруға кезек берейік.
- Визиттік карточка (хобби) ұзақтығы 3 минут.

Мамандығым - мақтанышым жас мұғалім сайысы. жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Ана әлемді тербейді
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Аяулы ана - асылым!
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Адамдық диханшысы
  • Асель28
    Жазған: Асель28
  • Акниет Нурым
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Мейрамгали Акниет
Загрузка...
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 231
Қолданушылар: 1
Қонақтар: 230
Роботтар: 2
aiboll
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика