Білімділер поралы

Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте қазақ тілі мен әдебиеті пәндері апталығының ашылу салтанаты

2017 – 2018 оқу жылының 18 қыркүйек – 22 қыркүйек аралығында жоспарланған
«Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте» қазақ тілі мен әдебиеті пәндері апталығының ашылу салтанаты

Мақсаты: Оқушыларға қазақ тілі туралы мәлімет беру, шәкірттердің шығармашылық қабілеттерін арттыру, балаларды ана тілін сүйіп, құрметтеуге баулу.

І. Алғы сөз. Қайырлы күн, қымбатты оқушылар, құрметті ұстаздар!
«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәндері апталығының ашылу салтанатына қош келдіңіздер! Тіл - халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Себебі, әр ұлттың тілі - оның бақыты, тірегі. Баршаңыз да білесіздер 1989 жылы «Республикадағы қазақ тілінің жайы» туралы қаулы қабылданды. 1989 жылы қыркүйектің 22 - і күні «Қазақстан Республикасындағы тілдер» Заң қабылданып, қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болды. Кейін 1993 жылы қаңтардың 28 - і күні бұл статус Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында тұрақталып, Тіл туралы Заңы 1997 жылы шілденің 11 - і күні жаңа «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңы қабылданды. Бұл Заңның 4 - бабында қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі екендігі жазылған. Осыған байланысты 22 қыркүйек Тілдер күніне орай
мектебімізде «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» тақырыбындағы тілдер апталығы өткізілмекші.

ІІ. Әдеби монтаж
1. Нарша Қашағанұлы «Ана тілі». 8 - сынып оқушысы Төлегенова Аймекен
Ата - баба аманаты тіл деген,
Нағыз надан дәл осыны білмеген.
Түкіргенді суын ішкен құдыққа,
Түсінбеймін, түсінбеймін мүлде мен!
Өз тіліңді сыйласаң - ол мінің бе?
Өзге тілде сөйлеу әлде білім бе?
Қорынбай - ақ, қорықпай - ақ, қазағым,
Амандасып жүрсеңші ана тіліңде.
Ана тілің – бас байлығың, ырысың,
Тілің тірі болса ғана тірісің.
Ата - баба аманатын ұмытып,
Атқа мініп, шен алғаның құрысын.

2. «Ана тілім» Несіпбек Айтұлы. 7 - сынып оқушысы Мухамбеткалиева Аружан
Ана тілім, жүрегісің анамның.
Жүрек - ана, мен өзіңнен жаралдым.
Сағат сайын саулығыңды тілеймін,
Сенсіз мынау керегі не ғаламның!
Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
Ел бетіне қалай түзу қараймын,
Ана тілім, егер сені білмесем.
Сенің арқаң дүниеден сыр ұқсам,
Сенің арқаң жүзіп ішсем тұнықтан.
Анашымды ұмытқаным емес пе,
Туған тілім, егер сені ұмытсам.
Ана тілім, дана тілім, бақ тілім,
Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?
Сенсің менің қуанышым, шаттығым,
Сенсің менің тазалығым, пәктігім.
Ана тілім, алтын ұям, құндағым,
Ақ бесікте әлдиіңді тыңдадым.
Сенің жырың, сенің әнің айтарым,
Санам сөніп, байланғанша тіл - жағым!

3. Ана тілі Ысқақ Әкім. 7 - сынып оқушысы Сатымова Санжар
Қымбат маған ана тілім, бал тілім,
Қымбат маған дана тілім, ар тілім.
Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма,
Ана тілім ардақ тұтар алтыным.
Ана тілін жырлап өткен талайлар,
Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар.
Қасиетті менің ана тілімде,
Өшпес мәңгі алаулаған арай бар.
Өлең - жырмен арайланса, тау күліп,
Ардақтымды жырлап өтем ән қылып.
Мағжан, Қасым, Мұқағали жырларын,
Жалғастырып жаза берем мәңгілік.

4. Үйрен ана тіліңді Оразақын Асқар. 9 - сынып оқушысы Имангалиева Самал
Өз тіліңсіз көрсең де өз күніңді,
Өз тіліңсіз болсаң да асқан білімді.
Өз халқыңа бола алмайсың азамат,
Білмей тұрып туған ана тіліңді.
Сенде айып жоқ, тілің де емес кінәлі,
Ешкімнің жоқ болса да оған күмәні.
Үйренбесең, өз тіліңді білмесең.
Жазықсыз - ақ жазғырып ел тұрады.
Қаның жаның, қазақы ұлттық түрің бар,
Сенен үлгі алар қызың менен ұлың бар.
Перзентісің еркін, азат халықтың,
Тәуелсіз ел, мәртебелі тілің бар.

5. АНА ТІЛІНЕ ТАҒЗЫМ Мұзафар Әлімбаев. 6 - сынып оқушысы Тулеушева Айнамкөз
Ана тілі – біздің туған анамыз!
Анамыздай сыйлап, бағып - қағамыз.
Ана тілін бағаласақ, қалай біз
Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.
Ана тілін кім аялай білмесе,
“Анасынан безген ұл!” – деп қараңыз.
Қуан, далам! 9 - сынып оқушысы Хусайнова Жұлдыз
Қуанатын күн бүгін.
Серпіп таста
Мұңды жүрек түндігін.
Тіл туралы
Заңым енді күшіне
Паш еткендей
Кескен жаңа кіндігін.
Қуан, анам!
Ұзағынан сүйсініп.
Сәтің де көп
Кейде кеткен түңіліп.
Ақ сүтіңмен
Бойға біткен тілімді
Пір тұтамын
Мен алдыңда бас иіп.

Жауапты қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімдері
Г. Ж. Сагатова
К. С. Қошқарбаева


Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте қазақ тілі мен әдебиеті пәндері апталығының ашылу салтанаты. жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • беке
    Жазған: беке
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Омонимдер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Химия әлеміне саяхат
  • Батон
    Жазған: Батон
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Bekamaster
    Жазған: Bekamaster
  • Жетыген
    Жазған: Жетыген
  • sdana09
    Жазған: sdana09
Загрузка...
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 296
Қолданушылар: 1
Қонақтар: 295
Роботтар: 2
Лаура Лаура
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика