Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тілім - тірегім, соғып тұрған жүрегім 22 қыркүйек – тілдер мерекесіне арналған іс - шара.

03 қыркүйек 2023, Жексенбі
Категориясы: Сценарий
«Тілім - тірегім, соғып тұрған жүрегім» 22 қыркүйек – тілдер мерекесіне арналған іс - шара.

Салтанатты жиынның барысы:
I жүргізуші: Амина
Қайырлы күн, ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары! Армысыздар, өрлі де, асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары!
Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күніне арналған салтанатты жиынды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!
ІІ жүргізуші: Айбек
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимні орындалсын.

І жүргізуші: Амина
Ана тілі - әр адамның өз ұлтының жан дүниесі мен мәдениетінен ғасырлар бойы жиған рухани азығынан нәр алатын кіндік тамыры.
Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Ол тек отбасы, ошақ қасының ғана тілі емес, мемлекеттік тіл!
1989 жылы 22 қыркүйекте Республиканың Жоғарғы кеңесі қабылдаған ҚР - ң Тіл туралы Заңына сәйкес қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді. Яғни қазақ тілі - мемлекеттік тіл болып жарияланды. 22 қыркүйек - Қазақстан Халықтарының Тілдер күні деп жарияланды. Содан бері 22 – қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Бұл – барша елге ортақ, жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет.

ІІ жүргізуші: Айбек
Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ - ардың,
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың.
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың. – дей келе құттықтау сөз кезегін мектебіміздің директоры Жайлибаев Темірхан Бекбергенұлына береміз.

І жүргізуші: Амина.
Тіл – қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл - әрбір елдің жаны.
Ән: Алаш ұлдары

ІІ жүргізуші: Айбек
Ана тілім жырлап өткен талайлар,
Жырлап өтен Ыбырай мен Абайлар
Қасиетті менің ана тілімде
Өшпес мәңгі алаулаған арай бар - дей келе
Ортаға өлең шуақтарын айтуға 5 сынып оқушыларын шақырамыз
5 сынып оқушыларының орындауындағы тақпақтар

1. Өз тіліңсіз көрсең де өз күніңді,
Өз тіліңсіз болсаң да асқан білімді.
Өз халқыңа бола алмайсың азамат,
Білмей тұрып туған ана тіліңді.

2. Туған тілім - бабам тілі - өз тілім,
Туған тілім - анам тілі - өз тілім.
Туған тілім - далам тілі - өз тілім,
Туған тілім - адам тілі - өз тілім.
Ортада 10 сынып оқушыларының биі (Баян, Айша, Аружан)

І жүргізуші: Амина
9 сынып оқушысы Адылханова Альфияның орындауындағы «Ана тілім» атты өлең шумағын қабыл алыңыздар.
Ана тілім, Жүрегісің анамның.
Жүрек - ана, Мен өзіңнен жаралдым.
Сағат сайын саулығыңды тілеймін,
Сенсіз мынау керегі не ғаламның!
Сенің әр бір тынысыңмен күн кешем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
Ел бетіне қалай түзу қараймын,
Ана тілім, Егер сені білмесем.
Сенің арқаң дүниеден сыр ұқсам,
Сенің арқаң жүзіп ішсем тұнықтан.
Туған анамды ұмытқаным емес пе,
Туған тілім, Егер сені ұмытсам.
Сенің арқаң өзімді өзім түсінсем,
Ақыл - ойым, айбатым - сен, күшім - сен!
Қойсын маған күннің нұры түспей - ақ,
Ана тілім, Арыңа дақ түсірсем.
Ағытатын тасқын ойдың тиегін,
Өзің ғана сыйынатын киелім!
Ризамын отқа жанып сен үшін,
Күлге айналып кетсін мейлі сүйегім.
Ана тілім, дана тілім, бақ тілім,
Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?
Сенсің менің қуанышым, шаттығым,
Сенсің менің тазалығым, пәктігім.
Ана тілім, Алтын ұям, құндағым,
Ақ бесікте әлдиіңді тыңдадым.
Сенің жырың, сенің әнің айтарым,
Санам сөніп, байланғанша тіл - жағым!

ІІ жүргізуші: Айбек
Қазақ тілі, ана тіліміз тәуелсіздік алғанға дейін сан қилы қиындықтарды да аз көрген жоқ. Осы жолды қалыптастыруда нағыз қазақ жанашырлары да кінәсізден жауапқа тартылды. Осы бір сонау тарихтағы қазақ тілінің жай - күйіне бір үңіліп қарасақ...
1 - Көрініс.

І жүргізуші: Амина
Уақыт өтті, адамдар өзгерді, заман да өзгерді......
Туған ана тілін білмейтін адамдарда көбейді.
2 - көрініс

ІІ жүргізуші: Айбек

Осындай кезеңдерден де өттік. Бірақ бұл әттеген - ай дегендердің барлығы да артта қалды. Енді тәуелсіз мемлекетімізде өз тілімізде сөйлеуге ешкім кедергі келтіре алмайды. Әр қазақ баласының өз тілінде сөйлеуге толық мүмкіндік жасалған....
3 - көрініс.

І жүргізуші: Амина
Басымды иіп, Тіземді бүгіп тұрып,
Ажарымды айдындай шуақ тұнып.
Отанымды сүйемін күліп тұрып,
Отанымды сүйемін жылап тұрып.

Әр тілде Отан сөзі айтылады
ІІ жүргізуші: Айбек
Амина сен білесің бе, оқушылар қандай сөз айтып жатыр?

ІІ жүргізуші: Амина
Біз «Отан» сөзінің әр тілде қалай айтылатынын естідік.
Отан сөзі әр тілді, әр түрлі айтылғанымен біздің бір ғана Отанымыз бар.

Ән: хор 6 сынып оқушылары.
ІІ жүргізуші: Айбек

Тілден асқан байлық жоқ. Тон - торқа, мал - мүлік, алтын - күміс байлығы түпкілікті емес. Күндердің күнінде сарқылады, тозады. Халықпен бірге мәңгі жасайтын тіл байлығы екенін ұмытпайық! Қолда бар алтынның қадірін бағалай білейік! Ендігі жерде қазақ тілінің беделін көтеру, оның арын арлап, жоғын жоқтау сіз бен біздің қолымызда.

І жүргізуші: Амина
Ана тіліміздің мәртебесі асқақтай берсін!
Ана тіліміз тек биіктерден көрініп, өркендей берсін! Келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет! Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!

Тілім - тірегім, соғып тұрған жүрегім 22 қыркүйек – тілдер мерекесіне арналған іс - шара. жүктеу
7 633
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мемлекеттік тіл - Қазақстан халықтарын біріктіретін тіл
Мемлекеттік тіл - Қазақстан халықтарын біріктіретін тіл
1989 жылы «Республикадағы қазақ тілінің жайы» туралы қаулы қабылданды. 1989 жылы қыркүйектің 22 - і күні «Қазақстан Республикасындағы тілдер» Заңы қабылданып, қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болды.
Тіл – таусылмас қазына
Тіл – таусылмас қазына
22 – қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Бұл – барша елге ортақ, жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет.
Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз
Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз
Барысы: Қайырлы күн, Ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары! Армысыздар, өрлі де, асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары! Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күніне арналған «Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты іс - шарамызға қош
Тілім менің – тірлігімнің айғағы
Тілім менің – тірлігімнің айғағы
Атырау облысы, Индер ауданы, С. Сейфуллин атындағы орта мектептің информатика пәні мұғалімі Оразаева Әсем Валиханқызы
Тіл  - достықтың кепілі
Тіл - достықтың кепілі
ШҚО. Аягөз қаласы, «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бастауыш сынып мұғалімі Аязбекова Дария Сериковна
Ана тілің – арың бұл
Ана тілің – арың бұл
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мұхтарова Гүлдана Сәрсенғалиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×