Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі

22 қыркүйек 2018, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
«БАЛАПАН ҰЯДА НЕ КӨРСЕ, ҰШҚАНДА СОНЫ ІЛЕДІ»
Әрбір ата - ана өз перзентінің әдепті, саналы, иманды да ибалы, Отанының сүйікті және кішіпейіл азаматы болып жетілуін қалайды.
Ата - ана перзентінің жақсы азамат болып жетілуі үшін өз отбасында балаларын тәрбиелеудің нәзік жақтарының заңдылықтарын білуі шарт. Сыйластық, түсіністік, үлкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы – бақытты отбасы.
Бақытты отбасында ғана ата - ана және олардың өзара қатынасы мазмұнды, берілген тәрбие сенімді болуы қажет.
Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – туған ұясы, өз отының басында тәрбиесі және тілі.
Қазақтың: «Баланың бас ұстазы - ата - ана», «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» - дегендей, есі кіріп, тілі шыға бастасымен ақ баланы байсалды, ұғымпаз, тіл алғыш етіп тәрбиелеген жөн болар деп ойлаймын.
Қай халық болмасын үмітін алдымен ұрпағымен байланыстырады.
Міне сондықтанда:
«Ана - үйдің берекесі,
Бала - үйдің мерекесі.
Бұтағы мен ағашы сымбатты,
Бала болсаң балғындай бол,
Айналаның ақ қорғанындай бол» - деген қағиданы берік ұстаған ата - бабаларымыз өз ұрпағын адам – деген атаққа лайық етіп өсіруді мақсат еткен. Ата - ана балаға тәрбие беруде ата - бабамыздың салт - санасы, әдет - ғұрпында жүргізілген үлгі - өнегенің мәнісі зор. Отбасы тәрбиесінде әкенің де, ананың да орны бөлек. Әке мен ана - баланың алғашқы ұстазы.
Адамзат баласы ананың мейіріміне қанып, әке өсиеттерін тыңдап өссе ғана тәрбиелі отбасынан шыққанын көпшілікке көрсете алады.
Ана - бала тәрбиесіндегі ерекше тұлға. Дана АБАЙ бабамыз қазақ әйелінің, ананың отбасындағы орнын ерекше жырлайды.
Жалпы, «Адам бойындағы барлық қасиеттер ананың ананың ақ сүтімен беріледі» - деген ғұламалық ойды тарата келе, осы қасиеттің міндетті түрде тәрбиеленуі туралы айтылады.
Тәрбиенің негізі «ананың әлдиінен» басталады емес пе? Ана тәрбиесі ұлылық дәнін себеді. Тәрбиелі анадан - тәрбиелі бала өсіп шығады.
Соңғы жылдары отбасында, қоғамда ер адамдардың, әкелердің рөлі төмендегендей. Бала бағыт - бағдар беруші тәрбие мектебінен нәр алады емес пе?
Өз отбасында бала ата - ананың қамқорлығына, шексіз сүйіспеншілігіне бөленіп, әке мен ананың жақсылығы мен дәулетінің қызығын көріп қана қоймай, адамгершілік, әдеп - инабат, тағылымдарын алуы, оларды меңгеріп іс - жүзінде қолдануы, ынта мен ықылас, қайрат пен жігер осы нәрселерді бойларына сіңіріп өсуі керек.
«Қатты нәрсе көрсе бала күнінде,
Өнер менен қуантады түбінде.
Бала нені білсе жастан, ұядан,-
Өле - өлгенше соны таныр қиядан,
Өнер - білім берем десең басынан,
Бер оқуға балаларды жасынан.»
- деп Қазақ бабаларымыз айтқандай, ата - аналар балаларының ерекшеліктерін жас кезінен танып, соған қарай бағыт - бағдар, тәрбие, берудің маңызы ерекше.
Отбасындағы тәрбиенің кереметі - баланы жас кезінен еңбекке баулу.
Ол адам болып қалыптасудың негізі болып табылады.
Еңбектене білмеген немесе оны жек көрген адамның отбасы берекелі болмайды. Ежелгі Рим философы Гораций айтқандай: «Өмір еңбексіз ештеңе бермейді.» Сондықтан: Отбасындағы да, қоғамдық ортадағы да
Тәрбиеде балаларды еңбек ете білуге, еңбексіз бос отыра алмайтындай, сезімге тәрбиелеу басты нысана болып табылады. Сонда ғана отбасы мүшелері арасындағы қарым - қатынаста әдеп пен инабат, адалдық пен ақпейілділік, үстем бола алалады. Бүгінгі таңда ата - анасы қасында болса да қадір - қасиетіне жете алмай, ұлдары маскүнемділік пен нашақорлыққа бой алдырып, қыздарымыз шылым шегіп, жеңіл жүрістерге түсуі отбасындағы тәрбиенің дұрыс жолға қойылмауының айғағы.
Шариғатта да алтын ұя – отбасы жоғары бағаланып, оны бала тәрбиелеп өсіруіне бірінші дәрежелі мән берілген.
Баланы өздігінен өмір сүруге мүлде, қабілетсіз нәресте кезінен бастап бақытты балалық шақ, жеке шаңырақ көтергенге дейінгі жастық жолдары өтетін отбасын, бақытты жағалауын бетке алып, өмір – айдынында жүзіп бара жатқан қайыққа теңесек, оның қос ескегі - әке мен ана болып табылады.
Кавказ халықтарында: «Нағыз жайлы орын; (қылышқа - қынабы), (Отқа - шырағы), (Ержігітке - өз үйі) деген тамаша нақыл сөздері бар екен.
Қазақстан Респуликасының Ата Заңында «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата - ананың табиғи құқығы, әрі парызы» делінсе,
«Қазақстан - 2030» бағдарламасында: «Әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балаларымен немерелеріне сонау алыс болашақта, олар біздің жасымызға жеткен кезде қандай күйде көргіміз келеді.......»
Делініп, ұрпақ тағдыры айтылды. Бала біздің болашағымыз, бала ата - ананың игі істерін жалғастырушы. Бала тәрбиесі ата - ана үшін өте күрделі де, жауапты міндет.
Жас шыбық иілгіш болса, жас адам сондай жақсыға да, жаманға да бірдей бейім болатыны баршамызға мәлім. Ата - ананың үйіндегі әрекеті балаларының көз алдында өтеді, сондықтан жақсы - жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор. Әр ата - ана өз баласының Отанға пайдалы, өзіне мейірімді, еңбекқор, адамгершілігі мол, адам етіп тәрбиелеуге міндетті.
Егерде ата - ана бала өсіруде қателік жіберсе, қартайғанда опық жейді.
«Баланы жастан»- деген халық даналық сөзі және бар.
Сондықтан; « Бала жас, әлі ешнәрсе білмейді, өсе келе бәрін түсінеді»- деп қарау ол қателік болып есептеледі.
Бала тәрбиесі – әр сағат, әр күн сайын тынымсыз жүргізіле беретін аса жауапты, күрделі процес.
Атақты Қасым Аманжолов өзінің жарына арнаған бір өлеңінде;
«Отбасы - шағын мемлекет,
Мен - президент, сен - премьер»- деген екен.
Үлкен ұрпақтың тәжірибесі, өмірдегі беделі, ақыл - кеңестері, ата - ананың өз борышын мүлтіксіз орындауы, бір - бірін құрметтеуі үлкен тәрбие мектебі болып табылады.
Қарағанды қаласы,
КМҚК «Қарлығаш» балабақшасының тәрбиешісі
Адилова Нуржанат Сагатбековна
7 956
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Отбасы - тәрбие мектебі
Отбасы - тәрбие мектебі
Ата - ана перзентінің жақсы азамат болып жетілуі үшін отбасында балаларын тәрбиелеудің заңдылықтарын білуі шарт. Сыйластық, түсіністік, үлкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы – бақытты отбасы.
Санамақтар
Санамақтар
Бір балапан ұяда, Бір балапан қияда... Екеу болды есебі, Қалды ұяда нешеуі?
«Мөлдір бұлақтан» атты отбасылық сайыс сценарийі
«Мөлдір бұлақтан» атты отбасылық сайыс сценарийі
Музыка пәні мұғалімі Гульназия Сагынганова
Балаларды ізеттілік дағдыларымен қарапайым мәдени ережелерді үйрету арқылы адамгершілікке тәрбелеу
Балаларды ізеттілік дағдыларымен қарапайым мәдени ережелерді үйрету арқылы адамгершілікке тәрбелеу
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №7 «Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі Ерназар Гүлсім
Отбасы тәрбиесі - қоғам негізінің бастауы
Отбасы тәрбиесі - қоғам негізінің бастауы
Алматы облысы, Ақсу ауданы, Көкөзек ауылы Қуат Терібаев атындағы орта мектебі Шермұхан Ләззат
Отбасындағы тәрбиенің маңызы
Отбасындағы тәрбиенің маңызы
Керекбаева Жұмагүл математика пәнінің мұғалімі Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылы, Қашаған Күржіманұлы атындағы орта мектеп
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×