Білімділер поралы

Табиғатты аялайық!

Тақырыбы: Табиғатты аялайық!
Мақсаты:
Оқушылардың қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту. Шығармашылық қабілеттерін, жақсылық жасай білу іскерліктерін, ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.
Табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу, экологиялық тәрбие беру, Табиғат - Анаға сүйіспеншілікпен қарауға жетелеу.
Көрнекі құралдар: интерактивті тақтаға әзірленген слайдтар, табиғат туралы нақыл сөздер, «Өзін - өзі тану»бағдарламасы бойынша дайындалған видео фильм,

1. Ұйымдастыру кезеңі:
Мұғалім өлең оқу: (музыка әуені жүріп тұрады)
Сұлу дала! Менің сүйген еркемсің,
Жаны жайсаң жаратылған өлкемсің.
Қандай жақсы қазақ болып туғаным,
О, туған жер, тамашасың, көркемсің!

Кең дала көремісің сонау жатқан,
Жібектей жасыл шөппен бетін жапқан.
Асқар тау, айдын шалқар көл мен өзен,
Әне сол анам еді мені тапқан.

Ойласаң табиғат пен адам егіз,
Жылдың сол мезгілінен өзге неміз?
Табиғатсыз қоғам жоқ, болған емес,
Ал қоғамсыз, табиғаттың өзі де өлі.

Табиғаттың бауырысың, досысың
Аянбау да керек шығар дос үшін.
Екеуіңнің араңдағы байланыс,
Өмірбақи үзілмесін, қосылсын.

2. Тәрбие сағатының тақырыбын айтып, мақсатын хабарлау;
Мақсатымыз: Қайырлы күн құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі біздің өткізетін «Табиғатты аялайық» атты іс - шарамызға қош келіпсіздер. Біз бүгін, сендермен бірге қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсінігімізді кеңейтеміз, табиғатты сүюді, қорғауды, табиғат - Анаға сүйіспеншілікпен қарауды үйренеміз. Біз бүгін, табиғатпен сырласамыз, оны түсінуге тырысамыз. Біз бүгін, Табиғат - Анадан мейірімділікті үйренеміз!
Табиғат адамзаттың, жалпы тіршілік атаулының ежелден өмір сүріп келе жатқан ортасы, алтын бесігі. Табиғат - сұлулықтың таусылмас көзі. Ендеше біз бүгінгі сабағымызды табиғатпен амандасудан бастаймыз. Барлығымыз орнымыздан тұрып мына өлең жолдарын бірге айтайық!
Хормен
Қайырлы күн, күнім, далам, орманым,
Қайырлы күн, гүлім, құсым, көлдерім.
Қайырлы күн, өсімдіктер, жәндіктер
Қайырлы күн, бар тіршілік иесі!

Өте жақсы! Барлығымыз орындарымызға отырамыз. Балалар, жалпы табиғат дегеніміз не? Оларға нелер жатады?
Оқушылар: Ауа, су, өсімдіктер, хайуанаттар, құстар, балықтар...
ІІ слайд
3) ІІІ. Ендеше, саяхатымыздың бірінші аялдамасы « Тіршілік атаулының бар арманы – ауа» деп аталады. Сөз кезегі оқушыларға беріледі.
Думан: Табиғат байлықтарының ішіндегі тіршілік атаулының өмір өзегі – ауа.
Тіршілікте не дейсің ғой ең қымбат,
Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат.
Ал адамға ауа қымбат бәрінен,
Ауа қымбат, алатұғын дем қымбат.
Расында да ауадан қымбат еш нәрсе жоқ. Адам бар – жоғы бір - екі минут ғана дем алмай тұра алады. Сондықтан дана халқымызда « Ауадай қажет» деген сөз бар. Бірақ сол ауамыз қаншалықты таза екеніне ешкім толық жауап бере алмайды. Өзіміздің Семей қаламызды алып қарасақ, қаланың үстінен қою бұлт сияқты тұманды көреміз. Автокөліктен, завод, фабрикадан шыққан түтіндер ауамыздың мөлдірлігін бұзады. Сонау 1949 жылдардан бастап Семей даласында ядролық қару жарылып, сол газдар ауаны улады. Сол ауамен дем алған қаншама адам ауруға ұшырады. Сонда адам баласы біріншіден, Табиғат - Ананы ренжітсе, екіншіден өзіне - өзі қастандық жасады. Дүниеге келген сәби мүгедек болып жарық дүниені өксікпен өткізді. Мен сөзімнің соңында адамдарға былай демекпін: Ей, адамдар, Табиғат – ана саған дем ал деп ауаны сыйлады, өйткені ол өте мейірімді. Сен оның сенімін ақта, ауаны ластама!
Болмасын ауа ешкімнің арман - мұңы,
Ауадан асқан жан жоқ жалғанда ұлы.
Ойлашы кімге керек боламыз біз,
Жұтудан таза ауаны қалған күні.
Табиғатты аялайық! жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • беке
    Жазған: беке
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Омонимдер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Химия әлеміне саяхат
  • Батон
    Жазған: Батон
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Bekamaster
    Жазған: Bekamaster
  • Жетыген
    Жазған: Жетыген
  • sdana09
    Жазған: sdana09
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 22
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 22
Роботтар: 2
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика