Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұстаз шәкіртіне білім жолын үйретеді, Білімді жан тас қамалды күйретеді.

12 қазан 2018, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Ұстаз шәкіртіне білім жолын үйретеді,
Білімді жан тас қамалды күйретеді.
Мақсаты: Ұстаздың адам өмірінде алатын орын зор екендігін, ұстаздарды құрметтеу, сыйлау және қадірлеу қасиеттерін оқушылардың бойына дарыту.
Ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ұстаздар туралы нақыл сөздер, өлең үзінділері жазылған көрнекіліктер, әртүрлі шаралар, гүлдер.

Өту барысы:
1. Мұғалімдер бізден емтихан алғанды жақсы көреді, осы сәтті пайдаланып, біз де ұстаздарымыздан сынақ алып көрсек қайтеді?
2. Сен сонда ұстаздарымызбен орнымызды ауыстырып көрсек қайтеді дегің кеп тұр ма?
3. Иә, иә, тура солай, бүгін ұстаздар оқушы болсын, біз мұғалім болып емтихан алып көрейік.
4. Ендеше тыныштық сақтаңыздар! Мұғалімдерге арналған емтиханымызды бастаймыз. Сұрақтар: 1. Домбырада – жетеу, сырнайда – алтау, қобызда бесеу. Бұл не? (әріп)
2. Бұл санда қанша әріп бар болса, сонша сан бар. Ол қай сан? (жүз)
3. Жел соққанда тау ық бола ма? (ық болады)
4. Теңізде қандай тас болмайды? (құрғақ)
5. Оқушы жанының бағбаны. (мұғалімі)
6. Қазақ әліппесін жасаған және алғаш оқу құралын жазған кім? (А. Байтұрсынұлы 1873 - 1938)
7. Тұңғыш рет қазақ әнін шетелге орындап, күміс жүлде алған әнші? (Ә. Қашаубаев)
8. Қазақта тұңғыш генерал атағын алған және мектеп ашқан кім? (Жәңгір Бөкейханұлы)
9.«Жеті жарғы» Заңдар ережесін кім шығарды? (Тәукехан)
10.«Дала аруы» атанған өсімдік. (Жүгері)
11. Қабат - қабат қаттама, ақылың болса аттама. (Кітап)
12. Арабиядағы қасиетті бас қала. (Мекке)

Мұғалім:
- Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі ұстаздар мерекесі қарсаңында өткелі отырған. «Ұстаз шәкіртіне білім жолын үйретеді, Білімді жан тас қамалды күйретеді.» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер
1. Ұстаздық өте жауапты мамандық екені баршамызға белгілі. Ол – мектептің де, қоғамның да, ғылымның да, білімнің де, ұлттың да, адамгершілік пен ерліктің де, жақсы мінез бен ақындықтың да нағыз жанды өкілі. Үнемі бала көзінде болу, әрдайым жинақы, таза, әдепті жүруді талап етеді. Кез келген уақытта шәкірттің қандай да болсын сұрағына білімділікпен жауап беруге тура келеді. Оған нақты, дәлелді, сенімді, көркем, жүйелі, тартымды сөйлеу керек. Ұстаздың әділдігі, адалдығы, батылдығы, мінез сұлулығы, іс пен сөз бірлігі, шыншылдығы, ұстамдылығы күн сайын балалар тарапынан баға алып отырады. Ол – әрі ғалым, әрі шешен, әрі көшбасшы.

2. Ұстаз – мейірім, махаббат, сүйіспеншілік, жанашырлық сезімдерінің көрігі. Ұстаз – білім беру сапасын арт¬тыру саясатын тікелей жүзеге асырушы. Ол – мемлекетімізді құрмет¬теу жауапкершілігін шәкірттеріне жеткізіп дарытушы. Мемлекетіміздің өркениетті даму саясатының мектептегі насихатшысы да – ұстаз. Бір сөзбен айтсақ, мұғалім – мемлекет өкілі. Ол өзінің ісімен де, сөзімен де, жүріс - тұрыс мәдениетімен де, мектепте және мектептен тыс қоғамда Тәуелсіз еліміздің эталондық бейнесі болып табылады.

3. Ұстаз беделін қоғам алдында көтеру үшін Елбасының тікелей өз Жарлығымен еліміздегі ең жоғары марапат – Қазақстанның Еңбек Ері атағы мен «Алтын жұлдыз» белгісі және «Отан» ордені ең бірінші рет ұстазға берілді. Бұл – мектеп мұғалімінің еңбегі елімізде жоғары құрметке ие екендігінің айғағы.
Қазақтың тұңғыш ұстазы - Ыбырай Алтынсарин.
Ыбырай Алтынсарин тұңғыш ағартушы, педагог, ғалым - жазушы балаларға таза ана тілін үйрету арқылы халықтың бай тілін меңгеріп, өнер - білімге бастаушы. Ыбырай Алтынсарин туған халқына оқу - білімге шақырып, кенжелеген қараңғылықтағы еліне білімнің жарық сәулесін таратты. Тұңғыш қайраткер жас ұрпақ тәрбиелеуде жаңа ғылымның іргетасын қалады. Өзі бас болып, бірнеше жерде кездескен кедергі қарсылыққа қарамастан, 1864 жылы мектеп ашты. Сол жылдан бері қазіргі күнге дейін, 149 жыл бойы бала өміріне жауапты мамандықты таңдаған аяулы ұстаздарымыз тынбай еңбек етуде.

4. Ұстаз! Осынау сөзде қаншама мән - мағына жатыр десеңізші! Ұлағатты ой иелері де, арман оты жүрегінде алаулаған жеткіншектер де, парасатты қоғам қайраткерлері де бір адамға қарыздар. Ол – Ұстаз! Алғаш “Әліппенің” бетін ашып, әріп танытқан, өмірдің қыр - сырын білуге, сан қилы құбылыстарды терең түсінуге мұрындық болып, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алады ғой. Ұстаз да диқан сияқты. Ол әр адамның жанына білім дәнін себеді. Әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады. Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді.

5. Ия, бүгін сол, мектептің айнасы, бәйтерегі, ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса, бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ.
Ұстаз - ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.

6. Ақырын жүріп анық бас.
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға,
– деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын қалаған ұстаздар қауымы...
Хормен: Мерекелеріңіз құтты болсын!

7. Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Ендеше, қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған өлең - шумақтарына кезек берелік.
Күй «Әлқисса» орындайтын Шерхан, Айбек және Арай

8. Мұғалім еңбегінің әлеуметтік мәніне, елдің мәдени өміріндегі белсенді рөліне кезінде қазақ зиялылары көп көңіл бөлген. Ахмет Байтұрсынұлы “Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді, басқа кемшілігі болса, мұғалімнің жақсылығы жабады, білдірмейді” – деген болатын. Мұғалім білім нәрін себуші.

9. Сіздер қалай ойлайсыздар, құрметті қонақтар, менің ойымша, кез - келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық – өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез - келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.

10. Шынымен де, мен де осы сөзің дәлелді бола түсуі үшін мына жыр шумақтарын қосайын:
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы – деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі – маржан, үні – ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!

11. Күллі өмірін жеткіншекке арнаған
Мұғалімді ардақтайды барша жан
Ол мектептен шықпаса да қыс - жазы,
Жемісі оның жердің жүзін шарлаған

12. Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.

13. Әр сабағың өтіп жатыр білінбей,
Перне басқан оркестрдің үніндей
Әр баланың жүрегіне жол тауып,
Тұрасың сен, дирижер боп күлімдей.
Ұстаз шәкіртіне білім жолын үйретеді, Білімді жан тас қамалды күйретеді. жүктеу
1 935
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұстаз - ұлы тұлға
Ұстаз - ұлы тұлға
Данышпан да, дана да оқып сенен, Атақ - даңқын асырды бар әлемнен. «Ұстаз»деген аяулы асыл жанды, Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең.
Ұстаздарға мың алғыс!
Ұстаздарға мың алғыс!
Ұстаздың адам өмірінде алатын орын зор екендігін, ұстаздарды құрметтеу, сыйлау және қадірлеу қасиеттерін оқушылардың бойына дарыту.
Ұстаз - аты биік, әрі мәңгілік
Ұстаз - аты биік, әрі мәңгілік
«Ұстаз – аты биік, әрі мәңгілік» мерекелік іс шараға арналған сценарийі
Ұстаз - мектептің жүрегі
Ұстаз - мектептің жүрегі
Сабақтың мақсаты: Ұстаздар күнінде оқушыларға ұстаздықтың қиын да қажырлы еңбек екенін білдіріп, ардақты да аяулы ұстаздарын құрметтеуге, еңбектерін бағалауға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Ұстазым менің, ұстазым!
Ұстазым менің, ұстазым!
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы Х. Досмұхамедұлы атындағы орта мектептің математика пәні мұғалімі Аққалиева Лайля Маратқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×