Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тұңғыш Президент күніне арналған ашық тәрбие сағаты. Елбасы сенімі - ел сенімі

17 қазан 2018, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тұңғыш Президент күніне арналған ашық тәрбие сағаты.
Тақырыбы: Елбасы сенімі - ел сенімі
Мақсаты: 1. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, жүргізген саясаты туралы мағлұмат беріледі.
2. Ойларын еркін айту, өзгенің пікірін тыңдай білу дағдыларының қалыптасуына мүмкіндік жасау.
3. Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: шарлар, тақырып жазылған постер, слайд шоу, суреттер.

Өту барысы:
Әнұран орындалады.
Мұғалім: - Қайырлы күн тәуелсіз елдің қадірменді азаматтары, ұлдары мен қыздары! Бүгінгі Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы сенімі - ел сенімі» атты салтанатты мерекемізге қош келдіңіздер.
Аят: - Армысыздар, бармысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар!
Мұғалім: - Сен қалай ойлайсың, Қазақстан Республикасы осындай дәрежеге жетіп, көк туымыздың астында бейбіт, молшылық, татулықта өмір сүріп жатқанымыз кімнің арқасында?
Аят: - Әрине Қазақстанның атын сонау шет мемлекеттер танып, астанамыз көркейіп жатқаны Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың арқасы.
Мұғалім: - Мемлекетіміз тәуелсіз ел боп жарияланғалы бері экономикасы да, білім беру саласы да, медицина саласы да, өндірісі де, шет елдермен байланысы да нығайып, даму үстінде. Барлығы, елбасымыздың сындарлы саясатының негізінде емес пе?

Аят: - 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды. Ал 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның елбасшысы - Президенттің сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

Мұғалім:- Ата Заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы – Президент. Латын тілінен аударғанда «президент» сөзі «алдында отырған» деген мағынаны білдіреді.
/2 «а», 3 «а» 4 «а» сынып оқушылары шығады./
1 - оқушы: Аят
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған.
Бұл далаға жылап келіп, уанғам,
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

2 - оқушы: Велора
Ашық аспан жайнаған жұлдыздары,
Тұр асқақтап Алатау шың - құздары.
Анасындай туған ел қамқор болып,
Тербетеді құшақтап ұл - қыздарын.

3 - оқушы: Дияс
Ел басқарған Нұрсұлтандай ағам бар,
Көк алқапты жасыл жайлау далам бар.
Ел бірлігін, ел тірлігін тілеген,
Ақ ниетті халық деген данам бар

4 - оқушы: Аружан
Туған жердің жайқалған алқабы егін,
Биік сенің мәртебең, дарқан елім.
Пейіліндей қазақтың байтақ далам,
Сен не деген кең едің, шалқар едің.

5 - оқушы: Мейрамбек.
Кең байтақ қой Қазақстан картасы,
Астанамен айшықталған ортасы.
Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,
Бұның бәрі Елбасының арқасы.

6 - оқушы: Аяжан
Әсем сазы басталған таза ағыстан,
Айдынынан аққулар, қаздар ұшқан.
Қадамы нық ӘЛЕМДЕ, аты айқын
Егеменді ел бүгін ҚАЗАҚСТАН.

7 - оқушы: Дидар
Гүлдене бер, Отаным,
Көтерген туын Нұр ағам!
Көбейткен достың қатарын,
Нұр аға – біздің ұлы адам.

8 - оқушы: Айлана
Шықты тарап ой - данадан,
Бері қарап жұлдыз беті.
Өзі қалап сайлап алған,
Елімнің бар Президенті

9 - оқушы: Әділжан.
Қиялы ұшқыр, ойлы адам.
Әлемге болған аты аңыз.
Ұрпақтың қамын ойлаған,
Аман - сау жүрші, Атамыз.
Ән: «Бір жұлдызың боламын менде» орындайтын 4 «а» сынып оқушысы Ж. Велора
Би: «Қаражорға» 2, 3 4 сынып оқушылары

Тұңғыш Президент күніне арналған ашық тәрбие сағаты, Елбасы сенімі - ел сенімі. жүктеу
3 697
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы
Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы
Елбасының өмірімен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәлімет беру Шәкірт жүрегінде Елбасының елі үшін жасаған істерін үлгі өнеге ретінде айтып, Елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу. Тәрбиелік: Елбасының өмір жолынан үлгі
Ұлтына қамқор - Елбасы
Ұлтына қамқор - Елбасы
Қазақ халқының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
Менің тұңғыш Президентім
Менің тұңғыш Президентім
Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру
1 желтоқсан тұңғыш президент күні тәрбие сағаты (Елбасы еңселеткен Елорда)
1 желтоқсан тұңғыш президент күні тәрбие сағаты (Елбасы еңселеткен Елорда)
Қайырлы күн тәуелсіз елдің қадірменді азаматтары, ұлдары мен қыздары бүгінгі Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы Еңселеткен Елорда» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
Біздің тұңғыш Елбасы. Наш первый Президент
Біздің тұңғыш Елбасы. Наш первый Президент
Бастауыш сынып мұғалімі Окасова Гүлден Маликовна
Менің Президентім
Менің Президентім
Шалқар қаласы №6 орта мектебі Төреханова Г. – МАД «А» тобының мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×