Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өзіңді өзің сыйласаң, жат жаныңнан түңілер

24 қазан 2018, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Өзіңді өзің сыйласаң, жат жаныңнан түңілер
Мақсаты: 1. Сыйластық, мейірімділік, ибалық, имандылық қасиеттер туралы түсінік беру.
2. Әр оқушының өзіндік ой қиялына ерік бере отырып өзінше ой түюге баулу.
Тәрбиелігі: Дені сау, ұлттың сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесіне тән иманды, ибалы, үлкенге құрмет, кішіге ізет, бойында игі қасиеттері мол қалыптасқан тұлғаны тәрбиелеу.
Түзету жұмысы: Қалдық көру қабілетін дамыту. Көз жаттығуларын жасату.
Түрі: сайыс
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап
Көрнекілігі: суреттер

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі - оқушылардың қызығушылығын ояту.
ІІ. Кіріспе. Халқымыз ежелден адамгершілік, инабаттылық, сыйластық сияқты асыл қасиеттерді өз бойына сіңіріп және ардақ тұтып келеді. Адам өмірге келгеннен киін зара сыйласу баршаға ортақ қасиет. Тіршілік иелерінің ішінде адам санасымен ерекшеленеді. Жұмыр басты пенде, ең алдымен өзін өзі сыйлау білуі қажет. Егерде ібөзіңді өзің құрметтеп бағалай білмесең, өзгеден сый құрмет көрем деу бекершілік.
Қазақ қашанда философ халық қой. « Өз өзіңді жаттай сыйла, жат жаныңнан түңілсін» деген мақалдың астарыннан ақ көп нәрсе аңғаруға болады. Сыйласа білуде үлкен өнер. Адам өміріндегі ізгі қасиеттер сыйластық татулық болып табылады.
Адамдар бір бірімен сыйласа білсе ғана олардың арасында татулық, береке болмақ. Егер сен айналандағы жандарды сыйлай білсең ғана, өзіңді сыйлы бола аласың. Қазақтың « Сыйға сый, сыраға бал» деген ұғымы осының айғағы. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білу асқан ілтипаттылықтың белгісі. Алайда қазіргі кезде замандастармыздың бойында осы қасиеттер жетіспей жатыр. Бұл бүгінгі өміріміздің өзекті мәселелердің бірі. Сол себепті бүгінгі сабағымыз сайыс түрінде болмақ.

ІІІ. Негізгі бөлім. Сайысымыз мынандай кезеңдерден тұрады:
1. Таныстыру.
2. Дода.
3. «Сөз мәйегі – мақал»
4. «Кім жылдам?»
5. «Ойлан, тап» ойыны.
6. «Тұлғаны таны» ойыны
1 кезең. Таныстыру.
І топ: «Қыран».
Қалықтап көкте жас қыран,
Халықпыз сөзге тоқтаған.
Тілімен топты жаратын,
Тобымыз біздің – «Қыран».
ІІ топ: «Сұңқар».
Шығарар намыс топты алдан,
Дуалы ауыз тілге арман.
Сайысқа келдік біліммен,
Тобымыз біздің – «Сұңқар».
2 кезең. «Дода».
Бұл кезеңде әр топқа 20 сұрақ қойылады. Берілген сұрақтарға тоқтаусыз, дұрыс әрі жылдам жауап берулері керек.
І топқа.
1. Қазақстан қандай мемлекет?
2. Көктем мезгілінде қандай мерекелер бар?
3. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?
4. ҚР - ның мемлекеттік тілі?
5. Абайды әлемге танытқан кім?
6. Қыста не жауады?
7. Ең сұлу құс?
8. Қазақстанның туының түсі қандай?
9. Күздің бірінші айын атаңдар?
10. Әнұранның авторларын ата.
11. Наурызда пісірілетін басты тағам?
12. Біздің мектептің директоры кім?
13. ҚР - сы неше елмен шектеседі?
14. Елтаңбаның авторы кімдер?
15. Абай Құнанбайұлының шын аты кім?
16. Бір тәулікте неше сағат бар?
ІІ топқа.
1. ҚР - ның рәміздері қашан қабылданды?
2. Абай Құнанбайұлы кім?
3. Қыс айларын ата?
4. Зере Абайға кім болады?
5. Қазақтың тұңғыш ғарышкерін ата?
6. Дыбыстар нешеге бөлінеді?
7. Абайдың неше қарасөзі бар?
8. Тудың авторы кім?
9. Бір жылда неше күн бар?
10. Мұхтарды әлемге танытқан кім?
11. Шоқан Уәлихановтың шын аты кім?
12. Тамақты бұзбайтын салқын жәшік?
13. ҚР Тәуелсіздігін қай жылы алды?
14. Бір жылда неше жыл мезгілі бар?
15. 1 желтоқсан қандай мереке?
16. Алғаш мектеп ашқан кім?
3 кезең. «Сөз мәйегі – мақал».
Әр топ Отан, тіл, достық туралы мақалдардың жалғасын тауып жалғастырады.
І топ.
1. Туған жердей жер болмас,.... (туған елдей ел болмас)
2. Шешеннің тілі -....(шебердің сөзі)
3. Досы көпті жау алмайды,.... (ақылы көпті дау алмайды)
4. Отан оттан да.... (ыстық)
5. Ер жігіт ел үшін туады,...(ел үшін өледі)
ІІ топ
1. Отансыз адам,.... (ормансыз бұлбұл)
2. Ер елінде,.... (гүл жерінде)
3. Туған жердің күні де ыстық,.... (түні де ыстық)
4. Өзге тілдің бәрін біл,.... (өз тіліңді құрметте)
5. Туған үйдің түтіні жылы,.... (туған ананың күтімі жылы)

4 кезең. «Кім жылдам?»
Берілген шашыраңқы сөздерден дұрыс сөйлем құрау қажет.
І топ. Бейнеленген, қанатты, жағында, екі, елтаңбаның, пырақтар.
(Елтаңбаның екі жағында қанатты пырақтар бейнеленген).
ІІ топ. Біздің, білдіреді, шаңырақ, біртұтастығын, Отанымыздың.
Шаңырақ біздің Отанымыздың біртұтастығын білдіреді).

5 кезең. «Ойлан, тап».
Бұл кезеңнің шарты екі топқа бірдей «Қарлығаштар» сөзі беріледі. Осы сөздің ішіндегі әріптерден жаңа сөздер құрастыру.
(Қар, қарлы, тар, ағаш, ақтар, ғашық, ара, аш, ақ, қаш т. б.)
6. «Тұлғаны таны» ойыны
1. Жүз жасаған ақын? (Жамбыл)
2. Құрманғазы Сағырбайұлы кім? (күйші)
3. Құрманғазының шәкірті? (Дина Нұрпейісова)
4. Ұлттық ғылым Академиясының академигі?
5. Шоқанның Қашқарияға сапары? (1858 - 1859)
6. Абай Құнанбайұлының туған жері. (Семей)
7. Семейде туған 3 кемеңгер. (Абай, Шәкәрім, Мұхтар)
8. Қазақтың әлемге әйгілі балуаны? (Қажымұқан)
9. Екі мәрте Кеңес Одағының батыры – ұшқыш. (Т. Бигельдинов)
10. Жауынгер – жазушы, батыр. (Б. Момышұлы)
11. Шығыстың қос жұлдызы. (Әлия, Мәншүк)
12. Тұңғыш ағартушы – педагог. (Ы. Алтынсарин)
13. Қазақ Тіл білімінің атасы – основоположник казахского языка. (А. Байтұрсынов)
14. 1836 - 1837 жылдары көтеріліс басшылары. (Исатай, Махамбет)
15. Абайдың әжесі, анасы. (Зере, Ұлжан)

ІV. Қорытынды: Сайыс қорытындысы шығарылады және ұпайы жоғары топ анықталады.
Оқушылар осымен сайысымыз аяқталды. Баршыңызға сәттілік тілеймін!
11 866
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қайырымдылық – адамгершілік белгісі
Қайырымдылық – адамгершілік белгісі
Дені сау, ұлттық сана - сезімі оянған, рухани дәрежесіне тән иманды, ибалы, үлкенге құрмет, кішіге ізет, бойында игі қасиеттері мол қалыптасқан тұлғаны тәрбиелеу. Халықтың тілін, салт - дәстүрін оқушының бойына сіңіру. Оқушыларды елжандылыққа,
Адамгершілік - асыл қазына
Адамгершілік - асыл қазына
Адамгершілігі мол, жақсы қасиеттерді бойына сіңірген, әдепті, кішіпейіл болуға тәрбиелеу. Ой - өрістерін, сана сезімдерін, тілдерін, шығармашылықтарын дамыту;
Адамгершілік – асыл қасиет
Адамгершілік – асыл қасиет
Адамның бойындағы ұнамды - ұнамсыз қасиеттерді айта отырып балаларды адамгершілікке тәрбиелеу, адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалай білуге адамдармен қарым - қатынас дағдыларын жасауға баулу.
Мейірімділік – асыл қасиет
Мейірімділік – асыл қасиет
Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Байқоңыр ауылы, «№17 Байқоңыр орта мектебі» КММ Бастауыш сынып мұғалімі Абдибекова Айгуль Жанкараевна
Балаларды ізеттілік дағдыларымен қарапайым мәдени ережелерді үйрету арқылы адамгершілікке тәрбелеу
Балаларды ізеттілік дағдыларымен қарапайым мәдени ережелерді үйрету арқылы адамгершілікке тәрбелеу
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №7 «Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі Ерназар Гүлсім
Оқушылардың білімін бағалаудың әдіс-тәсілдері
Оқушылардың білімін бағалаудың әдіс-тәсілдері
XXI ғасырда көтеріліп отырған «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білімінің түп-тамыры тереңде жатыр. Ол халқымыздың ұлттық құндылықтарынан, рухани мұраларынан, ділінен, тағылымдық ой - толғауларынан бастау алады.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×