Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Махаббат — өмір өзегі

06 желтоқсан 2018, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Махаббат — өмір өзегі
9 сынып
Мақсаты: оқушылардың сүйіспеншілік, махаббат туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
• өмірдің бар жақсылығының негізі махаббат сүйіспеншілік екендігін түсіндіру;
• адамды, Отанды, өмірді сүйе білу іскерліктерін дамыту;
•сүйіспеншілікті, махаббатты бағалай білуге тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері
Оқушылар жылы сезімге бой алдырып, жарқын көңіл күйге түсу үшін мұғалім мейіріммен шаттық шеңберіне шақырады. Балалар шеңбер құрып интерактивті тақтада жазылған өлең жолдарын бірлесіп оқиды.
Бәрінің бастауы – Махаббат!
Жанына нұр сепкен шапағат.
Еңбектің рақатын сездірген,
Гүлдерге құлпыртып түр берген.
Сәбидің шырағын жандырған,
Бұлағы - мейірін қандырған.
Шуағы жылытқан жүректі,
Жаңғыртып айтамын қайталап,
Бәрінің бастауы – Махаббат.
Бәрінің бастауы – Махаббат!
Махаббат! Мен оны айнытпай білемін.
Бәрі де, ал тіпті жек көру тілегін -
Өзіңмен бір туған қандастай,
Махаббат нұрына бөледі жүрегің.
Көктем кеп: «Өмір сүр...» дегенде,
Тербелдің Махаббат - кемеңде.
Керілдің көк тіреп иығың.
Махаббат нұрынан бастау ап жөнелдің.
Бәрінің бастауы – Махаббат!

Ойланайық, пікірлесейік
•Махаббат неліктен құдіретті де қасиетті ұғым?
•«Ғашықтық» және «Құштарлық» ұғымдарының мәнін қалай түсінесіз?
•Ұл мен қыз арасында қандай сезім болады? Бір көргеннен ғашық болу мүмкін бе?
•Махаббаттың сыйластық пен достыққа қандай байланыс бар?
•«Бәрінің бастауы – Махаббат» дегенді қалай түсінесіз?

Мұғалім интерактивті тақтада көрсетілген төмендегі пікірлерге тоқталып өтеді.

Көптеген адамдар бақытты махаббатпен бірге көреді. Махаббат жолында бүкіл өмірін, байлығын, мансабын сарп еткендер аз емес. Осы жерде қазақтың батырлық жырлары мен лиро - эпостарының кейіпкерлерін еске түсірейікші. Қыз Құртқа үшін Қобыланды, Гүлбаршын үшін Алпамыс, Қыз Жібек үшін Төлеген, Баян сұлу үшін Қозы Көрпеш өмірлерін қиюға дайын еді.

Махаббат үшін аңызға татитын адамды таң қылдыратын әрекеттерге баратындар барлық кезеңдерде де, барлық елдерде аз болмаған.

Шын ғашық адамдар үшін құйылып жатқан байлығың да, асып тұрған мансабын да қажетсіз болып қалуы әбден мүмкін. Сондықтан жас адамдар арасында болатын махаббат деген асыл сезімге адал және оны қадірлей, қастерлей білу керек.
Оқулықта берілген І. Есенберлиннің «Алтын кұс» романынан үзінді оқып, талдау ұсынылады.

Тыныштық сәті.
Баяу музыка ойналып тұрады.

Мұғалімнің сөзі:
- Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.
Ал енді көздеріңді ашыңдар.

Шығармашылық жұмыс
(дәптерге орындалады)
«Махаббатсыз дүние бос...» тақырыбына зерттеу, талдау жасаңыз.
(Интерактивті тақтада тапсырмалар жазылып тұрады)
1-кезең. «Махаббат» ұғымының мәнін анықтау.

2-кезең Ұқсас ұғымдарды іріктеу:
• «Махаббат» ұғымына синоним ұғымдарды іріктеу.

3-кезең Қарсы ұғымдарды іріктеу:
• «Махаббат» ұғымына антоним ұғымдарды іріктеу.

4-кезең. Ұғымның адам өміріндегі мәнін анықтау үшін сұрақтар:
• Махаббаттың құндылығы неде?
• Оның ғашықтық, сүйіспеншілік, құштарлық ұғымдарымен қандай байланысы бар?
• Адамға махаббат қаншалықты қажет?
• Адамда махаббат сезімі болмаса, не болар еді?
• Махаббат адамға қандай артықшылық береді?
• Махаббат адам бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуына көмектесе ала ма?

5-кезең Махаббаттың кемшіліктерін анықтау.
• Махаббатта кемшіліктер бола ма?
• Махаббат әрқашан да жақсылық әкеле ме?
• Адам өз махаббатынан зиян шеге ме?
• Махаббат қай уақытта жағымсыз қасиетке айналады?
Махаббат — өмір өзегі жүктеу
4 220
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қара сөздер. Абайдың қырық бесінші қара сөзі
Қара сөздер. Абайдың қырық бесінші қара сөзі
Құдай табарака уатағаланың барлығының үлкен дәлелі - неше мың жылдан бері әркім әртүрлі қылып сөйлесе де, бәрі де бір үлкен құдай бар деп келгендігі, уа һәм неше мың түрлі діннің бәрі де ғадаләт, махаббат құдайға лайықты дегендігі.
Жасөспірімділердің аутодестуркивтік мінез-құлқының алдын-алу жұмысы
Жасөспірімділердің аутодестуркивтік мінез-құлқының алдын-алу жұмысы
Ақмола облысы, Целиноград ауданы, №10 орта мектебінің психолог және өзін-өзі тану пәні мұғалімі Есбосынова Айнаш Куанышовна
Бастауыш сыныптарына өзін - өзі тану пәнінен сабақ жоспарлары
Бастауыш сыныптарына өзін - өзі тану пәнінен сабақ жоспарлары
Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Мичурин орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Кукеева Орынкуль Исмагуловна
Махаббат – өмір нәрі
Махаббат – өмір нәрі
Астана қаласы, № 53 лицей - мектептің биология және өзін - өзі тану пән мұғалімі Малгельдинова Қизат Айдарханқызы
Достық. Махаббат
Достық. Махаббат
Астана Гуманитарлық колледжінің химия мен биология пәні оқытушысы Оразбек Муздальафа Омарқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×