Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Кел, кел Жаңа жыл!

08 желтоқсан 2018, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Кел, кел Жаңа жыл!
Қатысқан тұлғалар:
Ересектер: Аяз ата, Ақшақар, Қоян, Түлкі.
Балалар: Тышқан.
Балалар музыка залына әдемі әуенмен кіріп, жартылай шеңберге тұрады.

Жүргізуші:
Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайын.
Көргендер де, көрмеген де арманда.
Жаңа жылын құтты болсын, ағайын!
Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып арайын.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген,
Жаңа жылын құтты болсын, ағайын!
Балалар өлең жолдарын оқиды.
Жаңа жыл, жаңа жыл
жаңа жылда жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында,
Жадырап бар бала жүр.
Тамаша, тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.
Жасыл жиек жамылған,
Асыл моншақ тағылған,
Міне, сұлу шыршамыз
Көптен күтіп, сағынған

Жүргізуші: Енді мерекемізді әдемі әнмен бастайық
«Кел, кел жаңа жыл» әні (музыкасы мен сөзі Е. Гольцованнікі)
Балалар орындыққа отырады.

Жүргізуші: Шелек қалпақ басында
Сәбіз екен танауы
Қыста қардан туатын,
Тауып көрші, сен оны.
Көңілді музыканың сүйемелдеуімен Аққала кіреді.

Жүргізуші: Бұл не өзі? Неткен ғажап? Өзің шықтың қайдан, а?
Аққала: Менің атым – Аққала,
Үйренгем суық, қарға да.
Мұрным менің сәбізден
Міне, міне қараңдар!
Ал мерекенің құрметіне.
Шелегімді ауыстырдым қалпаққа!
Емеспін мен қарапайым Аққала.
Көңілдімін, сотқарлаумын аз ғана!
Ойнағанды ұнатамын мен өте,
Жүгіремін, би билеймін тамаша!

Балалар, ал сендер билегенді ұнатасыңдар ма? Өте жақсы! Онда бәріміз бірге билейік!

«Аққала балалармен бірге жалпы биі»

(А. Спадавеккидің «добрый жук» музыкасының сүйемелдеуімен)

Аққала: Жарайсыңдар, балалар! Өте көңілді биледіңдер! Ой, мүлдем ұмытып кетіппін! Мен сендерге Аяз ата жіберді ғой. Ол сендердің шыршаларыңда әдемі, түрлі түсті шамдардың жоқ екенін біліп, сендерге соны беріп жіберді.

Аққала қалтасынан шамдарды іздейді және бос лентаны шығарады.
Аққала: Мен қатты асықтым, Мерекеге бүгінгі
Сөйтіп жүріп ұмыттым Шыршаны безендіруді.
Жол – жөнекей шамдарды Алыппын – ау түсіріп
Көңілдеріңді қалдырдымТұрмын өзім қысылып!
(Аққала жылайды)

Жүргізуші: Уайымдама, Аққала. Біз балалармен бірге саған шамдарды іздеуге көмектесеміз. Тек сен қай жолмен келгеніңді көрсетші.
Аққала: Рас па, балалар? Сендер маған көмектесесіңдер ғой? Онда тездетіңдер, жолға шығайық, шамдарды қардың астында қалмай тұрып тауып алайық. Ал біз сонда менің көңілді паровозыммен шығамыз.
Музыканың сүйемелдеуімен балалар паровоздың жылжығанын салады. Аққала шыршаны айналып жүреді.

Жаныбекова Жанна Мейрамбайқызы
Қарағанды қ., № 91 ЖББОМ жаңындағы
«Ботақан» шағын орталығының тәрбиешісі
Кел, кел Жаңа жыл! жүктеу
2 292
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жарқыра шырша
Жарқыра шырша
Құрметті ата - аналар, қонақтар! Жаңа жылыңыз құтты болсын! Жаңа жылға арналған «Жарқыра шырша» атты ертеңгілігімізді қабыл алыңыздар.
Ертеңгілік «Жаңа Жыл»
Ертеңгілік «Жаңа Жыл»
Жаңа жыл, жаңа жыр Жаңа жылда жаңа жыр Жасыл шырша жанында Жадырап барлық бала жүр.
Жаңа жыл, жаңа нұр
Жаңа жыл, жаңа нұр
Жүргізуші: Қандай әсем шыршамыз Ән шырқайық баршамыз Тақпақ айтып, би билеп Жаңа жылды бастайық.
Құтты болсын, Жаңа жыл!
Құтты болсын, Жаңа жыл!
Актобе облысы, Мугалжар ауданы, Ембі қаласы, «Достық» балабақшасының тәрбиешісі Мухамбетова Жулдуз Эльбекбаевна
Төрлет, құтты, Жаңа жыл!
Төрлет, құтты, Жаңа жыл!
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылындағы №182 орта мектептің математика пәні мұғалімі Ахметова Мархаббат Жанайқызы
Кел жаңа жыл ортаға
Кел жаңа жыл ортаға
Бүгін сізге жырдан алқа тағайын Шат күлкіге толы болсын маңайың Көргендерде көрмегенде арманда Жаңа жылын құтты болсын ағайын
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×