Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әдеби кеш: Қазақтың қарапайым бір ұлымын, Арымды жаным үшін құрбан еткен

09 желтоқсан 2018, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Әдеби кеш
«Қазақтың қарапайым бір ұлымын,
Арымды жаным үшін құрбан еткен»
(Бауыржан Момышұлының ------ жылдық мерейтойына арналған әдеби кеш)

Мақсаты: Халқымыздың аты аңызға айналған қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлы туралы мағлұмат беру, оның ерлігін үлгі - өнеге тұту, Отанды сүюге, туған елін қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Бауыржан Момышұлының портреті, қанатты сөздер, кітап көрмесі, слайд.

1 - жүргізуші: Қадірменді қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Баршаңызды Ұлы Жеңістің ---- жылдығымен құттықтай отырып, елімізде бейбітшілік туы желбірей берсін деп тілейміз. Аты аңызға, сөзі нақылға айналған қаһарман тұлға — Бауыржан Момышұлының ----- жылдық мерейтойына арналған әдеби кешке қош келдіңіздер! (музыка ойналады «Журавли»)

2 - жүргізуші: Алпыс бес жыл - бейбіт көктем таң атқалы,
Алпыс бес жыл - шуақты күн таратты әнін.
Есімде сонан бері алпыс бес рет
Ашылды Жеңіс күннің парақтары.

1 - жүргізуші: Алпыс бес жыл - үзілмеді құстар әні,
Кетті енді сұм соғыстың қыспағы әні.
Алпыс бес жыл - жауымыздың ажал оғы,
Біздің ел үстіменен ұшпағалы.

2 - жүргізуші: Талай құс содан бері қайта оралды,
Талай бақ әлеміне қайта орнады.
Соғыста өлгендер тек оралмайды.
Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді.

1 - жүргізуші: Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында Отан үшін су кешіп талай миллиондаған асыл азаматтар мерт болды. Жауымен жан аямай шайқасып, ерліктің ерен үлгілерін көрсетті. Ана - жарын жоғалтқан жесір, бала - әкесінен, анасынан айырлыған жетім атанды. Фашистердің тұтқын лагерінде ана мен бала айуандықпен өлтірілді. Ал, тылда қалған қарттар, аналар мен бесіктен белі шықпаған балалар соғыстың қайғы - қасіретін арқалай жүріп, бірде аш, бірде тоқ тынбай жұмыс істеді. Бірақ ешкімнің сағы сынбады. Олардың бойындағы отаншылдық сезім, қолына қару алып сапқа тұрған көптеген ұлт өкілдерінің тізе қосқан бірлігі мен ерлігі Жеңіс сағатын жақындата түсті.
Біздің Қазақстанда да соғыс оты шарпымаған шаңырақ кем де кем. Жүз мыңдаған ата - әкелеріміз соғыстың алғашқы сәтінде - ақ майданға аттанды. Жауға атылған 10 оқтың 9 - ы қазақстанда жасалды.
Дәл осынау жадыраңқы жәй күні,
Болса дағы қай ғасырдың қай жылы
Ұлы Отаным басымды иіп бір минут,
Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, бүгін арамызда асқар таудай болып жүрген аталарымызға басымызды иіп тағзым етейік.
1 минут үнсіздік. (Музыка)

2 - жүргізуші: Халқымыздың аты аңызға айналған қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлына арналған еске алу кешін ашық деп жариялаймыз.
(Оқушылар би билейді)

1 - жүргізуші: Бауыржан Момышұлы - елі үшін ерен ерлік жасаған, өнегелі ұрпаққа үлгі болып қалған ұлы тұлға, 1941 - 1945 жылы соғыста қаһармандығы мен қайсарлығы, әскери басшылықтағы шеберлігімен әйгіленіп, атақ - даңқы майданға, бүкіл елге тараған. Батыр ерлігі жайлы бірінші болып белгілі жазушы Александр Бек «Волоколамское шоссе» повесін жазды. Бауыржан Момышұлы туралы жазылған және батырдың өзі жазған кітаптар бар. Қазақтың қайсар ұлын әлем таниды.

Ән: « Офицеры»
1 - оқушы: Б. Момышұлы 1910 жылы 24 - желтоқсанда Жамбыл облысы, Жуалы ауданындағы Көлбастау ауылында қарапайым отбасында дүниеге келген. Әкесі - Момыш. Шешесі - Рәзия. Әкесі жаны жомарт, көзі ашық, көкірегі ояу кісі. Отбасыларында 4 қыздан кейін әкесі Момыш 50 - ді еңсерген шағында Бауыржан дүниеге келіпті. Тәуіржан деген інісі бір жасында қайтыс боп кеткен. Әкесінен аздап хат таныған Бауыржан көрші Евгеньевка ауылындағы орыс мектебінде 1жыл оқып, келесі жылы Жамбыл қаласына келіп, Аса интернатында үш жыл оқып, бастауыш мектепті тәмәмдады. 1921 жылы шымкенттегі жеті жылдық мектепке түсіп, 1928 жылы бітіреді. Жиырма жастан сәл асқан кезде ол міндетті әскери қызметке шақырылып, өзінің бүкіл болашағын Қызыл Армиямен мәңгілікке байланыстырады.
(Соғыс басталды музыка)

2 - оқушы: 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталды. Қаншама Кеңес адамы сол соғыста мерт болды.
(«Соғыстан қайтқан солдаттар» әні орындалады). көрініс

1 - жүргізуші: Бауыржан атамыз сұрапыл соғыстың басынан аяғына дейін қатысты. Ол лейтенант шенінен бастап, полковник атағына дейін көтерілді, взвод, батальон, полк және дивизия басқарды.

2 - жүргізуші: Соғыс - адамзат өмірінің ұлы трагедиясы. Соғыс - адам жанын қинайтын ең ауыр, ең ащы азап. Осы соғыста Кеңес Одағының миллиондаған адамы болды.

3 - оқушы: Мазасыз сол күндерде Бауыржан Момышұлы басқарған бөлімшелердің жау шабуылын қайтарып көрсеткен ерліктері аз емес. Оның батырлығымен көзге түскені де осы тұс. 1941 жылы Москва түбінде 27 рет сәтті шайқас жүргізді.
Батырдың 207 рет ұрысқа қатысып, 5 рет өлімнің құрсауында қалғаны, 2 рет өлімші болып жараланғаны туралы «Ақиқат пен аңыз» кітабында жазылған.

4 - оқушы: 1955 жылы Армиямен қоштасты. 11 ай қызыләскер, 14 ай взвод командирі, 9 ай атқыштар полк штабының бастығының орынбасары, 6 ай республикалық әскери комиссияның аға нұсқаушысы, 5 ай батальон орынбасары, 8 ай атқыштар полкінің командирі, 3 ай дивизия командирінің орынбасары, 6 ай дивизия командирі, 5 жыл әскери академияда әскери профессор болды.

1 - жүргізуші: Батырдың жыр дәптерінен. Оқитын 7 - сынып оқушысы Сенбиев Исламбек (Слайд)
Туған жерім Мыңбұлақ, арналы Ақсай,
Ішсем суы татиды шекер балдай.
Қызғалдақ, қалың егіс, көк жоңышқа,
Сенен артық жер, шіркін, өтер қандай?
Көкорай шалғын, кең өлкем, жерің дәмді,
Жазың салқын, жайлауың малға жайлы.
Сағынып алыс жерден келгенімде,
Көзім тойып көркіңе мейірім қанды.
Мен кім едім, мен едім,
Мен де мыңның бірі едім,
Қызықпай баққа, атаққа,
Адал еңбек ұлы едім.
Қызмет еткен халыққа,
Ақ ниет мыңның бірі едім.
Атақсыз солдаттың бірі едім.
Ата аруағы қолады
Адал еңбек еткен соң.
Панфиловтан бата алдым
Жау қаһарын төккен соң.
Артыма ерді мың солдат,
Тағдырын маған тапсырып,
Рузаға жеткен соң
Ел ұлдары мың солдат
Белуардан қан кешіп,
Сынға түсті бекініп,
Отқа түсіп, су кешіп,
Жүзден аса соғыста,
Бес - алты рет қоршауда,
Бал орнына у ішіп.
Қан майданда халық үшін
Намыс туын көтердік.
Көрініс.
(Музыка ойнап тұрады. Ортаға Бауыржан Момышұлы шығады).

Астана қаласы, №53 мектеп - лицейінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Токжуманова Меруерт Сайлаубекқызы
3 290
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бауыржан Момышұлына 110 жыл
Бауыржан Момышұлына 110 жыл
Бауыржан Момышұлы - халық қаһарманы, Кеңес одағының батыры, ержүрек қолбасшы, қазақтың көрнекті жазушысы.
Аты аңызға айналған ұлы тұлға
Аты аңызға айналған ұлы тұлға
Халқымыздың аты аңызға айналған қаһарман ұлы Б. Момышұлының өміріне байланысты деректермен таныстыру, оның ерлігін үлгі тұту, оқушылардың патриоттық сезiмін қалыптастыру,
Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» повесіндегі ұлттық тәрбие, халық даналығы
Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» повесіндегі ұлттық тәрбие, халық даналығы
Батырдың балалық шағы немесе жалпы «Ұшқан ұя» повесін оқығандығы туралы не білетіндерін ескере отырып, ұлттық тәрбие, өнеге, халық даналығын талдап шығуға мүмкіндік беру.
Бауыржан мұрасы – ұрпаққа ұран
Бауыржан мұрасы – ұрпаққа ұран
Бауыржан Момышұлы өмірін үлгі ете отырып, өз елін, туған жерін сүюге, елін, жерін қорғаған ата - бабаларымызды құрметтеуге, аталар өсиетінен өнеге алуға тәрбиелеу, патриоттық тәрбие беру.
Бауыржан Момышұлы «Жауынгердің тұлғасы»
Бауыржан Момышұлы «Жауынгердің тұлғасы»
Алматы қаласы, № 178 лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Борибаева Айжан Сауытбековна
Батыр – Бауыржан
Батыр – Бауыржан
Тақырыбы: Батыр – Бауыржан
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×