Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алтын қақпа интеллектуалдық - танымдық ойыны

12 желтоқсан 2018, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
"Алтын қақпа" интеллектуалдық - танымдық ойыны

Ойынның мақсаты: Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев туралы мағлұмат беру, Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі - өнеге ете отырып, патриоттық сезімдерін арттыру.
Дамытушылық мақсаты: Тыңдаушылардың ой - өрісін, тіл байлығын дамыту, шапшаң ойлауға, ойын жинақтап жеткізе білуге үйрету.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, алтын, күміс, тас қақпалар, сұрақтар, алтын сандықша.

I. Ойынның барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
- Сәлеметсіздер ме, құрметті тыңдаушылар мен әріптестер! Бүгінгі «Алтын қақпа» интеллектуалдық - танымдық ойынына қош келдіңіздер! Мерекелеріңіз құтты болсын! Біз бүгін кадет корпусы тыңдаушылар арасында сайыс өткізбешіміз. Елбасының «Қазақстанның болашағы – жастардың қолында» деген сөзін басшылыққа ала отырып, «Менің Тұңғыш Президентім» атты тақырыбына осы ойынды ұйымдастырып отырмыз.

ІІ. Ойынның шарты:
- Енді сіздерді ойынның шартымен таныстыра кетейін. Біздің мақсатымыз Тұңғыш Президент туралы мағлұмат алу, Елбасының өмірбаяны, қызметтік жолы, лауазымдары, еңбектері, жолдаулары, Қазақстан, туған жер, мемлекеттік тіліміз туралы білетінімізді ортаға салу және «Алтын қақпаға» жету. Ондағы алтын сандықта «Сыйлық» бар. Сол «Сыйлықты» алу үшін түрлі тапсырмалар орындаймыз. Ойын үш кезеңнен тұрады. І кезең «Тас қақпа», ІІ кезең «Күміс қақпа», ІІІ кезең - шешуші кезең - «Алтын қақпа» деп аталады. Әр кезең 10 сұрақтан тұрады. Сұрақтарға толық жауап берілген жағдайда қақпа ашылады. Үш қақпаны да ашқан қатысушы алтын сандықтың сұрақтарына жауап береді. Алтын сандықтың сұрағына жауап берген қатысушы жеңіске жетеді.

- Ойынның шарты түсінікті ме? Түсінікті болса, ойынымызды бастайық.

І кезең - «Тас қақпа»
Оны ашу үшін мынадай сұрақтарға жауап берейік:
1. Қазақ елінің Тұңғыш Президенті кім? (Н. Ә. Назарбаев)
2. 6 – шілде 1940 жылы Әбіш пен Әлжанның отбасында кім дүниеге келді? (Н. Ә. Назарбаев)
3. Президент отбасында нешінші бала? (тұңғыш)
4. Н. Ә. Назарбаевтың туған ауылы? (Шамалған ауылы)
5. Президеттің отбасында неше бала болған? (4 бала, өзі, екі інісі, бір қарындасы)
6. Президенттің еңбек жолы қай жылдан басталады және қай жерде? (1960 жылы Теміртау қаласында, Қарағанды металлургия комбинатында)
7. Президент болып сайланған күні мен жылы? (1991 жылы 1 - желтоқсан)
8. ҚР Жоғарғы қолбасшы кім? (Президент Н. Назарбаев)
9. Президеттің лауазымдары? (Мемлекеттік қайраткер, ҚР - ның Президеті, 1992 ж. – экономикалық ғылымдарының докторы, 1993 ж. – ұлттық ғылым академигі).
10. Қазақстанның ең жоғары орденімен маратпатталған кім? Орден қалай аталады? (Н. Назарбаев) (Алтын Қыран ордені)

Жүргізуші: - Міне, «Тас қақпаның» 10 сұрағына жауап бердік. «Тас қақпа» ашылды. Белсенді қатысып отырған қатысушы белгілі болды. Келесі кезең
(Документалды фильм «Сегіз қырлы, бір сырлы»)
ІІ кезең - «Күміс қақпа».
Бәрімізге мәлім Президентіміз тілге шешен, тәлім алар, тағылым боларлық құндылықтар жетерлік. Екі тілде де жетік сөйлейді, қысқасы «Сегіз қырлы, бір сырлы». Бұл кезеңде Елбасының айтқан қанатты сөздері берілген, сіздер көп нүктенің орнына керек сөзді дұрыс қою керексіздер. Күміс қақпаның тапсырмалары қиындай бастады.
Дайынсыздар, ма? Онда, бастайық!
1. «Қазақстанның болашағы -......» (қазақ тілінде)
2. Азаттық алумен... бітпейді. (іс). Тәуелсіздікті......... заманға сай амалың болуы керек екен. (сақтап қалу үшін)
3. Біз тәуелсіздікпен бірге... түлеттік, дінімізді..., тамырымызды жалғап,...... жаңғырттық. (тілімізді, өркендеттік, салт - дәстүрімізді)
4. Ынтымақ жерден -...,... кеткен жерден -... кетеді. (ырыс, бірлік, береке)
5. Бой салыстыратын... емес,... салыстыратын заман. (бой, ой)
6. Бұл дүниеде біздің бір ғана... бар, ол тәуелсіз.... (Отанымыз, Қазақстан)
7. Қазақ даласы –...... елінің қара.... (Ұлы Түркі, шаңырағы)
8. Кеше болмағанның... болуы мүмкін, бүгін болмағанның... болуы мүмкін, бірақ...... мән бермеушіліктің, оны құрметтемеудің орны толмас... соқтыратыны сөзсіз. (бүгін, ертең, ана тіліне, олқылық¬тарға)
9. Дүниеде... Қазақ елi бар;
Әлемде... Қазақстан бар;
Оның..., тату, ынтымақшыл халқы бар;
Қуатты экономикасы,... саяси жүйесi бар;
Ең бастысы – бүгiннен нұрлы, бүгiннен... болашағы бар;
Сол күнге берiк сенiмi бар! (тәуелсiз, егемен, көпұлтты, сенiмдi, кемел)
10. Ұлтты... бірінші тетігі тіл. (күшейтудің)
11. Әлем әдебиетіндегі... жүз кітапты емін - еркін бар бояуымен төгілтіп түсіретін... – қуатты тіл,...... – сондай тіл. (әйгілі, тіл, қазақ тілі)
12. Қазақ қазақпен... сөйлессін! (қазақша)
13. Дарынды... - өзінің... түсінетін ұрпақ. (ұрпақ, тағдырын )
14. Мемлекеттік тіл енді... саясаттың діңгегі болуы тиіс. (ұлттық)
15. Қасиетті...... – ата - бабаларымыздың... тарихын атының тұяғымен жазып кеткен жер. (қазақ жері, даңқты)
16. Бірлігіміз болса, біз бір -... сыйлаймыз. Бұған дейін... болған, бұдан кейін де солай болуға тиіс. (бірімізді, осылай)

Жүргізуші: - «Күміс қақпаның» тапсырмаларын орындадық. «Күміс қақпа» ашылды.

Жүргізуші:. - Міне, Астана қаласында орнатылған Тәуелсіздік нышаны - «Мәңгілік ел» қақпасына да келіп жеттік. Біздің үшінші кезеңіміз «Алтын қақпа» деп аталады. Бұл қақпаның жүгі ауыр, себебі алда – «Білім» қазынасы.

ІІІ кезең – «Алтын қақпа».
Алтын қақпаны ашпас бұрын мақал - мәтелдер сайысын өткізейік.
Мақал - мәтелдердің, жалғасын жылдам айтып отырыңдыр
Отан, туған жер туралы мақалдарды жалғастыру керек.
1. Отан -... (оттан) да ыстық.
2. Туған жердей жер болмас,
...(Туған елдей ел болмас)
3. Аққу көлін аңсайды,
... (Ер жігіт туған жерін аңсайды.)
4. Отансыз адам,
...(Ормансыз – бұлбұл)
5. Ит тойған жеріне,
... (Ер туған жеріне)
6. Әдепті бала, арлы бала,
...(Әдепсіз бала сорлы бала)
7. Абыройлы анаң да – Отан,
... (Асқар тау әкең де – Отан.)
8. Ақылды қария –... (ағып жатқан дария)
9. Ананың көңілі балада,
... (Баланың көңілі анада)
10. Батыр ел үшін туады,... (ел үшін өледі)

«Алтын қақпаның» тапсырмасы
1. Қазақстан өз тәуелсіздігін қашан алды? (1991 ж.)
2. Біздің мемлекетіміздің басты заңы? (Конституция)
3. Президентіміздің сөзіне жазылған өлеңдер? («Елім менің» «Үш қоңыр»)
4. Н. Назарбаевтың қандай кітаптары бар?
5. Президенттің студенттерге арналған шәкірт ақысы қалай аталады?
(«Болашақ» степендиясы)
6. Студенттерге арналған оқу орны қалай аталады? (Назарбаев Университеті)
7. Н. Назарбаевтың халыққа жолдаған жолдауы? (Нұрлы жол)
8. Президент қандай спорт түрлерімен айналысады? (тенис, гольф)
9. 2018 жылдың 5 қазандағы жолдауы қалай аталады?
(«Қазақстандық әл - ауқаттың артуы: өмірдің сапасын жақсарту және табыстарды жақсарту» )
10. Түркия елінің қай қаласында Н. Назарбаевтың ескерткіші бар? (Анкара)

17. мінті.
Жүргізуші: «Алтын қақпа» ашылды
Мақсатымыз «Сыйлыққа» жету болса, Алтын сандықтағы қазынаға да жеттік. Ал, енді «Алтын сандықты» ашайық. Онда мынадай тапсырмалар бар:
1. Суреттегі тарихи тұлғаларды тану, есімдерін айтып, ерлік, еңбектерін айту.
2. «Қазақстандықтар» сөзінен бірнеше сөз шығару қажет.

Суреттегі тарихи тұлғаларды тану

III. Қорытындылау
Жеңімпазды марапаттау.

Ақмола облысы, Бурабай ауданы
Тілдерді оқыту орталығының оқытушысы
Маширова Анар Қалымжанқызы
6 111
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
«Алтын қақпа» интеллектуалдық ойыны
«Алтын қақпа» интеллектуалдық ойыны
Тарих пәні мұғалімі Шакенов Руслан
«Алтын қақпа» интеллектуалды шоу ойыны
«Алтын қақпа» интеллектуалды шоу ойыны
ШҚО, Тарбағатай ауданы, Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектептің химия пәні мұғалімі Шаяхметова Анаргүл Әменқызы
Алтын қақпа (сайыс сабақ)
Алтын қақпа (сайыс сабақ)
Математика пәні мұғалімі: Избасарова Сандеш Тулегеновна
«Алтын қақпа» сайыс сабағы
«Алтын қақпа» сайыс сабағы
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, № 3 мектеп - интернатының бастауыш сынып мұғалімі Искакова Гүлзада Ибадуллақызы
«Алтын қақпа» танымдық ойыны
«Алтын қақпа» танымдық ойыны
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, №3 Алға қазақ орта мектебінің математика пәні мұғалімі Туребекова Жаңылсын Барсаевна
Алтын киік
Алтын киік
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №5 орта мектебінің биология пәні мұғалімі Елубаева Гүлсезім Құрманғазықызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×