Білімділер поралы

Алғашқы қоңырау салтанатты жиының сценарийі

Алғашқы қоңырау салтанатты жиының сценарийі
I жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен қадірменді ата - аналар!
ІІ жүргізуші: Армысыздар ардақты, мектеп оқушылары мен балауса балдырғандар!
І жүргізуші: - Биылғы 2018 - 2019 жаңа оқу жылының «Алғашқы қоңырау» атты салтанатты сабына қош келдіңіздер!
ІІ жүргізуші: Ендеше барлығымыз да сағынышпен күткен “ Алғашқы қоңырау ”атты білім күніне арналған мерекелік шарамызды ашық деп жариялаймыз.
І жүргізуші: Шуақты қыркүйек айының алғашқы күні барша оқушы қауым алтын ұя мектебіне қайта оралып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған балдырғандармен бірге сыңғырлаған қоңырау үнімен табысып отыр.
Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата-аналар, аяулы оқушылар! Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы «Алғашқы қоңырау» мерекелеріңіз баршаларыңызға құтты болсын!
І жүргізуші: Көк тудың желбірегені
Жаныма қуат береді,
Таласқа түссе жан мен ту
Жан емес маған керегі
Көк тудың желбірегені –
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы ресми түрде енгізілсін.
Мектеп түзел тік тұр! Назар аударыңыз! Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы еңгізілсін. (Туды енгізу рәсімі)
Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны орындалады.

ІI жүргізуші: Бүгін біздің қуанышымызға ортақтасу үшін мерекемізге келген құрметті қонақтармен таныс болыңыздар:
1. Мектебіміздің ардагер ұстаздары Кенжебаева Шолпан апай мен Нуртазина Қарлығаш апай
2. Әдістемелік бірлестік жетекшісі Нурсейтова Кулшира апай
3. География пәнінің мұғалімі Жоламанов Жаныбек ағай

І жүргізуші: Жан шуағы, күн шуағы арай ма,
Ұстаз деген әулиедей талайға
Басын иіп өткен жоқ па біз түгіл,
Әл - Фараби, Омар Хаям, Абай да.

ІI жүргізуші: «Алғашқы қоңырау» мерекесін салтанатты түрде ашу үшін алғашқы сөз кезегі мектеп директоры Игибаев Болат Манапұлына беріледі.
І жүргізуші: Құшақ жая қай жерде де қарсы алар,
Абзал жан бар, биік тұлға байсалды.
Қуаныш пен салтанатты шақтарда
Қонақтар да ақ тілегін ақтарар.
Сөз кезегі қадірменді қонақтарда. (қонақтарға сөз беріледі)
Ендігі сөз кезегі кәсіподақ ұйымының төрайымы Сабиева Асем Мерғалиқызына беріледі

Сіздердің құрметтеріңізге 3 сынып оқушысы Мұқай Алинаның орындауында « Ұстазым» әнін қабыл алыңыздар.
II жүргізуші:
Өмірдің бейбіт бағы гүл,
Асудан асып асқарлы
Мінекей биыл тағы бір
Жаңа оқу жылы басталды.
Шаттықпен шалқып толғана
Ой толқытқан жүрегін
Өмірге алмақ жолдама
Сыр шертсін енді түлегің
(9 сынып оқушыларына сөз кезегі беріледі)

I Жүргізуші:
Егемен елдің төсінде,
Шуағын шашсын арай, күн
Азамат болып өсіңдер,
Қызыға жұрттар қарайтын.
9 - сынып түлектерінің орындауында “ ” әнін қабыл алыңыздар.

І Жүргізуші: Біреулер енші ап өмірден,
Аттанбақ болса асып қыр
Біреулер балғын көңілмен
Алғашқы қадам басып тұр
Сондықтан да назарды,
Солар жаққа бұрайық
Балдырғандарды базарлы
Қарсы алып, қол ұрайық.

II Жүргізуші: Айқара ашқан есігін
Қайнары білім нұрының
Мектебің – алтын бесігің
Жылы ұяң, міне сыныбың
Қаламсап алып қолыңа,
Достасарсың да әріппен
Шуағын себер жолыңа,
Жан серігің - әліппең – дей келе, бүгінгі мектеп табалдырығын аттағалы отырған 1 - сынып оқушыларына сәтті қадам, таудай талап тілейміз.
I Жүргізуші: Халқымыз “Ата - баба дәстүрі - асыл мұра” дегендей “Бала - бауыр етім” деп баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, әрбір қадамына қуанып, шілдехана, бесік той, тұсау кесер, ашамайға отырғызу сияқты тойларын жасаған. Ал бүгінгі тойымыз бүлдіршіндердің 6 - ға толып, 1 - сыныпқа қабылданып,“Алғашқы қоңырау мерекесіне қатысу сәті.
Бұл той - баланың бал дәурен шағымен қоштасып, білімге талпынған қадамы.
Құрметті халайық, олай болса, оқушыларымыздың тойын бастауға рұқсат етіңіздер!
(1 - сынып оқушыларының әдеби монтаждары, өлеңдері тыңдалады)
ІІ блок
Музыка әуенімен ойнап келе жатқан балалар дауысы естіледі. Осы кезде 2 - 3 балдырған (қолдарында добы, қуыршағы, машинасы бар) өзара таласып келіп ортаға кіреді.
Алғашқы қоңырау салтанатты жиының сценарийі жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Мейрамгали Акниет
  • ramuk_b
    Жазған: ramuk_b
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Эвфемизм мен дисфемизм
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Адам және табиғат
  • Қамқа
    Жазған: Қамқа
    Мына жаңалықта: Менің Елбасым
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қыс қызығы
  • jami
    Жазған: jami
    Мына жаңалықта: Су. Судың қасиеті
  • Кирбасова Асыл
    Мына жаңалықта: Ұл бала мен қыз бала
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қауын мен қарбыз
Загрузка...
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 160
Қолданушылар: 1
Қонақтар: 159
Роботтар: 3
aiboll
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика