Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Атадан қалған – асыл сөз интеллектуалды ойын

05 қаңтар 2019, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Атадан қалған – асыл сөз» интеллектуалды ойын.

Мақсаты: Балалардың білімге деген құштарлығын, ізденісін, қызығушылығын арттыру. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Көпшілік алдында еркін сөйлеуге, өз білімін көрсетуге, шығармашылықпен еңбек етуге дағдыландыру. Өзін – өзі басқаруға, ұйымшылдыққа, адамгершілікке, қайырымдылыққа баулу.

Түрі: Сайыс
Көрнекілігі: шарлар, мақал - мәтел, гүлдер, плакаттар, сандықша, карточкалар.
Барысы:
Жүргізуші:
Мінекей залда тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны біз де қостаймыз,
Рұқсат етсеңіз көрермен.
Кешімізді бастаймыз.
Құрметті көрермендер бүгінгі біздің ересектер топ арасында «Атадан қалған асыл сөз» атты интеллектуалды ойынымызға қош келдіңіздер! Жүргізуші:
Ойынның бағасын беруші әділ - қазылар алқасын сайлап алсақ.

Жүргізуші:
Бүгінгі кешімізге қатысушыларымен таныс болыңыздар.
1 бөлім «Бәйге»
2 бөлім. «Ойланып көр».
3 бөлім. «Мың бір мақал».
4 бөлім. «Кім жылдам»
5 бөлім. «Мәнерлі сөз»
6 бөлім. «Тамаша төрттік»
7 бөлім. «Өнерлінің өрісі кең».

Жүргізуші:
Бәйгіге түсіп жарыспай
Жүйріктің жаны жанар ма,
Білім мен өнер жарысып
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік, сол алда — дегендей ой мен білім сайысын бастаймыз.
Жүргізуші:
Жарайсыңдар, сайыскерлер, жарайсыңдар!
Алдарыңда асулы талай шың бар.
Шығармысың ойынан көрерменнің,
Ой білімді толғантуға қалайсыңдар.,- дей отырып, келесі 2 - бөлім «Ойланып көр» бөліміне кезек берейік. Мұнда балалар келіп, мына үстелдегі парақтардағы суреттердің айырмашылығын табыңдар, 1 минутта шешімін айтады.

Жүргізуші:
Білімдіден шыққан сөз
Талаптыға болсын кез
Нұрын, сырын білуге
Көкірегінде болсын тез - дей келе келесі бөлімге кезек берсек.
3 - бөлім: «Мың бір мақал» 1 мин уақыт ішінде мақал айту.

4 - бөлім Қазір мен тақтаға 1 сөз тақтаға ілемін. Қай топ сол сөзден бірнеше басқа сөздерді көп құраса, сол топта көп ұпай болады. 2 минут уақыт беріледі.
«Қарапайымдылық»
Қара, ара, апа, ай, май, қала, дала, қылық, апай, дара, қайық, лақ, ақ, парақ, лай, айлық.
Жүргізуші:
«Қанағаттандырылған»

Жүргізуші:
Ана тілі – асыл үні бабамның,
Қуатымсың ақ сүтіндей бабамның,
Сәби шақтан бесігімде жыр тыңдап,
Туған тілді жаттап өскен балаңмын.
Келесі кезекте 5 - бөлім «Мәнерлі сөз» деп аталады. Мәнерлеп тақпақ айтады.

Жүргізуші:
Сырлары көп білімнің,
Шешілмеген әлі де.
Терендігі білімнің
Керек екен бәріне
6 - бөлім «Тамаша төрттік» Ойын шарты: 1 - ден 5 - ке дейін сандар тақтада жазулы тұр. Осы сандардан бірін таңдаймыз. Оның артында сұрақтарға бірден жауап береміз. Әр сұрақ 1 ұпай әкеледі.

1. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің авторы кім?
3. Қазақтың билерін ата.
1. Қазақ тілінде неше әріп бар?
12 ойыншықты екі балға нешеден бөліп беруге болады?
2. Өсімдікке жақсы өсу үшін қандай жағдайлар қажет?

Жүргізуші:
Ақыл – тастан, өнер жастан,
Шығады деп дарынды.
Халық айтса, халық сөзі
Әрқашанда нанымды, демекші ең соңғы бөлім «Өнерлінің өрісі кең» деп өнерге кезек берейік. Анасы мен баласы жапсырады немесе мусіндейді.

Жүргізуші:
Домбырам екі шекті қолға алайын,
Қайырып, он екі алуан ән салайын.
Нұр жауар талапты ерге деген сөз бар
Мен неге бұл өнерден құр қалайын деп қатысушылар дайындалғанша ән жетекшісі ән орындап береді.
Әділ қазылар шешімдерін шығарғанша қатысушылар билейді.
Құттықтау сөз.
Марапаттау.
Атадан қалған – асыл сөз интеллектуалды ойын жүктеу
2 626
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бәрін білгім келеді
Бәрін білгім келеді
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылы, Нұн Жұбаев атындағы орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі Ауелбаева Арайлым
Жүзден жүйрік
Жүзден жүйрік
Қызылорда қаласы, №172 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Әбусағатова Майра
XXI ғасыр көшбасшысы
XXI ғасыр көшбасшысы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің география пәні мұғалімі Ысқақ Есенкелді
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы бастауыш сынып мұғалімі Маденова Эльмира Кайратовна
Тапқыр достар (интеллектуалды сайыс)
Тапқыр достар (интеллектуалды сайыс)
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Меңдібаева Гүлнұр
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×