Білімділер поралы

Нұр себеле ұлыстың ұлы күні!

Нұр себеле ұлыстың ұлы күні!

Наурыз десе – көгімде жүзді күнім,
Наурыз десе – көркейтер түз де гүлін.
Наурыз деген – ырысым, ынтымағым,
Наурыз деген – дәстүрім, ізгілігім.

Наурыз туралы мағлұмат
Наурыз - бұл ежелгі түркі халықтарының жаңа жыл мейрамы. Парсы тілінен аударғанда «наурыз» сөзі «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Оны барлық түркі халықтары: қазақтар, қырғыздар, өзбектер, тәжіктер және т. б. атап өтеді.
Бұл мейрам күн мен түннің теңелген мерзімі 22 наурыз күні не сәйкес келеді.
Наурыз кезінде наурыз - көже дайындалады. Көже жеті тағамның қосындысынан тұрады: арпа, бидай, күріш, қара бидай, сүт, ет, май. Наурыз - көже – мейрамның, көктем келгендігінің белгісі.
Наурыз ерекшеліктері:
- Сіз келген күні таңертең ата, ағаларымыз қолдарына күрек. Ал аналарымыз құрт, ірімшік, сүт, піскен ет алып далаға шығады.
- Бұлақ көрсең көзін - аш - деп, ағаларымыз төңіректегі бастаулардың көзін ашады.
- Бір тал кесең, он тал ек - дескен қариялар бұлақбасына тал егеді. Ал әйелдер атып келе жатқан Күнге тәу етіп, “Армысың қайрымды Күн - Ана!”, - деп иіліп сәлем береді және кеудесі түкті жер - Ана, құт дарыт, жарылқа!- деп ашылған бұлақ көзіне май құйып, жаңа егілген ағаштарға ақ бүркеді.

Ұлыстың ұлы күні деп неге атаған?
Бұл жөнінде мынандай аңыз бар: Бір күні Нұх пайғамбардың кемесі Қа - зығұрт тауына келген сәтте жердің бетін жайлаған топан су кері қайтады. Сол сәт жер бетіне табаны тиген барлық тіршілік иелері көк аспаннан түс - кен қасиетті қазаннан бірге дәм татады. Содан, бұл күнді – ұлыстың ұлы күні деп жариялайды. Наурызды тойлау тарихы Ұлы Абай өзінің «Біраз сөзі қазақтың қайдан шыққаны туралы» жазбасында Наурыз тарихын көшпелі халықтардың «хиби - ғи», «хұзағи» деп аталатын көне заманына ұштастырады. Парсының «нау» сөзі әртүрлі өзгерістерге ұшырағанымен, сол мағынада көп халықтың тілінде сақталып қалған. Ол орысша – нов (ай), немісше – нойе, латынша – нео. Осылайша «нау» сөзі ин - до – еуропалық халықтар дараланудан да бұрын пайдаланылған. Ал одан бергі мерзім ғана 5 мың жылдан асады. Қазақтың көне шежіресінде де Наурыз, Алаш деген сөздер бар.

Наурыз басы: “Күнге сәлем ету”
Армысың қайырымды, Күн - Ана!
Атар таңға, шығар күнге Тәу – тәу!
Басымызға амандық,
Елімізге береке дарыта көр! Тәу – тәу!
Жыл басы келді, жаңғырта келді,
Тәу – тәу!
Кең байтақ ұлысыма Ұлы күн келді,
Жаңа Жыл келді, Тәу – тәу!
Қайырымды Күн - Ана, тілегімді бере көр!
Тәу – тәу!

БҰЛ КҮНІ:
Сапарға шықпайды;
Ешкіммен ренжіспейді;

Жақын туыстармен дәм алысады
7 түрлі дәмнен Наурыз көже дайындайды
Ат шаптырып, балуан күрестіріп, қыз қуып, қол күрестіріп үлкен той жасайды.

“Амал келді жыл келді” көрісу мейрамы

Наурыз тілек:
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын.

Наурыз белгілері:
Наурыз күнгі тағам – “Наурызкөже”
Наурыз күнгі айтылатын ән: “Жарапазан”
Наурыз күнгі жауған қар – “Наурызша”
Наурыз күнгі дыбыс, жылы ағыс – “Әз”
Наурыз күнгі тілекті қабыл қылатын қария – “Қызыр ата”

Дәстүрлі қазақ қоғамында Ұлыс күні жыл басы саналған. Халықтың мифологиялық түсінігі бойынша 21 наурыз түні даланы Қыдыр аралайды. Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Халық таза, жаңа киімдерін киген. Ауылдың ер адамдары бір - бірімен қос қолдасып, төс қағыстырады; әйелдер құшақтасып, бір - біріне игі тілектер айтады.

Наурыздан кейінгі 2 - ші күні жұрт жаппай көктемгі егіске кірісетін. Малшы қауым да төл алуға қатысты іс - қарекетімен айналысатын. Наурызды кейінге қалдыра тұратын ауылдардың өзінде де мейрамнан кейінгі 2 - ші күні жаппай егіске кірісетін.

Наурыз тойы басталғанда, ауыл бойжеткендері жігіттерге арнап, соғымның етін уызға салып пісіріп, «ұйқы ашар» деп аталатын ерекше дәм дайындаған екен.
Ал, Наурыз келгенде жігіттер көңілі ұнатқан бойжеткендерге айна, тарақ, иіссу сияқты сыйлықтар ұсынған. Бұл сыйлықтардың аты – «селтеткізер», «діреткізер» деп аталған.
Нұр себеле ұлыстың ұлы күні! слайд жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Мейрамгали Акниет
  • ramuk_b
    Жазған: ramuk_b
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Эвфемизм мен дисфемизм
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Адам және табиғат
  • Қамқа
    Жазған: Қамқа
    Мына жаңалықта: Менің Елбасым
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қыс қызығы
  • jami
    Жазған: jami
    Мына жаңалықта: Су. Судың қасиеті
  • Кирбасова Асыл
    Мына жаңалықта: Ұл бала мен қыз бала
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қауын мен қарбыз
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 161
Қолданушылар: 1
Қонақтар: 160
Роботтар: 3
Бірлік
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика