Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!

09 қаңтар 2019, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!
Мақсаты: Мектеп тарихымен, зейнеткер ұстаздардың еңбектерімен таныстыра отырып, олар туралы мол мағлұмат беру. Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету. Ұстаз мамандығының қырымен сырларын түсіндіру, ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, шарлар, гүлдер, слайдтар, ардагер ұстаздардың презентациясы, плакаттар, нақыл сөздер.

Барысы:
1 Жүргізуші. Армысыздар құрметті қонақтар, ардақты ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі ұстаздар күні мерекесіне арналған «Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!» атты мерекелік кешкі кездесу бағдарламасына кешіне қош келдіңіздер! Бағдарлама жүргізушісі мен Төлегенова Іңкәр және менің әріптесім Асылханов Қанат.

2 Жүргізуші: Армысыздар, ақылмен түйсініп, жүрекпен сезінетін пайым-парасатымен, талғам-танымымен танылатын асыл жандар!
Интелектуалдық әлеуеті мықты, эрудициясы жоғары, сөзі маржан, үні ән ұлағатты ұстаздар! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Еңбектеріңізге адалдық, отбастарыңызға бақыт, елімізге тыныштық тілейміз!

1 Жүргізуші: Ұстаз - барша мамандықтың көш бастаушысы.
Құйылады жыр - ағын, көптен дара пырағым.
Құтты болсын мерекең, заңғар тұлға мұғалім, - деген өлең шумақтары бүгінгі қонақтарымыз ардагер ұстаздарға арналады.

2 Жүргізуші: Ия, бұл ұстаздарымыз мектебімізде бірталай жылдар бойы қызмет жасай отырып, шәкірттерін талай додалардың биік шыңын бағындыра білді.

1 Жүргізуші: Мінекей, осындай ұлы тұлға ардагер ұстаздармен кездесу кешін ашық деп жариялаймыз!

2 Жүргізуші: Армысыздар, ардақты ұстаздар! Баршамыздың сауатымызды ашып, білім нәрімен сусындатып, өмірге қанат қақтырған ұлағатты жандар!

1 Жүргізуші
Ұстаздарым биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып өз мерекең қарсы алды.
Қуанышты жарқын тілек білдіріп
Құттықтаймыз, ұстаздарым баршаңды.

2 Жүргізуші
Бүгінгі күн құшақтарың гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
Білімменен суарған шәкірттерін,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын!

2 Жүргізуші: Ұлағатты ұстаздарымыздың құрметіне
қабыл алыңыздар.

1. Жүргізуші: Әл - Фараби: «ұстаз... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқануды білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» деген. Байқайсыздар ма? Бұл сөзден біз бүгінгі қонаққа келіп отырған ұстаздарымыздың бейнесін көреміз.

2 Жүргізуші
Жәнібек ағай - мектепте орны бөлек,
Сүйеді шәкірттеріңіз сізді ерек.
Тамыры тереңге тартқан нәрлі ағаштай,
Әрқашан аман болып жүрсең дер тек.
- Ортаға мектебіміздің І - санатты ұлағатты ұстазы Жәнібек ағайды шақырамыз.

1 Жүргізуші:
- Жәнібек ағай бағдарламамызға қош келдіңіз.
(Жәнібек ағайға сұрақтар)
- Балалық шақтан есіңізде не бар?
- Туған жер сізге несімен ыстық?
- Жас кезіңізде қандай болдыңыз?
- Еңбек еткен жылдары есіңізде қалған қызық оқиға?
- Балаларыңыздың ішінде ерекшелейтініңіз бар ма?
- Бала кезіңізде қандай ойын түрлерін ойнадыңыз?
- Ұстаз мамандығын не себепті таңдадыңыз?
- Қазіргі жастар қандай?
- Мектепте қандай пәнді ұнаттыңыз?
- Алғашқы ұстазыңыз кім еді?
- Сіздің мінезіңіз қандай болды?
- Мектеп оқыған кезде балдармен төбелестіңіз бе?
- Бос уақытыңызда немен шұғылданасыз?
- Мамандықтың басқа түрін таңдар ме едіңіз?

Сұхбатыңызға рахмет. Қонақтарға арналған орынымызға жайғассаңыз болады.
2 Жүргізуші
Жақсы жандар жанымызда әрқашан
Ұлағатты сөзін биік ұстаған
Ардақты Шолпан апай анаң секілді
Тәрбиелейді балапандай жасыңнан
- Ортаға мектебіміздің ардагер ұстазы Шолпан апайды шақырамыз.
- Шолпан апай бағдарламамызға қош келдіңіз.
- Балалық шақтан есіңізде не бар?
- Туған жер сізге несімен ыстық?
- Жас кезіңізде қандай болдыңыз?
- Еңбек еткен жылдары есіңізде қалған қызық оқиға?
- Мектепте қалай оқыдыңыз?
- Бала кезіңізде қандай ойын түрлерін ойнадыңыз?
- Ұстаз болуды бала кезіңізден армандадыңыз ба?
- Ұстаз мамандығын не себепті таңдадыңыз?
- Ең алғашқы жұмыс күніңіз есіңізде ме? Несімен есте қалды?
- Мектепте қандай пәнді ұнаттыңыз?
- Алғашқы ұстазыңыз кім еді?
- Сіздің мінезіңіз қандай болды?
- Бос уақытыңызда немен шұғылданасыз?
- Сізге қайта мамандық таңдау реті түссе, қандай мамандықты таңдар едіңіз?
Шолпан апай сұхбатыңызға үлкен рахмет. Қонақтарға арналған орынымызға жайғассаңыз болады.

1 Жүргізуші
Ұлылықтың мықтылығы ағашынан,
Қымыздың күштілігі сабасынан.
Біздердің дарынды деп атағаны,
Үйреткен, тәлім берген Қарлығаш апай,
- Бағдарламамыздың келесі қонағы мектебіміздің ардагер ұстазы Қарлығаш апай.
- Қарлығаш апай қош келдіңіз.
- Балалық шақтан есіңізде не бар?
- Туған жер сізге несімен ыстық?
- Жас кезіңізде қандай болдыңыз?
- Еңбек еткен жылдары есіңізде қалған қызық оқиға?
- Мектепте қалай оқыдыңыз?
- Бала кезіңізде қандай ойын түрлерін ойнадыңыз?
- Ұстаз болуды бала кезіңізден армандадыңыз ба?
- Ұстаз мамандығын не себепті таңдадыңыз?
- Ең алғашқы жұмыс күніңіз есіңізде ме? Несімен есте қалды?
- Мектепте қандай пәнді ұнаттыңыз?
- Алғашқы ұстазыңыз кім еді?
- Сіздің мінезіңіз қандай болды?
- Бос уақытыңызда немен шұғылданасыз?
- Сізге қайта мамандық таңдау реті түссе, қандай мамандықты таңдар едіңіз?
Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып! жүктеу
2 163
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұстаз - ұлы тұлға
Ұстаз - ұлы тұлға
Армысыздар, құрметті қонақтар, Аяулы біздің ұстаздар, ата – аналар және оқушылар! Бүгінгі ұлы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық,
Ұстазым, ұлағатым, үлгі – өнегем!
Ұстазым, ұлағатым, үлгі – өнегем!
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылы №78 мектеп ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Жакеева Галия Талгатовна
Ұстаз - мектептің жүрегі
Ұстаз - мектептің жүрегі
Сабақтың мақсаты: Ұстаздар күнінде оқушыларға ұстаздықтың қиын да қажырлы еңбек екенін білдіріп, ардақты да аяулы ұстаздарын құрметтеуге, еңбектерін бағалауға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Ұстазым – ұлағатым, үлгі – өнегем
Ұстазым – ұлағатым, үлгі – өнегем
Мақсаты: Мектеп тарихымен, зейнеткер ұстаздардың еңбектерімен таныстыра отырып, олар туралы мол мағлұмат беру.
Ұстазым, ұлағатым, үлгі - өнегем!
Ұстазым, ұлағатым, үлгі - өнегем!
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Жанзақова Рахия
Жарқын жүзді ұстазым
Жарқын жүзді ұстазым
Интелектуалдық әлеуеті мықты, эрудициясы жоғары, сөзі маржан, үні ән ұлағатты ұстаздар! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңізге адалдық, отбастарыңызға бақыт, елімізге тыныштық тілейміз!
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×