Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ана - күннің шуағынан жаралған!

11 қаңтар 2019, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
Ана - күннің шуағынан жаралған!
Ертеңгіліктің мақсаты:
Білімділік: Балаларға көктем туралы мағлұмат беру, 8 наурыз бүкіл дүниежүзілік мейрам екенін түсіндіру, отбасындағы ананың орнын, анаға деген құрмет ерекше екенін ұғындыру, ана мен баланың арасындағы байланысты барлық жанрлар бойынша көрсету, театр қойылымы, мақал - мәтел, өлең, ән айту.
Дамытушылық: Көктем мезгілінің құбылыстарын, анаға қалай көмектесетіндері туралы өз ойларын жеткізу арқылы байланыстырып сөйлеуге талпынды
ру, сөздік қорын жетілдіру, ойын арқылы ой - өрісін дамыту, қолайлы орта ұйымдастыру арқылы қызығушылығын, белсенділігін арттыру, көңіл - күйлерін көтеру, театр қойылымын ұйымдастыра отырып, жасқаншақ, ұялшақ баланы ортаға тарту, ілтипатпен ықпал ету.
Тәрбиелік: Отбасына, туыстарына мейірімділік, қамқорлық, кішіпейілділік, адамгершілік құндылықтарына тәрбиелеу, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, эстетикалық талғамын көтеру, әдемілікті сезіне білуге үйрету.

Балалар сазды әуенмен вальс билеп залға кіреді. Жарты шеңбер болып тұрады.
Жүргізуші:
Құрметті асыл аналар, қыз - қызғалдақтар, қадірлі ұстаздар.
Қар астынан қылтыйып бәйшешек бой көтергенде көктемнің алғашқы хабаршысындай болып аналар мерекесі келді.
Бәйшешек соншалықты нәзіктігіне қарамастан, қалың қарды астынан бүршік жарады. Біздің асыл аналарымыз да соншалықты нәзіктігіне қарамастан барлық қиындық атаулыға төзімді.
Аналар көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған гүл мерекелеріміз, күн мерекеміз құтты болсын. Бүгінгі күн аяулы аналар сіздер үшін.
Сәбилеріңіз сіздер үшін де ерекше күн болмақ. Барлық уақытта шыдамдылықпен, мейіріммен, ақылмен, ыстық құшағында аялай мәпелеп, еркелігімізді кешіре жол сілтеген ардақты аналар, бүгінгі балалық сезіміміз, әсем әніміз, көңілді күйіміз, демалыс кешіміз,»Айгөлек» ортаңғы тобының «Аналар күннің шуағынан жаралған» ертеңгілігіміз сіздерге арналады.

Жүргізуші: Ана десем, сезім билер тым ыстық,
Жарасымды адамдарға туыстық,
Бар адамға берсе ананың мейірін,
Орнар еді бар әлемде тыныштық.
Ана десем шешек атып жанары,
Өмірімнің бастау алар жанары
Ана деген тіршілікте пана болып,
Әрбір үйде жұлдыз боп жанады.
Құтты болсын, 8 - наурыз мерекеңіз
Үйіңізде болсын бақыт берекеңіз!
Көркем сөз «Анашым» Авторы: М. Мақатаев.
Яна: Ана дейміз бәрімізде аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген - бәйтерегі өмірдің.
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.
Ана деген – асыл жандар болаттай
Ана деген - мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар қадірлей біл ананы
Жат қылыққа ақыл - ойды тонатпай.

1. Фатима: Ананың біз гүліміз,
Ана – біздің күніміз,
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз!
2. Фараби: Мерекесі бүгін
Алтын анамның,
Сыйлайыншы гүлін,
Жарқын даламның.
Күлімдеген көзі,
Күннің нұрындай,
Ұлым деген сөзі,
Ақын жырындай.

3. Ерсін: Айналайын анашым - әлемдегі жан асыл,
Болса маған не керек, бәрін іздеп табасың,
Айналайын анашым - асқар таудай панасың,
Күн көзіндей күлімдеп, құшағыңа аласың.

Жүргізуші: Міне, балалар аналарымызды бәріміз мейрамымен «құттықтаймыз».(бәрі қосылып айтады).
Хор: « Ақ Мамам» әні.
Ғажайып сәт: Әуенмен тербеліп Ару көктем келеді.
Ару көктем:
Мен көңілді көктеммін,
Былтыр келіп кеткенмін.
Көзін ашып бұлақтың,
Түбіне тал екенмін.
Гүл боп қырда егілем,
Дән боп жерге себілем.
Жаңбыр болып жауам да,
Нұр боп көктен төгілем.
Шуағын төгіп әлемге.
Жылуын күннің әкелем.
Табиғаттың төсіне тіршілігін сыйлаймын!

Жүргізуші: Амансың ба, Ару көктем? Ұлан – байтақ жерімізге қош келдіңіз. Шуағыңды шаттандырып, нұрыңды мол төге бер.
Көктем: Мынау менің құшағым толы қыр гүлін, гүлдей жайнаған қыздарға сыйлағым келіп отыр.- деп гүлдерді таратады. Осы гүлдей, құлпыра беріңдер, аяулы аналар, әжелер, мерекелеріңіз құтты болсын!
Балалар көктем мезгілінің басқа қандай ерекшеліктері бар?
Балалар: Күн жылына бастайды, қар ериді, сай - салаға ағады, құстар ұшып
келеді, ағаштар бүршік атады, гүлдер көп болып өседі.
Көктем аруы: Балалар ендеше, кім көктем туралы тақпақ біледі?
4. Ерқанат: Жыл басы - Наурыз мереке,
Ақ нұрға әсем боянды,
Аналар тойы береке,
Тіршілік жаңа оянды.
5. АРУЖАН: Бар табиғат нәр алып,
Шыға келер жаңарып,
Қызғалдақ болып құлпырған,
Көктем біздің балалық.
6. Абдислам: Сылдыр қағып ақбұлақ,
Күйге салып жатты бақ,
Таудан аққан өзенде,
Гүрілдеді қаттырақ,
Жайраңдасын жас, кәрі
Құстар келе бастады.

Дидактикалық ойын: «Көктем келді»
Ойын шарты; көктем мезгілінің ерекшелігін айыра білу. Қане, ортаға жақындайық. Ағашта нелер пайда болады? (ортаға ағаш қойылады)
- Жапырақтар пайда болады. (3 - 4 бала жапырақты қыстырады)
- Нелер ұшып келеді?
- Құстар ұшып келеді.
- Құстар қайда қонады?
- Ағаштың бұтағына қонақтайды. (3 - 4 бала құстарды отырғызады)
- Көк шөп қайда өседі?
- Жерде (2 - 3 бала әкеліп қояды)
- Төлдер қайда ойнақтайды?
- Көк шөп үстінде (төлдерді орналастырады)
- Бұның бәрі қай мезгілде болады?
- Көктемде.
Жүргізуші: Арайлап атты таңымыз,
Жайнайды бақша - бағымыз,
Гүлдердей құлпырып,
Би билейміз тағы біз.

Атырау қаласы Бірлік ауылы
№33 «Көркемай» балабақшасының тәрбиешісі.
Кабдуахитова Сагия Тлеккабыловна
Ана - күннің шуағынан жаралған! жүктеу
1 805
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Наурыз
Наурыз
Халқымыздың салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын үйрете отырып Наурыз қазақтың ұлттық мейрамын ашып көрсетіп, балалардың көңіл күйін көтеру. Көктем мезгіліндегі табиғат сұлулығын байқай білуге тәрбиелеу. Наурыз — қазақ халқының жаңа жыл екенін түсіндіру.
Ардақтысың сен – ана! мерекесі
Ардақтысың сен – ана! мерекесі
Музыкалық тақырыптық шығармаларды сауатты орындау арқылы балалардың рухани мәдениетін қалыптастыру. Анаға, әжеге деген сүйіспеншілікті ән құдіретімен жеткізу. аналарымызды сыйлауға тәрбиелеу.
Театр дидактикалық ойын (3 - 5 жастағы) балаларға арналған бағдарлама
Театр дидактикалық ойын (3 - 5 жастағы) балаларға арналған бағдарлама
Мектепке дейінгі жас балалардың қабілеттілігін, бейімділігін және сондай - ақ тілінің дамуына өте оңтайлы кезең.
Анаға құрмет!
Анаға құрмет!
Тақырыбы: «Анаға құрмет!» (8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған сайыстық бағдарлама)
Көңілді клоундар
Көңілді клоундар
Атырау қаласы, № 25 «Еркемай» балабақшасының әдіскері Қонаева Гүлбану Қонайқызы
Айналайын, ақ Анам!
Айналайын, ақ Анам!
Атырау қаласы, № 25 «Еркемай» балабақшасының әдіскері Қонаева Гүлбану Қонайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×