Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өмір қымбатсың сен маған!

15 қаңтар 2019, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: Өмір қымбатсың сен маған!
Сабақтың мақсаты:
1. Өмірге деген бейімділік, табандылық қарым - қатынаста болуын қалыптастыру, өмірдің құндылығын сезіндіру.
2. Түрлі мәселелер туралы психологиялық білім беру, олардың алдын алу.
3. Бір - бірімен қарым - қатынас машығын қалыптастыру.
4. Қайырымдылыққа, білімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Міндеттері:
- өмір жолының, өз алдына қойған өмірлік мақсат - мұраттары мен жалпы адамгершілік құндылықтардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру;
- оқушыларды өз өмірінің мәнін түсіне білуге, рухани өсуге және жақсы мен жаманның ара-жігін ажырата отырып, өмірлік айқындамасын белгілей білуге үйрету;
- оқушыларды өз өміріне, өз сөзі, ойы және әрекетіне мұқият болуға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
Бір - бірімізге деген мейіріммен, жылы сезімдерімізді ояту үшін, жақсылап бір ерекше амандасып алайықшы.
Амандасу түрлері
Ол үшін, сыныптың ішін еркін аралап жүреміз. « Бір - бірлеріңе жақындаңдар» дегенде өздеріңе жұп табасыздар. Содан кейін мен, сіздерге тапсырма беремін. Бастайық!
Енді, бір - бірлеріңе қол алмасыңдар, жақындасыңдар - аяқ - аяғымызды, қол қолдарымызбен, иық - иықтарыңызбен, бет - беттеріңізбен, мұрын - мұрындарыңызбен амандастырамыз. (жақсы, өте тамаша!)
Ендеше, осы жақсы көңіл - күйімізбен орнымызға жайғасайық.
Олай болса, мен бүгінгі сабағымды Тұманбай Молдағалиев ағамыздың өлеңімен ашқым келіп отыр. Ал, сіздердің міндеттеріңіз осы өлеңде ақын ағамыз не жайлы жырлаған мұқият тыңдау.
Адам күліп қарсы алады таң нұрын,
Адам жырлап жөнелтеді әр күнін.
Сәл қайғырса, ол ұғына түседі,
Дүниенің кеңдігі мен тарлығын.
Адам күліп қарсы алады таң нұрын,
Адам жырлап ұзартады әр күнін.
Сәл қуанса, шығарады ол естен,
Дүниенің кеңдігі мен тарлығын.
Осы өлеңде не жайлы жырлаған?
Әрине, өмір жайында. Ендеше бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Өмір қымбатсың сен маған!»- деп аталады. Сіздер жақсы орналасқан екенсіздер, ендеше 2 топқа бөлінейік:
1) Өмір 2) Бақыт
Сұрақ:
Ал, балалар «өмір» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Өмірдің мәні неде?
Өмір адамға несімен қымбат?
Ал, бақытты қалай түсінеміз?
Бақыт адамға не үшін керек?
Бақытқа жету үшін адамға не істеу керек деп ойлайсыңдар?
Қандай адамды «Басына бақ қонған» деп айта аламыз?
«Өмір» мен «Бақыттың» айырмашылығы неде?
Ендеше сіздер қалай ойлайсыздар, жалпы бақытты дүкеннен сатып алуға бола ма?
- Елестетіңіздерші, бүгін біздің дүкенге бақытты әкеліпті. Ол бір қорапқа салынған.
- Ол қораптың сырт пішіні, яғни түсі қандай деп ойлайсыңдар?
- Бақыттың иісі қандай?
- Ол жылы ма, әлде салқын ба?
- Бақыттың дыбысы қандай?
- Бақытты адамды қалай танисыңдар?
- Өздеріңіз қандай уақытта бақытты боласыңдар? Ол үшін не керек?
- Олай болса, тақтаға қарап, ойланыңдар. Бақытты болу үшін ең алдымен не қажет?
Ақша
Бақыт - Компьютер
Тәтті кәмпит
Түсінушілік
Бақыт әркімнің өзіне, өмір сүрген ортасына, жағдайына байланысты.
Бақыт дегеніміз - өмірді өз орнында, өз қалпында шамасы келгенше үлгілі өмір сүру, адал болу, майдалықтан, іштарлықтан қашық болу. Өмірдің кедір - бұдыр жерлері толып жатыр. Олар әр адым сайын ұшырасады. Оларды именбеу, жасқанбау, азаматтық міндетін адал атқару мен ар - намысты қорғау - ол да бақыттың бір шыңы. Ештеңеге мойымай, өзіңе сенімді болсаң, міне сол бақыт. Қиындықты жеңсен - бақыт.
«Бақыт»- ол адамның ішкі дүниесіне байланысты. Кейбір адамдар, бақытты тәтті шоколад жеп те сезінеді. Ал, кейбіреулері спортпен шұғылданып сезінеді. Әр адам өзіне ұнайтын іспен шұғылданса, сонда бақытты болады.
Олай болса, өте жақсы балалар. Өмір мен бақыт жайында жақсы біледі екенсіңдер. Олай болса, бізге екі жасөспірім өз қиындықтарымен бөліскісі келеді екен, соларды тыңдап өз ақылымызды қосайық.
Қандай кеңес айтасыңдар?
Өзім: Адам өзге тұрмақ, өзінен жасырар ойы болады. Әркімнің өз тілегі өзінде, қайғысы да қабырғасының астында. Бірақ адамның ең басты қасиетінің өзі - туған күнінен бастап жалғыздықпен күресіп, арпалысуы, ізденуі болмақ. Әйтпесе шын мәніндегі жалғыздық түпсіз қара түнек, шыңырау, ауыр жүк. Сондықтан адам баласы туа салып айқайлап жылап, қасына адам жинайды, анасын іздейді. Дос іздейді. Махаббат іздейді. Қоғамнан өз орнын, тіршіліктің мақсатын іздейді. Өмірдің өзі ақ пен қарадан, ауыр мен жеңілден тұрады. Барлық қиындықты жеңсек - өмірдің мәні, адамның ұлылығы болмақ.
Ендеше, осы екі жасөспірім біздің кеңесімізді тыңдап, жақсы мақсат қойып, өмірлері мәнді де, мағыналы болады деген ойдамыз.
Балалар, біздің ақын ағаларымыз, қазіргі жас ақындар осы «Өмір» мен «Бақыт» жайында көп жырлаған. Қанекей, кім бізге өлең шумақтарын оқып береді?
Оқушылар өз өлеңдерін оқиды.
Мүмкін өз ойларыңызды, газет бетіне түсірерсіздер. Екі топ өз газеттерін суреттеп немесе өз ойларыңды жақсылап өлең шумақтарымен келтіресіздер ме, ерік өздеріңде.
Әр топ өз жасаған жұмыстарын басқаларымызға түсінікті болу үшін талдап айтып берулеріңіз қажет.
Ал, енді, олай болса, біз сіздермен мынандай ойын ойнап жіберсек қалай қарайсыздар?
Ойын «Түсін мені»
Мақсаты: бір оқушы жазылған парақтағы сөзді ыммен түсіндіреді, ал қалған оқушы соны табу керек.

Бақыт өлеңі оқылады. Компьютерден
Міне, өмір, бақыт дегеннің не екенін манадан талдадық олай болса сіздердің осыдан не түйгендеріңізді тыңдағым келіп тұр.
Балалардың ойларын ашық айтуы.
Ұран:
1 топ. Біз өмірді сүйеміз!
2. топ. Бақытты өмір сүреміз!
Барлығы қосылып. Біз бәріміз біргеміз!
Жүректен - жүрекке. Бір - бірлеріне тілек айтады
Бүгінгі сабағымды қорытындылай келгенде: Бізден асқан бақытты жан жоқ екеніне көзіміз жетті. Сіздер қалай ойлайсыздар?
Біз бақыттымыз, себебі біз тәуелсіз мемлекетте өмір сүреміз.
Қорытынды:
2 603
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тренинг: Өмір, өмірдің мәні
Тренинг: Өмір, өмірдің мәні
Өмірге деген ой пікірлерін ортаға салдыру, олардың адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа, достыққа, сыйластыққа үйрету;
Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу
Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу
Адамгершілік сезім дегеніміз – әлеуметтік және табиғи өмірдің сан алуан жақтарына эмоциялық қатынас. Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілік тәрбиесіне баулу олардың бір - бірімен достық – жолдастық, қарым - қатынасының нығаюын қарастыру, олардың
Өмір сен маған қымбатсың
Өмір сен маған қымбатсың
«Өмір», «бақыт» ұғымдарына тереңірек үңілуге ықпал жасау; Өзінде бар құндылықтарды бағалай білуге үйрету;
Өмір мен сені сүйемін
Өмір мен сені сүйемін
1. Өмірге деген бейімділік, табандылық қарым - қатынаста болуын қалыптастыру, өмірдің құндылығын сезіндіру.
Өмір, қымбатсың сен маған!
Өмір, қымбатсың сен маған!
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Беларан ауылдық округі, №77 орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қазбағанбетова Жанна Байкаловна
Өмір қымбатсың маған!
Өмір қымбатсың маған!
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 мектебінің тәлімгері Пшанова Айгүл Әбубәкірқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×