Білімділер поралы

Айгөлек ән байқауының сценарийі

Бастауыш сыныптарға арналған «Айгөлек» ән байқауының сценарийі.
1 Кіріспе сөз.
Бүгін біздің мектепте дүбірлі той,
Ден қойып тыңдаңыздар көңілді қой.
Жырдан шашу шашылсын, ән төгілсін,
Қош келіпсіз көрермен сергісін бой.
- Құрметті ата - аналар, ұстаздар және оқушылар!
Бүгін мектебімізде үлкен мереке өткелі отыр. Ол барлықтарыңызға таныс «Айгөлек»ән байқауы.

Мақсаты: бастауыш сынып оқушылары арасынан өнерлі деген оқушылардың өнерін тамашалап көпшілікке таныту, өнерге сүйіспеншілігін арттыру. Сахна мәдениетіне тәрбиелеу. Болашақ өнер жұлдыздарын дайындап «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»шығарып, бәйгеден озып шыққан оқушыларымызды болашақта қалалық, облыстық, республикалық өнер сахналарына дайындау.
- Бүгін сахнаға алғаш рет шығатын оқушыларымыз да бар, оларға сәттілік тілейміз!
Бүгінгі байқау жас ерекшелігіне қарай 2 номинацияда өткізіледі.
І номинация - 1 - 2 сыныптар
ІІ номинация – 3 - 4 сыныптар
Байқауымыздың жүргізушілерімен таныс болыңыздар:
4 сынып оқушылары Нағметуллаева Толқын және Төлепбергенов Мадияр.

ІІ. Концерттік бағдарлама.
1 жүргізуші.
Қызыққа толы көктемнің,
Сан қырларын ашайық.
Мерекесін көктемнің,
Думандатып бастайық!
2 жүргізуші.
Ал, оқушы ұстаздар
Ортаға назар салайық.
Сайыскерлер шықпақ ортаға
Қол соғып қарсы алайық!
- Қанеки, бәріміз ду қол шапалақпен өнерпаздарымызды ортаға шақырамыз!
1 жүргізуші
- Бүгінгі ән байқауымызды бастайтын және жүргізетін мектебіміздің болашақ жұлдыздары, облыстық «Менің туған өлкем», «Забава 2014» байқауларының жүлдегерлері 4 сынып оқушылары Төлепбергенов Мадияр мен Нағметуллаева Толқын
2 жүргізуші.
Ал, халайық тұрмайық,
Ортамызды ашайық.
Думандатып би билеп,
«Айгөлек»әнін бастайық!
Жүргізушілердің бастауымен барлық сайыскерлер орындауында «Айгөлек»әні.
1 жүргізуші
Әділқазы алқасына бір сәлем!
Әділдікке бас иеді күллі әлем.
Жүйрік озар сайыстарда неше бір,
Сарапқа сал, әділдікпен шеше біл!
2 жүргізуші
- Расында да әділқазылар – әділ жандар, ендеше таныс болыңыздар:
1. Жақауова Зада - мектебіміздің музыка пәні мұғалімі.
2. Байбарақова Нағия - қалалық музыка бірлестігінің жетекшісі.
3. Емешова Айман - мектебіміздің тәрбие ісі меңгерушісі
1 жүргізуші
- Сонымен байқауымызды бастаймыз. Ортаға 1 сынып оқушысы Серікова Аруайды шақырамыз!
- Аруай, сен ән байқауын бірінші бастағалы отырсын, жүрексініп, толқып тұрған жоқсын ба? Бұрын сахнаға шығып ән айтып көрдің бе? Сонымен Аруайдың орындауында «Сәби тілегі»әні. Қабыл алыңыздар!

2 жүргізуші.
- Келесі орындаушымыз 1 сынып оқушысы Абдраманов Нұрасыл.
- Нұрасыл, сен бізге қандай ән орындап бересің?
- Менің орындайтын әнім «Болашағы елімнің»
1 жүргізуші.
- Толқын, сен білесің бе, қазір сахнаға кім шығатынын?
- Жоқ, әрине.
- Ендеше тыңда өзі де әдемі, тіпті орындайтын әнінің аты да «Әдемі». Ортаға «Әдемі»әнімен 1 сынып оқушысы Өтегенова Маликаны шақырамыз.
2 жүргізуші
- Ортаға 1 сынып оқушысы Темірова Ақнұрды «Көктем»әнімен шақырамыз.
1 жүргізуші:
Оянды бар табиғат ұйқысынан,
Жадырап құтылғандай қыс қамынан.
Көктемді шуға бөлеп, әнге бөлеп,
Тыңдаймыз қарлығаштың сырлы әнін.
«Қарлығаш»әнін орындайтын 1 сынып оқушысы Нәбиева Айдана.

2 жүргізуші:
- Ортаға тағы да бір кішкентай әншімізді шақырамыз, 1 сынып оқушысы Кулекешова Наргиз.
- Наргиз бізге қандай ән орындап берер екен?
- «Апа, туған күніңмен»әнін орындаймын.
- Анаңның туған күнінде осы әнді орындап бердің бе?
1 жүргізуші:
- Ендігі ән айту кезегі 2 сынып оқушыларында. Отанбаева Анельдің орындауында «Ән салам»әні.
2 жүргізуші:
- 2 «ә»сынып оқушысы Шари Алинаны ортаға шақырамыз. Қолыңа қолшатыр ұстауыңа қарағанда әнің жаңбыр туралы болды ғой?
- Дәл солай, мен «Жау, жау жаңбыр»әнін орындап беремін.
1 жүргізуші:
- Толқын. достарыңның көп болғаны қандай жақсы, біздерге «Достарым»әнін орындап беруге 2 сынып оқушысы Есенбаев Ахметалиді шақырамыз.

2 жүргізуші:
Көгінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен.
Неткен сұлу, неткен көркем
Осы менің туған өлкем!- деп ән шырқайтын 2 сынып оқушысы Қаратаева Нұрайды ортаға «Менің өлкем»әнімен қабыл алыңыздар.
1 жүргізуші:
Байқауымызды әрі қарай жалғастыратын ІІ номинация 3 - 4 сынып оқушылары.
3 «а»сынып оқушысы Асанов Фархадтың орындауында «Әкетайым»әні
2 жүргізуші:
Өнерлі боп өсеміз,
Өмір сырын шешеміз.
Өсіріп ой - сананы,
Қуантамыз ананы,- деп 3 сынып оқушысы Құрмашева Бота «Аналар күні»әнін айтып береді.
1 жүргізуші:
- Достарым менің, достарым,
Қосылды бүгін бастарың.
Сендерге арнап әдемі,
Осынау әнді бастадым,- деп достарына арнап ән шырқайтын 3 «ә»сынып оқушысы Жанұзақов Бейбарыс.
2 жүргізуші:
Домбыралы, кернейлі,
Өнерпаздар алға шық.
Мерекеміз мерейлі
Кетсін әнге жалғасып,- деп бізге «Ән шашу»әнін тарту ететін 3 «б»сынып оқушылары Үсенова Элеонора мен Байділда Дильназ.

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы,
Байқоңыр қаласы № 273 орта мектебі
Жасанбаева Кадиша Махмудқызы
Айгөлек ән байқауының сценарийі жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • nurislam0
    Жазған: nurislam0
    Мына жаңалықта: Ақша. Монета
  • raya94
    Жазған: raya94
    Мына жаңалықта: Ақша. Монета
  • jupar
    Жазған: jupar
  • Dulat90
    Жазған: Dulat90
    Мына жаңалықта: Биологиядан тест
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Orken agay
    Жазған: Orken agay
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Гүзал
    Жазған: Гүзал
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Ана әлемді тербейді
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Аяулы ана - асылым!
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 30
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 30
Роботтар: 2
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика