Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Заң және заман

22 қаңтар 2019, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Заң және заман
Мақсаты: Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезім қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру.
Түрі: Кездесу, пікірталас
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, қанатты сөз.

І. Ата заңымыздың тарихы
ІІ. Мен заңды қаншалықты білемін?
ІІІ. Сенің құқығым – менің құқығым (оқушы құқығы)
ІV. Ешқандай заңы жоқ арал.
V. «Тығырықтан шығар жол қайсы» (ситуациялық жағдайды шешу)
VІ. Қылмыскер бала қайдан шығады?
VІІ. Психологиялық тренинг
VІІІ. Көкейде жүрген сауал (сұрақ - жауап)
ІХ. Ойды аяқта (мақал - мәтелдің жалғасын табу, түсінік беру)
Х. Қорытынды

І. Ата заңымыздың тарихы
«Құқығыңды сақтап үйрен, бірақ басқалардың құқығы бар екенін ұмытпа»
ІІ бөлім
Мен заңды қаншалықты білемін?
1. Дүкенде спирттік ішімдікпен бірге есірткі де сатылады.
2. Түнгі көшеде жастар айқайлап өлең айтып келе жатыр.
3. Сатушы сатып алушыға байқамай артық ақша беріп жіберді, ал сатып алушы өзіне тиесілі ақшадан артық екенін біле тұра қайтіп бермеді.
4. Бір оқушы сыныптасына: « ертең 20 теңге әкеліп бересің, әкелмесең басқаша сөйлесеміз» деп күш көрсетті.
5. Химиялық завод өзінің зиянды өнімін өзенге тастады, сол өңірдің ауасы бұзылды.
6. Мектеп оқушылары жүзім ұрлады.
7. Сыныптағы бір бала екінші баланың сумкасын сызып тастады.

V. бөлім
“Тығырықтан шығар жол қайсы?” (ситуациялық жағдайларды шешу)
Көшедегі көрініс түнгі сағат 23. 00 (11сынып оқушылары)
Асқар: Шыңғыс қазір үлкендердің дискотекасы білесің бе?
Шыңғыс: Ия, ия, айтпақшы бүгін жиналып, қызықтаймыз ғой.
Асқар: Жүр, ендеше солай қарай барайық.
Шыңғыс: Кеттік, жолшыбай Ердосқа соға кетейік, ол да барар мүмкін.
Асқар: Ердос, біз дискотекаға бара жатырмыз. Балалар да сол жақта жүр, бізбен бірге жүрсеңші.
Ердос: Жоқ, мен әуелі ата – анама ескертуім керек, әйтпесе алаңдайтын шығар.
Асқар: Ту, ата – анаңа ескертіп не істейсің, біз секілді айтпай кетіп қалмайсың ба, сұрансаң, жібермей қалады.
Ердос: Жоқ, балалар, мені жібермейді, бара алмаймын. Ол жақтан ішімдік ішкен адамдар кездесіп, бір нәрсеге душар болармыз.
Асқар: Онда өзің біл, ертең «көп қызықтан қалдым» - деп өкініп жүр ме!
Шыңғыс: Осы кезден бастап көшеге үйрене бермейсің бе?

Көршінің «көмегі»
Азаматша Бейсенкүл өзінің терезесінен бірнеше күн бойына екі жасөспірімді қадағалады. Екі кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім көрші қабаттағы үйде тұрады. Қанат пен Жомарт бірнеше күн қатарынан азамат Есеновтың машинасын түртіп айналып қарап жүрді. Бір күні таңертең Есенов есігінің алдына шықса машинасының екі доңғалағы жоқ екен. Бұны естіген Бейсенкүл есіктің алдына шығып: «Сенің машинаңның доңғалағын ұрлаған Қанат пен Жомарт. Өйткені олар сенің машинаңды бірнеше күн бойы айналшақтап жүрген», - деді.
Заң және заман жүктеу
2 067
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жасөспірім және заң
Жасөспірім және заң
Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру
Бала құқығы – асыл қазына
Бала құқығы – асыл қазына
Оқушылардың адам құқығы, оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін кеңейту, әрбір адам өз құқығын біліп, өзгенің құқығын бұзбауға үйрету, құқықтық тәрбие беру.
Полиция – дос және қорғаушы
Полиция – дос және қорғаушы
Қызылорда қаласы, №197 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Кенжесариева Аманкүл
Менің құқығым (ойын-жарыс)
Менің құқығым (ойын-жарыс)
Сабақтың мақсаты: білімділік: құқықтық мәдениеттілікті, әдептілік, құқықтық сана - сезімді қалыптастыру.
Құқықтық сауаттылық – заман талабы
Құқықтық сауаттылық – заман талабы
Ақтөбе қаласы, №33 Қазақ жалпы білім беру мектебінің тарих пәні мұғалімі: Жұрмағамбет Қобылан Қалтайұлы
"Заң және заман" (тәрбие сағаты)
"Заң және заман" (тәрбие сағаты)
"Заң және заман" (тәрбие сағаты)
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×