Білімділер поралы

Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан. Тәуелдік жалғау

Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан.
Сабақтың грамматикалық тақырыбы: Тәуелдік жалғау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тыңдаушыларды еліміздің жеткен жетістіктерімен таныстыру, Тәуелсіздік туралы түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық: Қазақ халқының ерлігін, даналығын паш ету, оның ізгі қасиеттерін ардақтап, өнеге тұту. Елге, жерге, тілге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Тәрбиелік: Отаншылдыққа, туған жерін сүюге, мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, мемлекеттік тілін құрметтеуге, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, патриоттық рухта тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: панорамалық сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: ойын, сын тұрғысынан ойлау, топтастыру стратегиясы, деңгейлік тапсырмалар.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, слайдтар, презентация, кеспелер.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу. (Келген қонақтармен таныстыру)
2. «Түймедақ» гүлі бойынша үй тапсырмасын тексеру.
3. Сөзжұмбақ шешу. Егер дұрыс шешсеңдер, тігінен бүгінгі сабаққа байланысты сөз шығады.
1) Семья сөзінің аудармасы;
2) Әкенің әкесі;
3) Старший брат сөз тіркесінің аудармасы.
4) Шеше сөзінің синонимы;
Біздің Отанымыз қай ел? (Қазақстан)
Қазақстан қандай мем лекет? (Тәуелсіз)
Сонымен бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: «Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан»
Сабағымыз сайыс түрінде өтеді, сабақ 4 кезеңнен тұрады.
І кезең. Көп сөз білсең, көкжиегің кең болар. (Жаңа сөздермен таныстыру)
ІІ кезең. «Білім және дәстүр сыны» (Әр тыңдаушы кез келген асықты таңдап, сұраққа жауап береді.)
ІІІ кезең. Ауырсыз жеңіл жоқ. Мәтінмен жұмыс. Және деңгейлік тапсырмалар
ІV кезең. Бейнебаян.

ІІ. Үйтапсырмасын тексеру.
(Таңдап алған смайлктың артында өткен сабаққа байланысты жаңа сөздермен, сұрақтар берілді.)
1. Бір аптада неше күн бар?
Аптаның бірінші күні қалай аталады? (қазақша. орысша баламасын айтыңыз)
2. «Вторник» сөзінің аудармасы
Бүгін аптаның қай күні?
3. 2018 жылдың 16 - желтоқсаны аптаның қай күніне келіп тұр.
«Суббота» сөзінің аудармасы
4. Бір жылда неше ай бар?
«Сентябрь» сөзінің аудармасы
5. Мұсылман халқының қасиетті күні қай күн?
«Среда» сөзінің аудармасы
6. «Апрель» сөзінің аудармасы
Бір айда неше күн бар?
7. «Май» сөзінің аудармасы
Тәуелсіздік күні қай айда болады?
8. Конституция күні қай айда тойланады?
«Июль» сөзінің аудармасы

IIІ. Жаңа сабақ.
І. Көп сөз білсең, көкжиегің кең болар.
рәміздер – символы тату – дружные
ел – страна Халық – народ
Отан – родина Мемлекет – государство
табиғат – природа мақтан етеміз – гордимся
1) 1 мин. есте сақтау;
2) Сөз тіркестерін құру.
Мысалы: тату ел, мемлекеттік рәміздер, әдемі табиғат.
ІІ. «Білім және дәстүр сыны» ойыны. Әр асықта 2 сұрақтан болады. 1 сұрақ – жалпы Қазақстанға байланысты болса, 2сұрақ – салт - дәстүрге байланысты болады.
1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл - қай тіл?(қазақ тілі)
Қандай ұлттық ойындарды білесіз.
2. Қазақстан Республикасының Президенті кім?(Назарбаев Н. Ә)
Қазақтың ұлттық киімдерін атаңыз.
3. Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?(Астана)
Балаларға қатысты қандай салт - дәстүрлерді білесіз?
4. Әнұранның әнін жазған кім? (Шәмші Қалдаяқов)
Ұлттық тағамдарды атаңыз?
5. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні қай күні тойланады?(16 - желтоқсан)
Жігіттердің ұлттық биі?
6. Ұлттық валюта қалай аталады? (теңге)
Қазақ киноларын атаңыз?
7. Қазақстан Республикасының тұңғыш ғарышкері кім?(Тоқтар Әубакіров)
Нағашы кімнің туысы? (Ананың )
8. Сенің Отаның қалай аталады? (Қазақстан)
9. Қазақстан Республикасының рәміздері қандай? (ту, елтаңба, әнұран)
«Жар - жар» әні қай кезде айтылады?
10. Әнұранның сөзін жазған кімдер? (Жұмекен Нәжімеденов,
Нұрсұлтан Назарбаев)
Қазақтың ұлттық аспаптарын атаңыз.
11. Қазақстан тәуелсіздігін қай жылы алды? (1991жылы)
Қазақтың жаңа жылы қашан тойланады? (22 - наурыз)
12. Конституция күні қай күні тойланады? (30 - тамыз)
Қызды ұзатқанда қандай бас киім киеді?
13. Елтаңбаның астынта қандай сөз жазылған? (Қазақстан)
Бөле деген кім? (1 үйдің қыздарының балалары)
14. Астана қаласының бұрынғы атауы(Ақмола)
Наурызда қандай дәстүрлі тағам әзірлейді? (наурыз көже)
ГРАММАТИКА
Тәуелдік жалғау.
Тәуелдік жалғау бір заттың екінші затқа (адамға) немесе жаққа меншікті екенін білдіреді. Кестемен жұмыс.

СЕРГІТУ СӘТІ «Түсін мені»
Ортаға бір адам шығады. Сол адамға бір сөз жасырылады, ал қандары тура айтпай мағынасына жақын сөздер айтады. Сол сөзді шешу керек. Ойын солай жалғасады. Мысалы: кітап, жаз, гүл, отбасы,
ІІІ. Ауырсыз жеңіл жоқ. Мәтінмен жұмыс.
Тәуелсіз Қазақстан
Қазақстан Республикасы – көп ұлтты, тәуелсіз мемлекет. 1991 жылғы желтоқсанның 10 - нда Жоғарғы Кеңес Қазақ Социалистік республикасын Қазақстан Республикасы деп атау туралы шешім қабылдады.
1991 жылғы 16 желтоқсан еліміздің тарихында алтын әріптермен жазылды. Бұл күні біздің ел Тәуелсіз мемлекет болып жарияланды. Мемлекетіміздің тәуелсіздігін әлемнің жүзден астам елі таныды. Біздің еліміз бірқатар аса беделді халықаралық ұйымдарға, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымына, Халықаралық валюта қорына мүше болып қабылданды. Егеменді ел болып, халқымыз өз еркімен 1991 жылы тұңғыш Президентін сайлады.
1992 ж. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің сессиясында Республикамыздың мемлекеттік рәміздері қабылданды. Елтаңбамызды, Туымызды белгіледік. Қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді.
1993 ж. 15 - қарашада Ұлттық валюта – теңге енгізілді.
Соңғы Конституция 1995 жылғы тамыздың 30 - нда қабылданды. 1997 жылдың 10 желтоқсанында Қазақстанның астанасы Ақмола қаласына көшірілді.
1998 жылдың 6 мамырында Ақмола қаласының атауы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Астана деп өзгертілді. Туған жерімізде талай - талай өркенді өзгерістер, жақсы жаңалықтар болып жатыр. Ең бастысы – тату - тәтті ынтымағы жарасқан көп ұлтты халқымыз бар. Біздің туымыз – тәуелсіздік, тілегіміз – бейбітшілік, тыныштық. Еліміздің тұтастығын, жеріміздің бүтіндігін, халықтарымыздың жарастығын аман сақтау – әрбір азаматтың борышы.
Деңгейлік тапсырмалар
1 - деңгей. Мәтіннен 5 жуан, 5 жіңішке сөздерді теріп жазыңдар.
2 - деңгей. Берілген сөздерді тәуелденіңіз.
Қазақстан, Тәуелсіз, Отан, Елбасы, туған жер, тарих, ел, халық.
3 - деңгей. Сандар сөйлейді.
1991 жылы 10 желтоқсан (Қазақстан Республикасының атауы қабылданды)
1991 жылы 16 желтоқсан ( Тәуелсіз мемлекет болып жарияланды)
1991 жылы (Тұңғыш Президент сайланды)
1992 жылы (Рәміздер қабылданды)
1993 жылы 15қараша (Ұлттық валюта енгізілді)
1995 жылы 30 - тамыз (Конституция қабылданды)
1997 жылы 10 желтоқсан (Қазақстанның астанасы Ақмола қаласына көшірілді)
1998 жылдың 6 - мамырында (Ақмола қаласының атауы Астана деп өзгертілді)
ІV. Бейнебаян.
1) Бұл оқиға қай жылы болды? (бейнебаянға байланысты сұрақтар қойылады.)
2) Жастардың көтеріліске шығуына не себеп болды?
3) ОЙТҮРТКІ
Тәуелсіздік деген не? Осы сөзді естігенде ойға қандай ұғымдар келеді?

4) ЖЕЛТОҚСАН сөзінен сөз тудыру.
Қорытынды
Егеменді еліміздің ертеңінен де көп жақсылық күтеміз. Болашағымыздың баянды, келешегіміздің кемел болғанын қалаймыз. Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын. Жер бетінде әрқашан достық пен келісім орнап, еліміздің болашағы жарқын болсын!

Бурабай ауданы
Тілдерді оқыту орталығының оқытушысы
Шакаримова Гүлнар Кеңесқызы
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • nurislam0
    Жазған: nurislam0
    Мына жаңалықта: Ақша. Монета
  • raya94
    Жазған: raya94
    Мына жаңалықта: Ақша. Монета
  • jupar
    Жазған: jupar
  • Dulat90
    Жазған: Dulat90
    Мына жаңалықта: Биологиядан тест
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Orken agay
    Жазған: Orken agay
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Гүзал
    Жазған: Гүзал
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Ана әлемді тербейді
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Аяулы ана - асылым!
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 89
Қолданушылар: 1
Қонақтар: 88
Роботтар: 2
aiboll
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика