Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Заманауи жас маман (мектепішілік байқауы)

02 ақпан 2019, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Заманауи жас маман (мектепішілік байқауы)
Мақсаты: Жас ұстаздардың біліктілігін, жан - жақты өз кәсібінің шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш жігерін жұмсауға баулу.
Бірінші - Таныстыру сайысы
Бұл сайыста байқауға қатысушы өзі туралы және өзінің қызмет атқаратын ұжымын қызықты етіп таныстырады. Бұл сайыс қатысушының қалаған түрінде жүргізіледі(қатысушы ән айту, өлең оқу, т. б өзінің ізденісіне байланысты таныстыруына болады) және ұзақтығы 5 минуттан аспауы тиіс.

Екінші «Өнерлінің өрісі кең»
Бұл сайыстың мақсаты қатысушының шығармашылық қабілетін, өнерге бейімділігін ашу. Сайыскер өз қалауына қарай ән айтуы, би билеуі, көркем сөз оқуы, юмор немесе ерекше жанрлар арқылы өз өнері мен шығармашылық қабілетін көрсетеді (ұзақтығы 3 - 5 минут).
Үшінші «Білікті маман – Ел тірегі»
Бұл сайыс жекелеген мамандықтар негізінде сұрақ - жауап арқылы қатысушының білім деңгейін, кәсіптік біліктілігін, ой - өрісін тексеру мақсатында өтеді.
Тест жұмысын орындау (20 сұрақ пәннен, 10 сұрақ әдістеме);
Ситуациялық тапсырма;

Төртінші «Мамандығым – мақтанышым» кәсіби сайысы
1. «Үздік сабақ» макеті (сабағыңыз үздік болу үшін не істейсіз?)
2. «Мамандығым мақтанышым»- жетістіктеріңізді презентация арқылы көрсетесіз.
Қатысушы мұғалімдер:
Серікқанова Ж.
Қайырова А.
Баркышева С.
Оразай А.
Жеңісхан И.
Макажанов Д.
Мукажанова А.
Төкежанов А.
Каркенева Д.

1Жүргізуші:- Қайырлы күн, ұстаздар және жас мамандар!
ІІ Жүргізуші:- «Үздік жас маман - 2018» жас мамандар сайысына қош келдіңіздер!
І Жүргізуші:
«Мұғалім - тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан маман. Өйткені, ел болашағының кілті - бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Жас ұрпақтың тағдыры олардың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші - ұстаздардың қолында.
ІІ жүргізуші:
Ұстаз кім? Ұстаздық не? Ұғамын ба,
Әлде ол қарапайым мұғалім ба?
Беттерін ұстаз дастан парақтасаң,
Жанымды толтырады бұла мұңға.
І жүргізуші:
Ұстаз! Ол - ақыл ойдың кені емес пе?
Көш бастар замананың ері емес пе?
Жатталып кейінгіге хаты қалған,
Ұстаз ол - күллі әлемнің нұры емес пе?
ІІ жүргізуші:
Осы орайда ұстаздықты жүрек қалауымен таңдап, жоғары оқу орындарын ойдағыдай аяқтап, ортамызға келіп еңбек жолын жаңа ғана бастап жатқан жас мамандарға қадамдарың құтты, еңбек жолдарың сәтті болсын деген тілек білдіреміз.
І жүргізуші:
«Жас маман деген кім?
Ж - жігерлі
А - алғыр
С - сұлу да сымбатты
М - мақсаткер
А - айтқанды екі етпейтін
М - мінезі жайсаң
А - арманшыл
Н - насихатты тез қабылдайтын жас мамандарды ортаға шақырамыз.
ІІ жүргізуші:
Шығармашыл, ақылды, әдемі
Серікқанова Жанерке ортамызда
Жайнап жүр гүлдей алдымызда.
І жүргізуші: Серікқанова Жанерке тәлімгер ұстаз
Ұстанымы: «Өмірдің әр сәтінен сабақ ал»
Тәлімгері: Жібек Өмірбаевна
ІІ жүргізуші:
Биологиядан сабақ бересің.
Құтты болсын қадамың
Айгерім саған сәт – сапар

І жүргізуші:
Биология пәнінің мұғалімі Мукажанова Айгерім Миргалымовна
Ұстанымы: «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.»
Тәлімгері: Дуанова Алмагуль Кашкеновна
ІІ жүргізуші:
Елін, жерін сүю үшін шәкірттер
Болу керек патриот, намысты ер.
Мұғалімдік мамандыққа керек екен
Азаматтай жаны ізгі жігіттер
І жүргізуші:
Технология пәнінің мұғалімі Төкежанов Азамат
Ұстанымы: «Дүниедегі ең оңай нәрсе - біреуге ақыл айту, ең қиын нәрсе - өзіңді - өзің түсіну»
Тәлімгері: Амангулов Тлеуберген Базылбековия
І жүргізуші:
Ойында мейірім, ақ тілек.
Жүреді әр кез, бақ тілеп.
Ажар біздің қашанда
Сыпайы, әрі ақ жүрек.
І жүргізуші:
- Бастауыш сынып мұғалімі Кайырова Ажар
Ұстанымы «Білсе білім - күнде бақыт кісіге,
Үлкен атақ содан келер кішіге»
Тәлімгері: Ағланбекова Б. И.
ІІ жүргізуші:
Шешендікке баулытып
Ана тілді сүйгізген
Таңшолпандай қызыңыз
Танысыңыз, біліңіз.
І жүргізуші:
Каркенова Динара – бастауыш сынып мұғалімі
Ұстанымы: Еңбек - бәрін де жеңбек
Тәлімгері: Нургул Сатбековна
І жүргізуші:
Спорттың нағыз шебері.
Әрбір ісі кемелі.
Баулыған әрбір өренді,
Ильяс біздің өнерлі
І жүргізуші:
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Жеңісхан Ильяс
Ұстанымы: « Біреуге ор қазба, өзің түсерсің»
Тәлімгері: Курумбаев К. А.
ІІ жүргізуші:
Спортты серік еткен өн бойына,
Жеті өнерді жинаған өз қолына
Сабырлы да, салмақты біздің Абзал
Шығады әлі талай биік шыңдарға.
І жүргізуші:
Оразай Абзал - дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Ұстанымы: «Болашақ бүгіннен басталады.»
Тәлімгері: Курумбаев Қ. А.
І жүргізуші:
Жас мамандар толқып тұрған болар, олай болса, күпті көңілді сейілтіп, көтеріңкі көңіл – күйге бастаушы жақсы әнмен ортаға шақырамыз.
Ән: «Айгерім»
ІІ жүргізуші:
Шын жүйріктер сыналады жарыста,
Жарыстың ба, орта жолда қалыспа!
Әділқазы бағалайды сіздерді,
Жеңіс мәре жақын ба, әлде алыс па?
Ендеше сіздердің өнерлеріңізді бағалап отыратын әділқазы мүшелерімен таныс болыңыздар.
І жүргізуші:
Мектеп директоры: Абраимова Еркежан Мураткановна
Тәрбие жұмысының жетекшісі: Сембаева Ж. Ө
Бастауыш сыныптың оқу ісі жөніндегі меңгерушісі: Ағланбекова Б. И
2. Жүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын байқаудың кезеңдерімен таныстырып кетейік.

Бірінші - Таныстыру сайысы
Бұл сайыста байқауға қатысушы өзі туралы және өзінің қызмет атқаратын ұжымын қызықты етіп таныстырады. Бұл сайыс қатысушының қалаған түрінде жүргізіледі(қатысушы ән айту, өлең оқу, т. б өзінің ізденісіне байланысты таныстыруына болады) және ұзақтығы 5 минуттан аспауы тиіс.
1. Жүргізуші:
Екінші «Өнерлінің өрісі кең»
Бұл сайыстың мақсаты қатысушының шығармашылық қабілетін, өнерге бейімділігін ашу. Сайыскер өз қалауына қарай ән айтуы, би билеуі, көркем сөз оқуы, юмор немесе ерекше жанрлар арқылы өз өнері мен шығармашылық қабілетін көрсетеді (ұзақтығы 3 - 5 минут).
2. Жүргізуші:
Үшінші «Білікті маман – Ел тірегі»
Бұл сайыс жекелеген мамандықтар негізінде сұрақ - жауап арқылы қатысушының білім деңгейін, кәсіптік біліктілігін, ой - өрісін тексеру мақсатында өтеді.
А. Тест жұмысыны орындау
Б. Ситиуациялық тапсырма
1. Жүргізуші:
Төртінші «Мамандығым – мақтанышым» кәсіби сайысы
1. Бұл кәсіптің қасиетін, мағынасын ашатын болғандықтан негізгі сайыс. Қатысушы өз мамандығы туралы, оның өмірдегі мәні мен қажеттілігін дәйекті негіздермен дәлелдейді:
А. Үздік сабақ
Б. Мамандығым – мақтанышым жетістіктеріңізді презентация арқылы көрсету.
2. Жүргізуші:
1. Жүргізуші:
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін – деп, жетпеген жеңісіне, орындай алмаған арманына, артында қалған жастардың жететініне нық сенім білдіріп Мағжан Жұмабаев айтып кеткен. Сол сенімді сөзбен емес, іспен көрсететін жастарымыз енді.
2. Жүргізуші: «Сәлем – сөздің басы» дегендей сайыскерлеріміз өздерін - өзі таныстыруға кезек берейік.
Ескеріледі:- Мазмұны
- Көрерменге әсер етуі
- Орындау шеберлігі
- эмоционалдығы

Таныстыру кезеңі
1. Жүргізуші: Жас мұраты білім, тәлім талабы.
Өнер, оқу – жастық қару жарағы – демекші бүгінгі сайысқа
қойылатын екінші шарт өз өнерін көрсету. Жас мамандардың өнерін тамашалайық.
1 Жүргізуші: Өнер көкке жеткізер
Өнер болса қолыңда
Өнершінің ырысы
Жарқырап жатар жолында.
2 Жүргізуші:
Келесі кезекте өнер сайысы:
Ескеріледі: - Орындау шеберлігі
- Образдылығы
- Шынайылығы
- Көрерменді баурап алуы
«Өнерлінің өрісі кең»
(өнер көрсетіп болғасын)
Өнер менен білімде,
Әркімнің өз жолы бар.
Сайысарлық бүгінде,
Өзіндік дара үні бар,- дегендей әділқазы төрелерге кімнің өнерлері ұнады екен, қане көрейік.(өнер сайысының бағаларын айту)

2. Жүргізуші: Осындай тапқыр достар кез - келген де,
Жетсін - ау, жарыстарда жеңгенге не?
Қарсылас болғанменен, құрбысыңдар.
Тілейміз ізгі тілек сендерге де!- деп құрметті қауым! Сынға түскелі отырған жас ұстаздарға тағы да қошемет көрсетіп қоялық.
Заманауи жас маман (мектепішілік байқауы) жүктеу
26 856
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Таныстыру өлең
Таныстыру өлең
Армысыздар, әріптестер қазыларым! Жас мамандар сайыста сынар бағын Бастайын мен өзімді таныстырып, Көрермен қошеметпен қабыл алғын.
Үздік бірлестік - 2015 байқауы
Үздік бірлестік - 2015 байқауы
Жас ұстаздардың біліктілігін, жан - жақты өз кәсібінің шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш жігерін жұмсауға баулу.
Көңіл-күйімізді жаттықтыру
Көңіл-күйімізді жаттықтыру
Ұстаздар қауымының қабілетін, ынта жігерін, қызығушылығын, шығармашылығын, біліктілігін дағдыландыру. Көрші жаттығуы
Шебер мұғалім - 2014
Шебер мұғалім - 2014
Елбасы президентінің жолдауын негізге ала отырып, мұғалімдердің шығармашылдығын анықтау, жас мамандарға жаңашаланған тұрғыдағы педтехнологиялардың үрдістерімен әдіс алмасу. Осындай тапқыр достар кез - келген де, Жетсін-ау, жарыстарда жеңгенге не?
«Балдаурен» би байқауы
«Балдаурен» би байқауы
Армысыздар, ардақты ата - аналар, аяулы бүлдіршіндер, қадірменді қонақтар! Бүгінгі «Балауса» балабақшасының «Балғын бишілер» сайысына қош келдіңіздер.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×