Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұрпаққа үлгі болған ерлік

05 ақпан 2019, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тәрбие сағатының тақырыбы: Ұрпаққа үлгі болған ерлік
Мақсаты:
Білімділігі: Ауған соғысының тарихи мағынасын ашып, оқушыларға түсіндіру.
“Ауған соғысы” жайлы тереңірек біліп тану, соғыс ардагерлері туралы мәлімет алу.
Дамытушылық: Тарихи деректердің маңыздысын аша білуге және материалдарды диалектикалық тұрғыдан талдай білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Ауған соғысының ардагерлерін құрметтеу, жас ұрпақтың патриоттық сезімдерін оятып, Отан үшін отқа түсіп қыршынынан қиылған, жат жерде көз жұмған Қазақстан азаматтарын еске алу, жауынгерлердің қысқа ғұмырынан үлгі - өнеге, тарихи тағылым беру, оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, елжандылыққа, отансүйгіштікке, ізгілікке баули отырып тәрбие беру.
Көрнекілігі: Тақырыпқа сай слайд, интерактивтік тақта

Тұрсынбек:
Соғыс - жан алып, жан беру.
Соғыс - халықтың басына келген қасірет, жұт.
Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 26 жыл толуына байланысты
«Ұрпаққа үлгі болған ерлік» тақырыбындағы тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

Сандуғаш:
Ауғанстан... Біз ол туралы біз не білеміз? Ауғанстан бұл - ертеден қалыптасқан мұсылман мемлекеті. Бірақ бұл ел бізге ұмытылмас қайғы мен қасірет әкеледі деп ешқашан ойлаған емеспіз. Біреудің жүрек жарар ұлын, біреудің арқа сүйер бауырын жұлып әкетерін кім білген?!

Тұрсынбек:
Ауған соғысы — КСРО Қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. КОКП және КСРО басшылығы Ауғанстандағы 1978 жылғы сәуір төңкерісі нәтижесінде билікке келген “халықтық - демократиялық үкіметті” қолдап, көршілес елдің социалистік бағытпен дамуын көздеп, “интернационалдық әскери жәрдем береміз” деген желеумен оның ішкі істеріне араласты. Бұл “қырғи қабақ соғыс” кезеңі өткеннен кейінгі уақытта да КСРО - ның өзге елдерді өз ықпалына қарату саясатының айқын көрінісі еді.

1 - оқушы - Шарафат
Не болды екен, көңілім тыншымайды,
Кім болды екен басатын гүл шырайды.
Енді ғана нұрланған бұл өмірдің
Ақ жолынан алыста жүрші, қайғы.?!
Үзілді гүл бүршік атқан жаңадан,
Қиылды өмір, енді ғана жаңарған.
Наз көңілдер су сепкендей басылды,
Төгілді жас жабырқаулы жанардан.
Соғып өтті тіршіліктің ызғары
Болғаны ғой... осы өмірді бұзғаны.
Суық лебі жүрекке кеп орнады,
Бірақ бұл сәт уақытынан озбады.
Әлемге ортақ аспан да, жұлдыз, Ай да, Күн...
Қуаныш та көп, қайғымыз да көп айтатын.
Бәрі де ортақ, тек шекаралар арада
Әттең, тек содан көңілім менің қайтатын.
Талассын таңы, күнменен бірге шағылсын,
Бейбітшіліктің жұлдызы көктен жағылсын.
Жұдырықтай боп жұмылған жұмыр жерімнің
Басынан тайсын бар жамандығы арылсын.
Әлемнің жаны, бір болса екен, тілегі,
Тек бейбітшілік деп соқса екен жүрегі.
Қиыншылықта біріне - бірі сүйеніш,
Болса екен деймін қолдаушы әрі тірегі.
Қазақстаным, көгерсін, гүл боп жайнасын,
Ел - жұртың күнін бейбітшіліктің тойласын.
2030, одан да әрі мәңгілік
Басыңнан бағың, қасыңнан құтың таймасын.

2 - оқушы - Ақарыс
Ұмытпайды артта қалған ұрпағың
Еске алады жыл сайын
Өмір үшін өртеніп кеткендерді.
Ал бүгінде мақтан етер ұрпақтары
Жеңіс алып еліне жеткендерді.
Тыныштық боп мәңгі осылай тұрса күн,
Жас бүлдіршін жаға берер жыр шамын.
Сүйем сені, қасиетті мекенім,
Мәңгі сені әнмен желпіп өтемін.
Сенде ғана көтерілем биікке,
Сенде ғана арманыма жетемін..

Тұрсынбек:
1979 жылы Ауғанстан жерінде болған зұлмат соғыста Кеңес әскерлері қайталанбас қаһармандық танытты. Мейлі өзге елде болсын, халықтың тыныштығын қалаған батырларымыздың басым бөлігі сол бір сұм жылдарда майдан даласында қаза тапса, тағы бірі із - түссіз жоғалып кетті.

Сандуғаш:
Биылғы жылы Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 26 жыл толып отыр. Ауған соғысының қанды қырғынынан аман – есен оралғанымен, жандары жаралы 18 мыңнан астам қазақстандық ардагер ортамызда жүр. Олардың дұшпан оғынан қаза тапқан майдандас достарын соңғы сапарға шығарып салып тұрып, көздері жасқа, жүректері мұңға толған шақтары көп. Сонда да ата - баба рухына дақ түсірмей елге абыроймен оралды. Майдан даласында жанқиярлық пен қаһармандығы үшін он мыңдаған қазақстандық орден - медальдармен марапатталды.
Ұрпаққа үлгі болған ерлік жүктеу
5 103
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ауғанстан - жүректегі жара
Ауғанстан - жүректегі жара
Туған жерін, Отанын сүюге, халқына адал қызмет етуге тәрбиелеу. Олардың достық, адамгершілік қасиеттерін, патриоттық сезімдерін дамыту.
Ауғанстан - жүректегі жара
Ауғанстан - жүректегі жара
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы селосы, №7 орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Джетимекова Сауле Аскеровна
Қажетсіз соғыстың қасіреті
Қажетсіз соғыстың қасіреті
Физика пәні мұғалімі Тоқбергенов Қуат
Ерлікке әрқашан орын бар
Ерлікке әрқашан орын бар
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Қоғалы ауылы, Панфилов атындағы орта мектеп дене шынықтыру пәні мұғалімі Джексембаев Аскар Айазбекович
Отанды қоғау – интернационалдық борышың
Отанды қоғау – интернационалдық борышың
Астана қаласы, «Медициналық колледж» МКҚК оқытушысы Абылкасымова Рысалды Абдиразаковна
Ауған ақиқаты
Ауған ақиқаты
Қызылорда қаласы, № 197 қазақ орта мектебі Жұмабекова Ұлбосын Ерғабылқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×