Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Төтенше жағдайлар

08 ақпан 2019, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тәрбие сағатының тақырыбы: Төтенше жағдайлар
Мақсаты: Табиғатта болатын төтенше жағдайлар туралы мәлімет беру. Төтенше жағдайларда болуы ықтимал апат оқиғаларында өздеріне, төңіректегілерге жәрдем көрсете білудің қарапайым жолдарын меңгеру;
Міндеті: Оқушыларға азаматтық қорғаныс туралы жалпы мағлұмат беру. Оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, шыншылдыққа, адалдыққа, жақсылық жасай білуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер: Төтенше жағдайлар туралы мәлімет алады. Азаматтық қорғаныстың қазіргі өмірде маңыздылығын таниды. Жәрдем көрсетуге ұмтылады. Топпен жұмыс жасау дағдыларын дамытады. Пайдалы ақпараттарды іздеуге және оны пайдалануға үйренеді. Тақырып бойынша өз ойларын айта алады, өздігінен қорытынды шығара алады.
Сабақтың түрі: танымдық, топпен жұмыс.
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, пікірлесу; топтық жұмыс; СТО стратегиялары
Көрнекілігі: буклеттер, суреттер, мақал – мәтелдер, парақшалар;
Қанатты сөздер, мақал - мәтелдер: «Өрт тілсіз жау», «Сақтықта қорлық жоқ», «От жақпа - пісерсің, ор қазба – түсерсің», «Сумен ойнама – батарсың, отпен ойнама – күйерсің», «Сақ жүрсең сау жүрерсің», «Жау жоқ деме – жар астында, бөрі жоқ деме – бөрік астында», «Жері байдың – елі бай», «Туған жер – алтын бесік», «Жеміс – жерде, жеңіс – ерде», «Ауа – өмір тынысың», «Судың да сұрауы бар»;

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
Ынтымақтастық атмосферасын құру, психологиялық көңіл - күй қалыптастыру.
Сабақтың мақсат міндетімен танысу.

II. Кіріспе. Қызығушылықты ояту.
«Ой қозғау»
Мұғалім сөзі: Адам – табиғат перзенті. Тіршілікте төрт құдірет – Күн - ана, Жер - ана, ауа мен су болса, олардың біреуінсіз тіршілік тоқтайды. деген мақалдар осы төрт құдіретті қадірлеуден тараған. «Табиғаттың бізге жұмбақ сырлары көп таңданар» деп ақын Мұхтар Шаханов айтқандай, адам мен табиғаттың, табиғат пен қоғамның арасындағы қарым - қатынас өмір сүрудегі аса қажетті алғы шарт болып саналады.
Табиғат мейірімі, табиғат көркемдігі адам баласын мейірімге бөлеп, ар тазалығын сақтауға бейімдеп отырады екен.
Табиғатта сезім бар, құлақ та бар,
Ренжітсең, күрсініп, жылап та алар.
Аяласаң, жаныңа шуақ тамар,
Қажығанда бойыңа қуат болар - дейді ақын жүрек.
Қазақ халқы салт - дәстүрге өте бай ел. Бұл - оның мәдениетті, әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы. Біздің халқымыз жеті санын киелі сан деп біледі. Осыған байланысты айтылған «Жеті жұт» дегеніміз не?
1. Құрғақшылық (қуаңшылық)
2. Жұт (мал қырылу)
3. Өрт
4. Оба (ауру)
5. Соғыс
6. Топан су
7. Зілзала (жер сілкінісі)

Олай болса, біздің ұсынып отырған сабағымыздың тақырыбы: «Біз қауіпсіз әлем үшін» деп аталады. Біз табиғат апаттары кезінде орын алатын төтенше жағдайлар туралы
әңгімелесеміз. Төтенше жағдайлардың пайда болу себептері, оның түрлері мен сипаты және қауіпсіздік шаралары туралы білетін боламыз.

III. Негізгі бөлім.
Мағынаны ашу.
Табиғатта болып жататын экологиялық апаттардың ішінде төтенше жағдайларды білу өте маңызды. Өйткені бұл апаттар кенеттен пайда болады да жергілікті экожүйелер, елді мекендер аяқ астынан сұрапыл апатқа ұшырайды. Сендер бұндай жағдаймен кездескенде сабырлық сақтап, өміріңді сақтап қалуыңа мүмкіндік жасау керек. Сол себептен бұны білу және оны дұрыс қолдану біздің міндетіміз.
(Интерактивті тақтадан «төтенше жағдай» атты презентация көрсету)

Төтенше жағдай дегеніміз адамдардың қаза табуына әкеп соғатын немесе денсаулығына, қоршаған орта мен шаруашылық жүргізу объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі аумақта туындаған жағдай. Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай табиғи сипаттағы немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар – дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және тағы басқалар табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары)
Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар: өнеркәсіп, көлік авариялары, өрт (жарылыс, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған төтенше жағдайлар.

Төтенше жағдайларда ең әуелі не істеу керек?
1. Сабырлық сақтаңыз.
Ойыңызды жинап, іс - әрекеттеріңізді жоспарлап, ойластырылмаған қадамдарға бармаңыз.
2. Әрекет етудің өзіндік жоспарын құрыңыз
Өзіңіз тұратын ауданды шолып шығыңыз, мұнда қандай апаттардың ұдайы болып тұратынын анықтаңыз да, төтенше әрекеттердің мейлінше жалпылама жоспарын ойластырыңыз.
3. Сіздің жоспарыңызда мейлінше жалпылама нәрселер ғана болуы керек: Қатер төнген жағдайда қай жерге паналайсыз. Орныңызда қалуға болмайтын жағдайда қандай жолмен эвакуацияланасыз. Алғашқы ойлағаныңыз бұғатталған болса, тағы қандай шегіну жолдары бар. Қалай эвакуацияланасыз - машинамен, қайықпен немесе басқадай жолмен. Қолайсыз сәтте машина бұзылып қалған жағдайда не істейсіз. Үйде немесе басқадай орында бас сауғалауға тура келсе, қолыңызда қандай заттар болуы тиіс.
Эвакуация кезінде қандай заттарды ала кетесіз.
Тиісінше әрекет етіп, қажетті заттарды реттеуге, әдетте, осы алты қағида жеткілікті.
Бастапқы қажеттілік жиынтығын дайындаңыз Алғашқы жәрдем дәрі қорабы. Құтылардағы консервіленген азық - түліктер және пластик шишалардағы ауыз су. Транзистор қабылдағыш және электр қол шамы. Қабылдағыш пен қол шам үшін қосалқы батареялар жинағы. От жағатын жағдайға арнап - герметикалық қораптағы сіріңке, оттық және қағаз. Құрал - саймандар мен ас үй жабдықтары – тым болмаса шаппалы бәкі, қасықтар, шанышқылар, екі - үш табақ және саптыаяқтар, консерві ашқыш, жеңіл туристік балта. Отбасылық құжаттар мен ақшаны кез келген жерге тастамай, өзіңіз оңай табатындай белгілі бір орынға сақтаған жөн. Өздеріңізге қандай киімдердің қажет болатынын ойластырыңыз да, төтенше жағдайлар үшін отбасы мүшелерінің әрқайсысына арнап, біраз киім, аяқ киім: жазға - су өтпейтін, қысқа - жылы киімдер мен аяқ киімдер дайындап қойыңыз.
Төтенше жағдайлар жүктеу
18 265
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Төтенше жағдайлардың алдын алу, 1 наурыз – Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні
Төтенше жағдайлардың алдын алу, 1 наурыз – Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні
Төтенше жағдайлардың алдын алу, 1 наурыз – Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні
Төтенше жағдайлар қызметі туралы не білесіз?
Төтенше жағдайлар қызметі туралы не білесіз?
Өрттен сақтану, өртті болдырмау жөнінде түсініктер беру. Ойын арқылы өрттен сақтану туралы дағды қалыптастыру. Жауапкершілікке, ептілікке тәрбиелеу.
Не? Қашан? Қайда?
Не? Қашан? Қайда?
Балаларға әр түрлі тапсырмалар бере отырып, олардың ойлау қабілеттерін, сөздік қорын, белсенділігін, қиялын дамыту. Төтенше жағдай байланысты суреттерді қарастырып, қандай төтенше жағдай және қандай қауіпсіз ережелерін сақтау керектігін айтуға
Біз қауіпсіз әлем үшін
Біз қауіпсіз әлем үшін
Тәрбие сағатының тақырыбы: Біз қауіпсіз әлем үшін
Азаматтық қорғаныстың хабарлау белгілері және әрекет ету тәртібі
Азаматтық қорғаныстың хабарлау белгілері және әрекет ету тәртібі
ШҚО, Тарбағатай ауданы, Тана мырза орта мектебі Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы - ұйымдастырушысы: Байназаров Айдын Айтқалиұлы
Азаматтық қорғаныстың хабарлау жүйесі
Азаматтық қорғаныстың хабарлау жүйесі
Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Тана мырза орта мектебінің алғашқы әскери дайындық пәні оқытушы - ұйымдастырушысы Байназаров Айдын Айтқалиұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×