Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мен қазақтың қызымын (қыз сыны байқауының сценарийі)

10 наурыз 2019, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Мен қазақтың қызымын (қыз сыны байқауының сценарийі)

1 жүргізуші: Алина
2 жүргізуші: Аяулым
Алина. Сәлеметсіздер, қадірменді қонақтар, құрметті ұстаздар, аяулы аналар, мың бұралған ару қыздар. Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз. Осынау жарқын мерекенің біздің барлық үміттеріміз бен армандарымызды тығыз байланыстыратын көктемнің алғашқы айының басында келуі, жақсылықтың нышаны болса керек. Қашаннан бергі дәстүріміз бойынша біз бұл күні Сіздерге – аналарымыз бен апа - сіңлілерімізге, қыздарымызға ең ыстық құттықтауларымыз бен ең ізгі тілектерімізді жолдаймыз

Аяулым. Армысың, өнер сүйер асыл халқым,
Мереке құтты болсын ауылдасым.
Тағы да келіп жетті сайысымыз
Жырлайтын қазағымның дәстүр салтын.

Бүгінгі өткізіліп отырған байқауымызда «Мен қазақтың қызымын» деп тегін атаған жоқпыз. Еліміздің ертеңі мына ұрпақтың қолында. Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, бүгінгі қыз ертеңгі ана. Сол себептен ұлтымыздың салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын олардың бойына сіңіріп өсіру – басты мақсатымыз. Сондықтан осы байқауда қыздарымыз көп біліп, өз білімдерін көтереді деп ойлаймыз.

Алина: Аяулым, ендеше сайысқа бағын сынайтын аруларымыздың бойындағы нағыз қазақ қызына тән қасиеттерін сайыс барысында байқайтын боламыз.

Туған жер азаматтың мекені екен,
Кімдердің бағы жанып жетеді екен?
Намысты бермеу үшін қолдан өзі
Мінеки, Арулар да сынға түседі екен.....
Сіздерге сәлем беріп көрінуге, Арулар сахнаға шықсын енді.- демекші аруларымызды қошеметпен шақырайық.
( Аруларды жігіттер қошеметпен қолдап, бірінен кейін бірі әдемі, сызыла басып сахнаға шығып, ортаға қатар - қатар келіп тұра бастайды. Жігіттер қайтадан шығып кетеді. Осы кезде «Мен қазақтың қызымын» әнінің әуені ойналып тұрады. )

Аяулым: Бірінші ару ---------- ақша маңдай, үлкен - кіші мақтағандай,
Алина: Екінші ару - -------------- өз әлінше, жақсыларды жақтағандай,
Аяулым: Үшінші ару - -------------- достарын сары алтындай сақтағандай,
Алина: Төртінші ару - ------------- көңілді, сыны жоқ, оқуын да даттағандай,
Аяулым: Бесінші ару - ------------------ ажарлы, ақша бетті ұқсаған жұмақтағы хор қызына,
Алина: Алтыншы ару – ---------------- еркін басып, шекесіне үкі таққан.

Аяулым: Жетінші ару - Ізбасар Ақерке Үлгілі қыз бұл инабатты.

Алина: Сегізінші ару – қарсы алайық... Бақытжан Ғазиза сан өнері бар бүгін көрсетер

Алина: Сайыста бақ сыналар, бап сыналар,
Бас жүлдені өнерлі, тапқыр алар.
Кім өнерлі, кім тапқыр, шешу қиын,
Қазылар алқасы болмаса нық сыналар. Сайысымыздың әділ бағасын беретін қазылармен таныстырып өтсек. Әр сайыс 10 ұпаймен бағаланады.
Қазылар алқасы: ----------------------

Аяулым: Сайысымызды бастамас бұрын байқау шартымен таныстырып өтсек.
Сайыс кезеңдері: 1. «Мен қазақтың қызымын» өзін таныстыру, сәлемдесу.
2. «Халқын сүйген - салтын сүйер» салт - дәстүр, әдет - ғұрып, жөн - жоралғы жөнінде сұрақтарға жауап беру.
3. «Қол өнері» үй тапсырмасы.
4. «Мың бұралған қазақ қызы - мен боламын» өз өнерлерін көрсету (ән, би, күй, тағы басқа)
5. «Өнерлі өрге жүзер» қыз туралы, салт - дәстүр туралы мақал - мәтелді жалғастыр.
6. «Бәйге» деп аталады. Бұл бөлімде аруларымыз өздерінің шапшандығы мен пысықтығын көрсетеді.

Алина: Аяулым аруларымызды шақырайық бірінші сайыс «Мен қазақтың қызымын» таныстыру

Аяулым: Сайыстың таныстыруын бастайық,
Көрерменді бір серпілтіп тастайық
Сайыскерлер таныстырсын өздерін
Білгірлерді ду қол соғып қостайық. Алдарыңызда бірінші нөмірлі аруымыз Нұржан Нұрайды қарсы алайық.
Мен қазақтың қызымын (қыз сыны байқауының сценарийі) жүктеу
3 666
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
8 - Наурыз халықаралық аналар мерекесіне арналған ертеңгілік сценарийі
8 - Наурыз халықаралық аналар мерекесіне арналған ертеңгілік сценарийі
8 - наурыз халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек.
Аяулы анашым! 8 - наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік
Аяулы анашым! 8 - наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік
Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын 8 - наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
Анаға құрмет!
Анаға құрмет!
Тақырыбы: «Анаға құрмет!» (8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған сайыстық бағдарлама)
Аяулы аналар
Аяулы аналар
«Аяулы аналар» 1 - жүргізуші Құрметті асыл аналар, қыз - қызғалдақтар, қадірлі ұстаздар! Қар астынан қылтиып, бәйшешек бой көтергенде, көктемнің алғашқы жаршысы болып аналар мерекесі келеді.
Мен қазақтың қызымын
Мен қазақтың қызымын
Мен - қазақтың қызымын! Мен - қазақтың қызымын, байлығымын. Ата - анама күш беретін айбынымын. Ойласам тәуелсіз елім қазағымды, Ұмытылар бойымдағы қайғы - мұңым.
Ару ана - асыл ана
Ару ана - асыл ана
№3 орта жалпы білім беретін қазақ мектебінің мұғалімі Г.И.Есенова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×