Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Достық - бірлік пен ынтымақ негізі тәрбие сағаты

09 сәуір 2019, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Достық - бірлік пен ынтымақ негізі тәрбие сағаты
Мақсаты: Оқшыларға адамдар арасындағы достық пен өзара түсіністікті бағалай білуге үйрету. Адамның өмірінде достықтың алатын орны туралы ұғымын кеңейту. Оқушылардың сенімді және адал дос болуға ұмтылысын дамыту; Оқушыларды әдептілікке, ынтымақтыққа тәрбиелеу.

Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу, оқушыларды сабаққа даярлау.
ІІ. Негізгі бөлім. Балалар бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Достық - бірлік пен ынтымақ негізі» деп аталады. Дос туралы ойлар өте көп. Достық жайлы айтпаған ұлы адамдар жоқ десе де болады. Мысалы: ұлы ғұлама ғалым Аристотель «Достық - өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашанда барлық басқа игілікке түгел ие бола тұрса да, дос - жарансыз өмірді қаламақ емес» деп айтса,«Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпайық» деп Мұхтар Әуезов те достық туралы өз ойын айтып кеткен. Қане кім дос туралы өлең, не қара сөз біледі? Мен сендерге О. Сүлейменовтің «Нағыз дос» өлеңін оқып берейін.
«Нағыз дос» О. Сүлейменов.
Маған досың көппе десе?
Көп дер ем!
Көп дегенім бір сен ғана, Ақберен!
Сен батырсың,
Сен батылсың,
Сенімен
Өмір жолын ойнап жүріп өткерем.
Мықтылардың өзі мендей болсын деп,
Бола алмаса, Іші күйіп өлсін деп,-
Бөскенімде,
Кеңес бердің: «Ер болсаң,
Ең алдымен өзіңді өзің менсінбе!»
Жек көретін жігітімнің сенгені
Талқан болып,
Рухани өлгенін көріп тұрып күлгенімде,
Сөйлетпей,
Қып - қызыл ғып сойып салдың сен мені
Көңілімнен шығармайтын бір елі,
Ғұмыр бойы бола алатын тірегім
Маған шын дос іздеуден hәм табудан
Танбайсың - ау, талмайсың - ау жүрегім.

Ал енді топты екіге бөлейік. «Бірлік», «Ынтымақ» топтарына бөлеміз. Енді тобымыздың достық жайлы өздерінің ой - толғамдарын тыңдап көрейік, қане кімнің достық жайлы қандай пікірде екенін білейік? Қай топтың ойы ұшқыр екен?.

II. Пікір талас сұрақтары: 1. Досы көпті жау алмайды дегенді қалай түсінесіздер? 2. Сіздің өміріңізде шын достықты дәлелдейтін қандай жағдайлар болды? 3. Ұлы Абайдың «Досы көппен сыйлас, досы жоқпен сырлас» деген сөзінің ақиқаттығына мысал келтіре аласың ба? 4. Нағыз достық, шынайы махаббат кездесе бермейді деген пікір бар. Осы пікірге сіздің ойыңыз қалай? 5. Әйел мен ердің арасында достық болуы мүмкін бе? 6. Досым үшін бәрін құрбан етуге дайынмын. Досыңның кім екенін айт, мен сенің кім екеніңді айтамын деген сөз әрқашан да әділ, дұрыс деп санайсыз ба?

III. Ситуациялық сұрақтар: 1. Бір күні көптен бері кездеспеген досыңмен жолығып кездесіп қалдыңдар. Әңгіме – дүкен құрып дәмханада отырғанда кенет анаңның “тез қайт”- деп бұйырғаны есіңе түсе кетті. Сен осы кезде не істер едің? 2. Поезд жүріп келеді. Сен алып ұшып, сағынып туған ауылыңа 7 - 8 жылдан кейін келе жатырсың. Көптен бері көрмеген сыныптастар мен дос - жарандарыңды болашақ жарыңа мақтан етіп келе жатқаныңда алдарыңа бір қайыр сұраған мүсәпір кейпіндегі ұсқынсыз бір адам келе қалды. Бұл сенімен бірге оқыған, бірге ойнаған, бір нанды бөлісіп жеген ажырамастай боламыз деп кішкене күндеріңде бір – біріңе уәде берген қимас досың болып шықты. Сенің оны көргеннен кейінгі әрекетің қандай болады деп ойлайсың? Ал енді балалар сәл ғана «Дос іздеймін» тапсырмасына көңіл аударайық.

1 тапсырма
«Дос іздеймін»1 кезең. Кез - келген адамның өзіне лайықты досы болғанын армандайтыны белгілі. Сіздің кей біреуіңіздің, мүмкін осындай шынайы досыңыз бар шығар. Ал қайсібіреуіңіздің көптеген таныстарыңыз, жақындарыңыз болса да, олардың арасынан өзіңіздің нағыз досыңызды таба алмай жүрген боларсыздар? Ал үшіншіңіз, мүмкін, өзіңіздің тұйық, ұялшақ мінезіңізден өзіңізді жалғыз санап, досыңыздың болмағына қынжылатын боларсыз. Кез - келген жағдайда да нағыз дос ешкімге кедергі келтірмейді. Ендеше өзімізге қандай дос қажет екендігін бейнелейтін газет шығарып, бір сәт ойынға араласайық. Осы сәттен бастап мен тегін хабарландырулар жариялайтын ерекше газеттің редакторы рөлін атқарамын. Газет «Дос іздеймін» деп аталады. Сіздердің әрқайсыңыз бұл газетке дос іздейтініңіз жөнінде хабарландыру бере аласыз. Бұл хабарландыруда сөздердің саны мен әріптердің өлшемдеріне ешқандай шек қойылмайды. Хабарландыру әр түрлі формада болуы мүмкін. Сіз мысалы үміткер досыңыздың қандай қасиеттерінің болғанын қалайсыз, тіпті оның суретін салсаңыз да болады. Өзіңіз туралы айтсаңыз да болады. Бір сөзбен айтқанда хабарландыруды қандай түрде беремін десеңіз де өз еркіңізде. Тек ұстанатын нәрсе – дос іздеген хабарландыру өте көп болады, сондықтан сіз өзіңіздің хабарландыруыңыздың көркем безендіріліп, басқалардың назарын бірден аударатын жағын ойластырғаныңыз жөн. Қолдарыңызға қағаз, фломастер алыңыз да іске кірісіңіз. Бес минут уақыт беріледі.

2 кезең. Берілген уақыт біткеннен кейін хабарландырулар тақтаға ілінуі керек. Топ мүшелері хабарландырулармен үнсіз жүріп танысады. Әрбір оқушы өзінің назарын аударған хабарландыруға қызыл түсті дөңгелек салуы керек және ол хабарландыру берген адаммен байланысуға дайын. Таңдаудың санын үшке дейін шектеуге болады. Енді хабарландыру жазылған қағаздарды алса болады. Қараңыздар, сіздің хабарландыруыңызды қанша адам таңдаған екен? Шеңбер бойынша әркім қанша дөңгелекке ие болғанын айтсын.

3 кезең. Ойынның нәтижесін шығарып, топ алдында айту.
Сергіту жаттығуы: Төрт столды қатарлап қойып, бес оқушы шығарамыз. Бір - біріңе достық сезімдеріңді тексеріп көрейік. Музыка біткенде барлығы да отыруы тиіс, әрине барлығы да. Досын сыйдыра ма екен? Көрейік. үстелдер саны бірте - бірте азая береді. Ойынның шарты: соңғы қалған бір үстелге бес оқушы да сыйысып отыруы тиіс. Ойын ойнатылып жатқанда екі топ бір - біріне достыққа байланысты сұрақтар қойып, жауап алысады. Балалар енді достыққа байланысты ұлағатты сөздерге байланысты мақал – мәтелдер айтайық
• Ақылсыз достан, ақылды дұшпан артық.
• Дұшпанға да дос керек, палуанға да күш керек.
• Достың орны - төр, дұшпанның орны – көр
• Досы көппен сыйлас, досы азбен сырлас.
• Айрылмастай досыңа, қайрылмастай сөз айтпа.
• Жаман достан, жау артық
Балалар достарың қаншалықты көп болса, достық жайлы мақал - мәтел, нақыл сөздерді де соншалықты көп білесіңдер деп ойлаймын. Бұл тапсырмамыз бойынша достық туралы мақал - мәтелдің жартысын айтамын да, жартысын жасырамын. Алдымен тапсырманың номерін таңдап алыңдар.

1 Тапсырма
• Мың досың болса да, біреуінің орны артық
• Дос көтерер көңілді, мал көтерер өнімді.
• Досыңды жамандама, доссыз қаларсың
• Шын дос басыңа ырза, кей дос асыңа ырза
• Дос егіз, дұшпан сегіз.
• Жақсы дос пайдасын тигізбесе, зиянын тигізбейді,
• Жаман дос алдыңды орап жүргізбейді

2. Тапсырма
• Досы көптің жаны семіреді, асы көптің тәні семіреді
• Жаман дос, жауыңмен бірге шабар.
• Ағаш тамырмен, адам досымен мықты
• Қимас досың сұраса, қимасыңды бересің.
• Қасың мен досыңды, қас, қабағы танытар
• Мың жолдас жақсы, мың жолдастан бір дос жақсы.
Достық - өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашан да барлық басқа игілікке түгел ие бола тұрса да, дос - жарансыз өмірді қаламақ емес.

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының
"Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған
"Ақ ниет" мектеп - интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Тәрбиеші: Текенева Г. Ж.
Достық - бірлік пен ынтымақ негізі тәрбие сағаты жүктеу
846
0
  • 0
0 дауыс
Загрузка...
Оқи отырыңыз
Дос және достық
Дос және достық
Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету
Ынтымақ мерекесі
Ынтымақ мерекесі
Білім беру саласы: Қатынас Бөлімі: Тіл дамыту. Тәрбиеші: Ахметкалиева М. Б.
Шын дос - таусылмас қазына
Шын дос - таусылмас қазына
"Сам орта мектебі " ММ Информатика пәнінің мұғалімі Масакова Самал Алипбайқызы
Доссыз өмір бос!
Доссыз өмір бос!
Маңғыстау обылысы, Қарақия ауданы, №3 Жетібай орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Атабаева Алмагүл Алдонгаровна
Достық шаңырағында
Достық шаңырағында
Қарағанды қаласының № 42 «Тілек» балабақша тәрбиеші –педагогы Сакенова Калкен Сериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.