Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұлы Жеңіске - ұрпақтан тағзым! (Концерттік бағдарлама)

18 сәуір 2019, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Ұлы Жеңіске - ұрпақтан тағзым!
(Концерттік бағдарлама)

Мақсаты: Ұлы Жеңіске балалардың үн қосуын ұйымдастыру, патриоттық тәрбие беру. Ардагерлерді құрметтеуге тәрбиелеу, олардың ерлігі, қажырлылығы,
отаншылдық сезімдерін үлгі ету. Ұлы Отан соғысының батырлары туралы мәлімет беру. Бейбіт өмірдің маңыздылығын сезіндіру.

Мереке өтетін бөлме тағзым алаңы секілді безендіріледі. Даладағыдай орнатылған орындықтар (скамейка), көше шамдары, жалаушалар, шарлар т. б.
Төрде майдангерлер құрметіне ескерткіш қойылған, мәңгілік от жанып тұр. Ортаға қартаң әже немересін жетектеп келеді де, мәңгілік отқа гүл шоқтарын қояды.
Немересі: Әже, біз қайда келдік?
Әже: Құлыным, бұл біздің бүгінгі бейіт өміріміз үшін Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза болған майдангерлерге тағзым алаңы.
Немересі: Мына отты кім жаққан? Ол қалай өшпейді?
Әже: Бұл отты Жеңістің арқасында жетілген жас ұрпақ жаққан. Елі үшін мерт болған ерлер ұрпағының есінде тұрғанда бұл от өшпек емес,
бұл - мәңгілік алау. Батыр ата - әжелеріңнің есімдерін сендер де естеріңде сақтаңдар, ерліктерін үлгі тұтыңдар. Сендер есте сақтасаңдар
батырлар мәңгі жасайды, мәңгі жас қалыптарында саналарыңда өмір сүреді. Иә... дүние - ай, соғыс жанға салған жара әлі күнге дейін
күні кешегідей сыздайды, бірақ Жеңіске де 74 жыл толыпты - ау....
(Әңгімесінің аяғын өз - өзіне айтқандай болған әже біртіндеп шеттей немересін жетектей жылжиды)
(Ортаға таяққа сүйенген, қолында бір тал қалампыры бар, төсінде медальдары жарқыраған ата шығады да мәңгілік отқа гүлін қояды. Таяғына сүйене сәл ойланып тұрып,
сәлден соң жақын маңдағы орындыққа (скамейка) отырады. Ортаға тағы бір қария шығып олда мәңгілік отқа гүл қояды да, бұрылып орындықта отырған атаның жанына келеді)
2 - қария: Ассалаумағалейкум, замандас?!
1 - қария: Уағалейкумассалам! Кел, отыр.
2 - қария: Қалың ойға шомып кетіпсіз - ау?!
1 - қария: Иә, арада 74 жыл өтсе де соғыс жылдарындағы қиын жағдай ара - тұра мазалайды.. Бүгінгідей мереке күні осы күнге жете алмаған қаруластарым есіме
түсіп отыр.
2 - қария: Несін айтасың, небір сұрапыл күндерді бастан өткердік қой. Ол күндер енді қайтып келмесін. Балаларымыз алаңсыз күліп, бақытты өмір сүрсін.
1 - қария: Иә, бәріміздің де тілегіміз сол ғой, заманымыз бейбітшілік болсын. (Қариялардың әңгімесін бірін - бірі қуалай ойнаған, қолдарында шарлары,
балмұздақтары бар балалардың күлкісі бөледі)
2 - қария: Осылар барда өткенге өкініш жоқ, ендігі жерде еліміздің туы көкте желбіресін!......
1 - қария: Иә!..........
(Бір топ балаларды саяхатқа алып шыққан тәрбиеші көрінеді, Ұлы Отан соғысы батырларының суреттері ілінген тақтаға жақындап, балаларға таныстыра бастайды)
Тәрбиеші: Балалар! Бүгін біз тағзым алаңына келдік. Мынау - Ұлы Отан соғысы жылдарында ел үшін ерлікпен қаза болған батыр аталарың мен апаларыңның
суреттері қойылған ескерткіш тақта. Олардың қатарында өзіміз ерліктерін әнге қосып айтып жүрген, «Шығыстың қос жұлдызы» атанған қазақтың батыр
қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова, Екі мәрте Совет Одағының батыры Талғат Бигелдинов, қайсар қазақ, батыр ұл Қасым Қайсенов,
рейхстагқа ту қадаған Рақымжан Қошқарбаев, тағы - тағы көп батыр аталарың мен апаларың бар. Олар ел үшін, жер үшін, келер ұрпақтың болашағы
үшін жан аямай соғыспағанда қазіргі бақытты өміріміз болмас еді. Батырлар есімдерін, ерлік істерін есте сақтап келесі ұрпаққа жеткізу - біз үшін
аманат. Қазір мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, тағзым етейік, жүріңдер.... (гүлдерін қояды)
Ортаға екі жүргізуші шығады:
1 - жүргізуші: Бүгін - Жеңіс күні. Ұлы Жеңіске 74 жыл толды. Бүгін тағзым алаңына жиналған баршаңызды, бүкіл Қазақстандықтарды Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймыз!
2 - жүргізуші: Дәл осынау жадыраңқы, жай күні
Болса - дағы қай ғасырдың қай жылы
Ұлы Отаным басын иіп бір минут
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны!
Ұлы Отан соғысында шейіт болған майдангерлерімізді 1 минут үнсіздікпен еске алайық..... (1 минут үнсіздік)
1 - жүргізуші: Қазір тағзым алаңына жиналған барша қауымды ұлы мерекемен құттықтау құрметі қаламыздағы №8 «Бүлдіршін» санаториялық балабақшасының
меңгерушісі, бүгінгі күнгі бақытты балапандарымыздың бағбаны Кулетова Бақыткүл Нәзікқызына ұсынылады.
Құттықтау сөз
2 - жүргізуші: Құрметті қауым! Бүгін сахна төрі сіздер үшін! Мерекеге арнаған жүрекжарды өлеңдеріңіз, әдемі әндеріңіз, естелік әңгімелеріңіз болса кезектесе
шығып айтуларыңызға болады.
1 - бала: Бақытқа байтақ елді бөлегендер
Бауыржан, Әлия, Мәншүк, Төлегендер
Солардың қасиетті ерлігімен
Құлпырып, шешек атып көгерген жер
Біз, бір топ достар, батыр апамыз Мәншүк Мәметоваға арналған әнді айтып бергіміз келеді, қабыл алыңыздар.
Ән «Мәншүк батыр»
2 - бала: «Шығыстың қос жұлдызының» бірі Әлия Молдағұлова өзі сұранып соғысқа аттанғанда небәрі 17 жаста болыпты. Біз өз әнімізді Әлия апамызға арнаймыз.
Ән «Әлия»
2 - жүргізуші: Бүгінгі күн - мерекелердің төресі. Сондықтан біз қала көшелеріне еркін микрофон қойып, қала жұртшылығының мерекеге арнаған лебіздерін сұраған
едік, енді бір сәт кезекті құттықтауларға берсек....
Құттықтаулар (Бейнежазба)
3 - бала: Елімізді жаудан азат еткен ерлер ерліктері еріксіз тебірентеді: (өлең оқиды)
Сен құрметте оны!
Ә. Сәрсенбаев
Сен құрметте оны!
Түсіндің, бе, қарағым?
Ол ақшаға сатқан жоқ,
Тізеден кесіп аяғын.
Еріккеннен ұстап та жүрген жоқ,
Қолтықтағы ұзын таяғын.
Кеше елге қатер төнгенде
Ол жауға қарсы шапты,
Бізді жалмамақ болған ажалды
Өр кеудесімен қақты.
Ол арыстанша алысты,
Өлім соққысын өз үлесіне алды.
Денесін оқ пәршелесе де
Ел намысын қорғап қалды.
Сен құрметте оны!
Түсіндің бе, қарағым?
Сенің келешегің үшін берді ол
Азаттық, жолында аяғын!

Әже ортаға шығады: Мен жақында немерелі болдым. Немеремнің есімін батыр атасы Бауыржан Момышұлына ұқсаған батыр, ержүрек,
еліне адал азамат болып өссін деп ырымдап, Бауыржан қойдым. Ел арасында Әлия, Мәншүк, Төлеген, Қасым, Рақымжан есімді балақандар
көп екенін де естіп жүрмін. Бұл да болса елінің батыр ұлдарына деген құрметі деп ойлаймын. Араларыңда Бауыржан Момышұлы аталарыңа
арнап ән айтатындарың бар ма? Өз есімінің сырына немерем осы уақыттан бастап қаныға берсін.
4 - бала: Әрине бар! Мен Бауыржан атаға арналған әнді білемін. Тағы да білетіндер болса бірге шырқайық.
Ән «Момышұлы Бауыржан»
Ортаға майдангер қариялардың екіншісі шығады:
- Ерліктері әнге арқау болған 28 батырды да бүгін еске алу - парыз сияқты. 28 батыр туралы ән білетіндерің бар ма?
Балалар: Әрине!
Ән «Жиырма сегіз» Г. Жотаева
5 - бала: Ортамызға оралған ардагер аталар отты жылдар естелігін әлі де кешегідей еске алады. Бүгінгі ұрпақтың сұрапыл соғысты көрмеуін тілейді.
Ән «Жеңіс күнін тойлаймыз!»
6 - бала: Еліміздің бүгінгі таңдағы сенімі мен үміті біз деп білеміз. Біз елімізді сүйеміз, Оанымызға адалмыз, елімізді қорғауға дайынбыз. Әсем әнімізді қабыл алыңыздар.
Ән «Ел қорғауға әзірміз» К. Қуатбаев
7 - бала: Біз - бақытты ұрпақпыз. Аталарымыз бізге шат көңілді, уайымсыз бейбіт өмір сыйлады. Ерлер есімдерін мәңгі есімізде сақтаймыз.
8 - бала: Сене бер енді ардагер
Көр - дағы ұрпақ туғанын
Келешек елдің жеңісін
Кімдердің қорғап тұрғанын!
Ән «Ұрпағымыз батырдың!» Ж. қалжанова
9 - бала: Енді ешқашан соғыс болмасын. Бөбектеріміз жыламасын. Көк туымыз көгімізде желбірей берсін!
Ән «Жеңіс туы желбіреп!» Б. Бейсенова
10 - бала: Аталар сапқа шықпасын
Аналар қабақ шытпасын
Бақытқа жетіп бар адам
Сәбилер тыныш ұйқтасын!
Ән «Ер есімі - ел есінде!» А. Еспенбетова
1 - жүргізуші: Біз - жас ұлан, Отан - ана өркені
Үміт артқан болашағы, ертеңі
Туған елдің даңқын көкке өрлетіп
Гүлге бөлеп жасартамыз өлкені
2 - жүргізуші: Әркез болсын тыныштық
Тыныштық бізге тым ыстық
Көркейе берсін еліміз
Көбейе берсін ырыс - құт!
Бүгінгі еркін концерттік бағдарламаға біркісідей жұмылғандарыңызға баршаңызға ризашылығымды білдіргім келеді. Жеңісті күндеріміз көп болсын!

Қызылорда қаласындағы
№8 "Бүлдіршін" санаториялық балабақшасында
музыка жетекшісі Бибігүл Жұмабекова Мүсірепханқызы
4 538
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ батырлары - халық қаһарманы
Қазақ батырлары - халық қаһарманы
Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында, Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата - бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеуді үйрету, батырларымызды еске алып, өмір жолын, ерлігін таныту және үлгі - өнеге тұту, оқушыларға патриоттық тәрбие беру
Ұлы Жеңіске - 70 жыл!
Ұлы Жеңіске - 70 жыл!
Атырау қаласы, №8 «Ақбота» шипа - жай типті бөбекжай балабақшасы. Ересектер тобының тәрбиешісі Гилажова Айгул Мауфихқызы
Ұлы жеңіске тағзым (концерттік бағдарлама)
Ұлы жеңіске тағзым (концерттік бағдарлама)
Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Семеновка ауылы, №11 негізгі мектебінің мұғалімі Қоянбаева Шолпан Өмірханқызы
Ұлы жеңіске - Ұрпақтан тағзым
Ұлы жеңіске - Ұрпақтан тағзым
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Кеңес одағының батыры Үрмәш Түктібаев атындағы ауыл Б. Әбдіразақов атындағы №88 орта мектептің музыка пәнінің мұғалімі Батырхан Нұрымбет
9 мамыр Ұлы Жеңіс мерекесі
9 мамыр Ұлы Жеңіс мерекесі
1 жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар! Құрметті аудан тұрғындары! Отан алдындағы борышын ақтап, қанды қырған соғысты тұншықтырып, ұрпағына бақыт әкелген ардагерлерімізге мың алғыс деп, Ұлы Жеңістің 78 жылдық мерекесіне арналған салтанатты
Біз жеңістің ұрпақтарымыз
Біз жеңістің ұрпақтарымыз
Бастауыш сынып мұғалімі: Гулшат Акимова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×