Білімділер поралы

Ал, қанеки, жігіттер сайысы

Ал, қанеки, жігіттер сайысы
Жүргізуші:
Құрметті ата - аналар, ұстаздар, қонақтар, оқушылар! «Ал, қәнеки, жігіттер» сайысына қош келдіңіздер!
Қай заманда болсын, адамзат алдында тұратын ұлы мақсат пен мұраттың ең бастысы – елі мен жерінің амандығы. Ол үшін ел мен жерін көркейтетін салауатты ұрпақ тәрбиелеуді көксеген. Оларға жол көрсетіп, еңбек етуге бар ынтасын арнаған. Сол келешек қоғам иелерін, жан - жақты жетілген, ақыл - парасаты мол, өнер иесі етіп тәрбиелеуде халқымыз: «Жігітке жеті өнер де аз», «Жігіт сегіз қырлы, бір сырлы азамат болу керек» - деп тәрбие беріп отырған. Ойлы, білімді, мәдениетті, іскер, еңбекшіл азамат тәрбиелеуді мақсат еткен.
Еліміздің ежелден дәріптеп, қастерлеп келген ұлттық өнерінің тегін тектеу, болмысын тану, оның асылын тарихтың рухани көш керуеніне ілестіріп отыру арқылы бүгінгі және болашақ ұрпақ қамын қамдау өскелең өмір талабы болып табылады.
Сайысымызды бастамас бұрын құттықтау сөзді мектебіміздің директоры Ләззат Назымбекқызы Садыковаға берейік.
Ал енді «Ал, кәнеки жігіттер» сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.

Құрметті жиналған қауым!
Бүгінгі біздің мектепте дүбірлі той,
Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой.
Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп,
Қош келдіңіз халайық, сергісін бой - дей келе «Ал, кәнеки жігіттер» сайысын тамашалауға келіп отырған қонақтарды, осы байқауға қатысқалы келген жігіттерді және төрелік жасайтын қазылар алқасына қош келдіңіздер дейміз.
Осы сайысқа әділ бағасын беретін әділ қазылармен таныстырайық.:
1. Мектебіміздің АӘД пәнінің мұғалімі – Қуанышбек Сыйазбекұлы Иманбеков - әділ қазылар төрағасы
2. Ауылымыздың әкімі – Дүйсенбек Байронұлы Төлеутаев
3. Ауылымыздың азаматы, теңіз әскери флотында әскери міндетін атқарған – Жанат Болатұлы Асылтаев
4. Мектебіміздің технология пәнінің мұғалімі – Есенкельді Жұмакелдіұлы Бакеев
5. Қазақстан Қарулы күштері қатарында әскери міндетін атқарған Жолдасбек Нұрабекұлы Жалбиров

Сайыстың бағдарламасымен таныс болыңыздар:
1. «Тегімді менің сұрасаң...» өзін - өзі таныстыру
2. «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» сұрақ - жауап
3. «Көркіне ақылы сай» әскери формаға жаға тігу
4. «Сегіз қырлы, бір сырлы» әскери жат, тұр командаларын орындау
5. «Шебердің қолы ортақ» картошка тазалау
6. «Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» қол күрестіру
7. «Сегіз қырлы, бір сырлы» өз өнерін көрсету
8. «Сақидан таңдап алған саңылағым» қызға сезімін білдіру
Енді ортаға сайысқа қатысатын жігіттерді шақырып, реттік нөмірін білу үшін жеребе тартқызайық.
Шашу! Шашу! Көп шашайық шашуды,
Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр.
Уа, жамағат, жинап ал несібеңді,
Ризығың болсын көл - көсір! – деп шашуға кезек берейік.

«Алға, қазақ жігіттері» әнімен Рауан Смағұлұлын қабыл алыңыздар!

Жүргізуші:
Өнер қуып жігіттер өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәске түскен жігіттер кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтер деймін - деп бірінші сайысымыз «Тегімді менің сұрасаң...» өзін - өзі таныстыру

«Ағайын» әнімен Жұмабек Ыбышұлын қарсы алыңыздар!

Жүргізуші:
Таныс болды жігіттер тегіменен,
Туып өскен мекені, еліменен.
Алпамсадай бәрі батыр көрінеді,
Баянауыл Күркелінің жерінен - дей келе сайысымызды жоспар бойынша жалғастырамыз.
Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер,
Келді кезек тапқырлықты танытар.
Бұл сыннан да өтсең егер сүрінбей,
Жүлде сенде, қуана бер, күлімде, – деп «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» деп аталатын сұрақ - жауап сайысымыздың келесі бөліміне кезек береміз. Бұл сайыста сайыскерлеріміздің білімдерін тексереміз.

«Сен үшін» әнімен Аян Серікұлын қабыл алыңыздар!

Жүргізуші:
Кімдер жүйрік өнерпаз білейікші,
Нағыз жігіт мектептің деп жүрейікші.
Қазыларға тек қана әділдікті,
Ал, жігіттерге сәттілік тілейікші, – деп «Көркіне ақылы сай» әскери формаға жаға тігу сайысымызды бағдарлама бойынша жалғастырамыз.

«Ақ сәулем» әнімен Нұргүл Шәшкенқызын қарсы алыңыздар!

Жүргізуші:
Ер өнері білінбес,
Қоян қолтық алыспай.
Күш өнері білінбес,
Бәйгеге түсіп жарыспай, - дегендей сайысымыздың келесі шарты «Сегіз қырлы, бір сырлы» әскери жат, тұр командаларын орындау

«Анам - әкем» әнімен Арай Баянбекқызын қарсы алыңыздар!

Жүргізуші:
Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін қолдамақ
Ел намысын қорғамақ.
Жігіттер шықсын ортаға, - деп «Шебердің қолы ортақ» картошка тазалау сайысына кезек берейік.

Дайындаған: Т. К. Тлеуова
Ал, қанеки, жігіттер сайысы жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • nurislam0
    Жазған: nurislam0
    Мына жаңалықта: Ақша. Монета
  • raya94
    Жазған: raya94
    Мына жаңалықта: Ақша. Монета
  • jupar
    Жазған: jupar
  • Dulat90
    Жазған: Dulat90
    Мына жаңалықта: Биологиядан тест
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Orken agay
    Жазған: Orken agay
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Гүзал
    Жазған: Гүзал
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Ана әлемді тербейді
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Аяулы ана - асылым!
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 88
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 88
Роботтар: 2
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика