Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ертеңгілік Біз – Тәуелсіз ел ұланымыз

05 мам 2019, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Ертеңгілік Біз – Тәуелсіз ел ұланымыз
Мақсаты: Елдігіміздің белгісі болып саналатын - ұлттық нышандар елтаңба, ту, әнұранды, қадірлеп, қастерлеуге тәрбиелеу.
Тәуелсіз еліміздің болашағы - жас ұрпақтардың бойына Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттырып, туған жері мен елін сүюге тәрбиелеу.
Желтоқсан құрбандары Қ. Рысқұлбеков, Л. Асанова, С. Мұхамеджанова туралы түсініктерін кеңейту.
Зал ішіне марш екпінімен «Көк тудың желбірегені» әнімен жалау ұстаған балалар кіреді.

Мұғалім: Құрметті қонақтар, ата - аналар және балалар!
Бүгінгі салтанатты мереке - Егеменді еліміздің тәуелсіздік алған күні құтты болсын.
Бұл күні Қазақстан өзін Тәуелсіз мемлекет деп жариялады. Жаңа дәуір 1991жылдың 16 - желтоқсанынан басталады. Еліміз осы күнге жету үшін қаншама қиыншылықты бастан кешірді. Болашақтың тірегі мына бүгінгі бүлдіршіндер.
Сәби күлкісі мен мейірімнің сәні ешқашан бұзылмасын!

Мұғалім: Тәуелсіздік күніне арналған ертеңгілігімізді бүлдіршіндеріміздің орындауындағы әнұранмен ашамыз.
Әнұран. Хормен
Алтын күн аспаны
Алтын дән даласы
Ерліктің дастаны
Еліме қарашы
Ежелден ер деген
Даңқымыз шықты ғой
Намысын бермеген
Қазағым мықты ғой.
Қ - сы.
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін.
Жырың болып төгілемін, елім,
Туған жерім менің, Қазақстаным.

Дильназ
Он алтыншы желтоқсан,
Ел мерейі тасыған.
Қазақ деген қалың жұрт,
Бәрін кешті басынан

Табысқанова Көркем
Он алтыншы желтоқсан,
Тәуелсіздік алған күн
Ерекше боп мәңгілік,
Ел жадында қалған күн

Кербез
Тәуелсіздік - ұраным,
Тәуелсіздік - жыр - әнім.
Ынтымағы елімнің,
Тәңірімнен сұрадым.

Хадидже
Тәуелсіздік - тілегім,
Тәуелсіздік - тірегім.
Ертеңі деп елімнің,
Дүрсілдейді жүрегім.

Күтпеген сәт:
Білімгер:
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Тәрбиеші:
Сәлеметсің бе.
Білімгер:
Балалар, бүгін қандай мереке? (Тәуелсіздік күні)
Дұрыс айтасыңдар.
Міне, мен сол мереке болған соң, балалардың өз Отаны туралы не біледі екен соны білейін деп жолға шыққанмын. Сендерге дейін де бірнеше балабақшаға кірдім. Енді, міне сендерге келдім. Мен тек сендердің білімдеріңді тексеру үшін ғана емес, білімдеріңе білім қосайын деп келдім. Өздеріңнің туған қалаларыңда орналасқан ескерткіштер мен көркем жерлері туралы сендермен әңгіме өткізейін деп келдім.
Туған жер туралы әңгіме өткізбес бұрын, менің сендерге дайындап келген тапсырмаларымды қарайық.
Балалар, сендер менің дайындаған тапсырмамды орындайсыңдар ма?
Ендеше мұқият болайық.

1. Қандай мақал - мәтел білесіңдер? олай болса мен басын бастаймын ал сендер белсенділік танытып ары қарай жалғастырасыңдар.

1. Отансыз адам, бұлбұлсыз орман.
2. Отан - оттан да ыстық.
3. Отан үшін отқа түс, күймейсің.
4. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
5. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
6. Жалқаудың жаны тәтті, еңбектің наны тәтті.

2. Туған және тұрып жатқан қалаларың қалай аталады?
Зайсан қаласы

Жақсы балалар, енді туған қаламыз Зайсанның көрікті жерлері мен ескерткіштері туралы әңгіме жүргізейін. Мұқият тыңдаңдар.
Слайд көрсету:
Аудандық әкімшілік. Бәйтерек. Тәуелсіздік монументі. Мәңгілік алау.. Ауған соғысының ардагерлеріне арналған ескерткіш. Зайсан қаласында тәуелсіздік үшін құрбан болған батыр ағаларың Қайрат Рысқұлбековтың ескерткіші.(Құрбан болғандардың суреттерімен өмір баяндарымен таныстыру) Желтоқсан деген көшеге ат берілді.

Қайраттай қайсар ұлдарың,
Жанымен келген еркіндік.
Сабира мен Ләззәттің,
Арымен келген еркіндік.

Желтоқсан - заман толғағы байтақ даланың,
Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың.
Желтоқсан – Қайрат, Ләззәт, Сәбира.
Құрбаны болған жаланың.

Тәрбиеші: Білімгер, сен біздің балалардың қандай білімді екенін көрдің. Өздерінің туған жерінің керемет жерлері туралы да білім қостың. Көп рахмет саған.
Енді балалардың өнерін тамашалауға қалай қарайсың. Бізбен бірге ертеңгілікті бірге өткізуге келісесің бе?
Білімгер: Жарайды. Ендеше осында қалып балалардың өнерін тамашалайын.

би «Сарбаздар» (Д. Алихан, Әшім, Айсері, Ұлан, Әлинұр, Ақтөре)

Тәуелсіз елдің ұланы өз шығармашылығынан өлен Қажымұрат Көркем слайд көрсету

Би «Қазақ жігіттері» (Ерзат, Ілес, Еркебулан, Алихан, Ерсұлтан, Әмір, Арсен, Сұлтанбек, Рахман)

Мұғалім
Балалар біздің Елбасымыз кім?
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Тәуелсіздіктің сын сағаттарында нар жүгін мойымай көтеретін қажырлы қайраткер, дана саясаткер ретінде елімізді сеніммен алға бастады. Елбасының сыңдарлы саясатымен Қазақстанымыз әлемге танылды. 1желтоқсан «Тұңғыш президент күні» болып белгіленді. Еліміздің бас қаласы - Астана.
Біздің еліміздің белгісі болып саналатын - ұлттық нышандарымызды тұмардай танып, қадірлеп қастерлеуіміз керек.
Елтаңба - көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақты күн сәулесіндей айнала уықтар қоршайды. Аңыз әңгімелердегі пырақтар қанаттары. Бас жағында жұлдыз бар. Ал астыңғы жағында «Қазақстан» деген жазу бар.
Ту - ашық аспан түстес көгілдір. Ортасында шұғылалы алтын күн бар. Күн астында қалықтап ұшқан қыран. Көк байрағымыздың сол жағында тік жолаққа қазақи ою - өрнек салынған. Міне, бұлар еліміздің ұлттық нышандары.
Сонымен балалар қазақстанның рәміздерін білеміз бе атап жіберіңдерші?(елтаңба, әнұран, ту) Әшім
Қазақстан Республикасы!
Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен елеулі, Әнұранымен айбатты.
Медина
Елтаңбасы - елімнің неткен әйбәт, әдемі
тұнығындай көңілдің артады аспан әлемі.
Құт береке шаңырақ орын алған ол төрден
Қанатты құс арғымақ екі жақтан көмкерген
Ертеңгілік Біз – Тәуелсіз ел ұланымыз жүктеу
1 511
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған ертенгілік
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған ертенгілік
Ежелден – ақ жақсылықты Алладан күтіп, болашаққа үмітпен қараған кеңпейіл халықпыз. Сол пейілге орай қазақ халқына кең байтақ жер, көл - көсір көңіл бұйырған. Ол қиырдан бұл қиырға, дейін жайылған маңғаз елдің кең байтақ жеріне жан - жақтан көз
Тәуелсіздік ел – тілегі
Тәуелсіздік ел – тілегі
Тәуелсіз еліміздің болашағы – жас ұрпақтар бойына Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттырып, туған жері мен елін, сүюге оны қорғай білуге тәрбиелеу. Мақал - мәтел, тақпақтар арқылы ой - өрісін кеңейту, сөздік қорларын молайтып, тілдерінің дамуына
Тәуелсіздік - ел тілегі
Тәуелсіздік - ел тілегі
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, ГКС-12 орта мектебінің мектепалды даярлық тобының мұғалімі Тулебова Назира Джеткергеновна
Тәуелсіз Қазақстан
Тәуелсіз Қазақстан
Астана қаласы, №63 «Әсем - Ай» балабақшасының «Алпамыс» шағын орталығының тәрбиешісі Нұрманова Гүлжан Орынбайқызы
Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік
Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік
Астан қаласы, №63 балабақшасының ән күй жетекшісі Ізмаханова Құралай Еламанқызы
Тәуелсіздік ел тілегі
Тәуелсіздік ел тілегі
Оңтүстік Қазақстан Облысы, Шымкент қаласы, №58 "Күншуақ" бөбек - жай балабақшасының тәрбиешісі Мақұлбекова Марина Пернебайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×