Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мұғалім бақыты – шәкірт құрметі

26 мам 2019, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Мұғалім бақыты – шәкірт құрметі.
Мақсаты: а) білімділігі: Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға, түсіне білуге, бағалауға үйрету.
ә) дамытушылығы: Ойлау, есте сақтау, көркем тілде сөйлей білуге дамыту.
б) тәрбиелігі: Адамгершілікке, сүйіспеншілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, көрініс кейіпкерлері, шарлар, т. б.

Жүру барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Мұғалімнің құттықтау сөзі: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұлағатты ұстаздар!
Сіздерді дәстүрлі ұстаздар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Баршаңыздың отбасыңызға амандық, бақ - береке, еңбектеріңізге шығармашылық табыстар тілейміз.
Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән - мағына, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. «Жақсы мұғалім — мектептің жүрегі»-- деген Ы. Алтынсарин атамыз. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті
арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар. Ол - ұстаз! Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп, оны азамат етудің өзі бір үлкен күш, сондықтанда ұстаздың еңбегі ұлы еңбек. Сонымен «Мұғалім бақыты – шәкірт құрметі.»! атты тәрбие сағатымызды ашық деп кезекті оқушыларға беремін.

ІІ. Негізгі бөлім
Сахна сыртынан Тұрыңыздар келе жатыр мұғалім! туралы өлең оқылады
Кім болсаң да аман бол.
Бастықпысың?
Өте жақсы, тұра қал.
Мұғалімді келеке еткен бар құлар,
Мықты болсаң, мойындарын бұра бар!

Қашан көрсең күнге ұқсаған жанары –
Ұстаздардан көнбіс адам жоқ әлі!
Мектеп көрген әдептілер айтпақшы,
Мұғалімнен шықпаңыздар жоғары!

Орындалып, айталық, бір ойдағы іс,
Отырармыз қуанышта, тойда біз.
Сондай кезде есте болар бір нәрсе:
Мұғалімнен бұрын сөйлеп қоймаңыз!

Махабатты: бала және Отаны,
Сүйікті ісі: Қағаз - кітап қопару.
Демалысы: шәкірттерге хат жазу,
Ал, кәсібі: от беру мен от алу!

Қашан көрсең бұл халықтың шат бәрі,
Қашан көрсең күліп бара жатқаны.
Күлетіні: бақыттылық нышаны,
Байлықтары: шәкірттердің хаттары!

Ал, мұғалім барса алдыңа, дұрысы:
Жұрегіңмен сездір дағы ұлы ісін,
Ұшып тұрып, қалбалақтап қол беріп,
Тастай қылып тындырып бер жұмысын!
Кім боласың?
Ұмтылмаңыз жоғары.
Мұғалімнен үлкен адам жоқ әлі!
Кім болмаңыз, прокурор ма, сотсыз ба,
Тұрыңыздар, келе жатыр мұғалім!

Жүргізушілер шығады.
І - жүргізуші: - Ау Айдана, сен мұнда қайдан жүрсің?
ІІ - жүргізуші: Қайдан жүрсің қалай? Бүгін ұлы мереке емес пе?! Яғни ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып тер төккен шопан да бәрі - бәрі білім, тәлім алған ұлы ұстаздарымыздың төл мерекесі емес пе?!
І - жүргізуші: Әрине солай. Демек, сен.... Мен қателеспесем сол ұстаздарды құттықтау үшін жүрген болдың ғой.
ІІ - жүргізуші: Дәл солай.
І - жүргізуші: Ендеше, не тұрыс, екеуміздің бүгінгі мақсатымыз да, жоспарымыз да бір сияқты. Олай болса, ұлағатты ұстаздарымызды бүгінгі мерекелерімен құттықтайық.
ІІ - жүргізуші: Келісемін.
І жүрг: Армысыздар, құрметті қонақтар, Аяулы біздің ұстаздар, ата – аналар және оқушылар! Қазан айының алғашқы аптасында республика көлемінде тойланатын ерекше мереке – ұстаздар мерекесі құтты болсын!

ІІ жүргізуші: Олай болса, қадірлі ұстаздар!
Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз.

І жүргізуші: Сіздердің шәкірттерді тәрбиелеп, білім беру жолындағы еңбектеріңіз жана берсін.

ІІ жүргізуші: Еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға бақыт, мерейлеріңіз үстем бола берсін демекпіз.
Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар «: «Мұғалім бақыты – шәкірт құрметі.» атты кешімізге қош келдіңіздер.

ІІ жүргізуші: Ұстазым, менің, ұстазым,
Өзіңмен өткен қыс - жазым.
Қалдырған ізің мәңгілік,
Жадымда тұрар жаңғырып.
Шәкірттеріне аса мейірімді, сөзіне берік, шыншыл мінезді, жүрегі батыр, өнегесі асыл, жаны жомарт, пейілі дарқан, ерен еңбекшіл, байламы берік, ойы өткір ұстаздар төл мерекелеріңіз тағы да құтты болсын!!! Қарсы алыңыздар ортада мерекелік құттықтаумен Хор «Ұстазым» әні

І жүрг Сағыныш сазы толқытқан,
Арнамақ сөздің мәйегін.
Шәкірттерін оқытқан,
Келіп тұр жолдап сәлемін – дей отырып сахна төріне оқушыларды шақырамыз. /тақпақтар/

Аяулым: Мұғалімдер күні бүгін, күні ұстаздың шаттанған,
Шәкіртіне дем бергізген, жеткізеді деп баққа арман.
Ұстаздардың күні бүгін, бар тілегі өмірде
Сол шәкірттің өрге жүзген еңбегімен ақталған

Ақбота: Мұғалімдер күні бүгін шаттық күйге кенелген,
Ұстаз жүрек сырлас әр кез білім атты өнермен.
Олар шәкірт кеуделерге сол білімнен нәр құйып.
Өмір жолда ізгілікті еңбегімен еленген.

Назира: Тойланатын әр жыл сайын, қазан айы туғанда.
Ұстаздардың мейрамы осы, толы ән мен жырларға.
Төрдегі орын, Сізге, Ұстаз Сіздікі! Мұғалім
Барлық жан да соны қалар, ұстаз көңіл тұрғанда.

Бақдәулет: Мұғалімдер күні бүгін, көңілге бар сыйлары,
Шәкірттері оларға гүл, ән де жыр да сыйлады.
Тек ұтаздық мерекесі емес бүгін шынында
Сол ұстаздан тәлім көрген барлық жанның мейрамы.

Мансур: Әр сабағың өтіп жатыр білінбей,
Перне басқан оркестрдің үніндей
Әр баланың жүрегіне жол тауып,
Тұрасың сен, дирижер боп күлімдей.
Әр сабаққа кіресің сен сыйынып,
Жыр оқисың нөсер болып құйылып
Қас - қабағын қалт жібермей шәкірттің,
Қарайсың - ау нұр жүзіне сүйсініп
Жалын атып, от боп, бірге жанасың,
Білім беріп, содан бақыт табасың
Бар өмірің өрнектеліп баламен,
Жасарып бір мәңгі жас боп қаласың.

Перизат: Мұғалімді анамдай жақсы көрем,
Қиналамын қымбат теңеу таба алмай
Өз баласын тастап кетіп үйіне,
Ел баласын оқытады, ой Алла - ай.
Мұғалімді жақсы көрем сезімтал,
Үлгі етемін өнегелі сөзін бал
Мұғалімнің мұғалімін танимын,
Көкіректе көретұғын көзім бар.

Бекасыл: Ұстаздарға мың алғыс
Алғыстарым көп менің,
Асыл анам, мектебім!
Үйреткені адалдық,
Ұсынғаны адамдық,
Текті мінез, даналық
Бар ұстазға тілейміз:
Бақыт, табыс, амандық!

ІІ - жүргізуші Мұғалім, ғазиз мұғалім,
Сарқылмас мәңгі бұлағым.
Ұланың бүгін тойыңда,
Арнайды саған бұл әнін.

ІІ - жүргізуші Ал бұлбұл әншілеріміз асыл ұстаздарға деген жылы лебізі мен шәкіртті асқақ махаббатын әсем әнімен жеткізгісі келеді екен.
Ендеше сахнаға Алғашқы ұстазым әнімен, Нұраддин Мансур мен Берекет Ардақты ортаға шақырамыз.

І жүргізуші: Айдана, қоңырау үнімен қазақ даласына білім әкеліп, балаларды мектепке шақырған кім?

ІІ – жүргізуші: Ыбырай Алтынсарин
І жүргізуші: Дұрыс айтасың.
ІІ – жүргізуші: Нұрахмет сен білесің бе,? Биыл Ыбырай атамыздың туғанына 175 жыл болып отыр екен. Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім – мектептің жүрегі» – деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.

І жүргізуші: Көрініс: Жеміс бағында
Ортаға атасы мен немересі шығады: екеуі бақшаға барып, егілген ағаштары мен гүл жапырақтарын көріп жүреді.
Немересі: Ата, мынау алма ағашы неліктен тіп - тік, ана біреуі неге қисық біткен?
Атасы: Оның себебі, балам, анау ағашты бағу - қағумен өсірген, қисық бұтақтары боса кескен. Мынау ағаш бағусыз, өз шығу қалыбымен өскен
Немересі: Олай болса, бағу - қағуда көп мағына бар екен ғой.
Атасы: бағу - қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым; мұнан сен де өзіңе үлгі алсаң болады. Сен жас ағашсың, саған да күтім керек. Егер ұстазың қате істеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсе, мұғалімнің айтқанын ұғып, орнына келтірсең, жақсы, түзеу бала болып өсерсің, бағусыз бетімен кетсең, сенде мынау қисық біткен ағаштай қисық болып өсерсің.
Ұстаздар! Шынында да қисайғанды түзеп, солғанға нәр беріп, төзімділікпен еңбек етіп жүрген сіздердің еңбектеріңіз зор - ау. Сіздерге рақмет айтып, мақтан тұтамыз! Сіздердің сенімдеріңізді ақтаймыз, егеменді еліміздің азаматы боламыз деп сенім білдіреміз.
Мұғалім бақыты – шәкірт құрметі жүктеу
3 441
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұстаздар – ұлы тұлғалар
Ұстаздар – ұлы тұлғалар
Ұстаз... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі – Ұстаз.
Ұстаз  – елдің жүрегі
Ұстаз – елдің жүрегі
Ұстаз.... Қандай қасиетті сөз. Әр адамның жүрегіне ерекше бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі – Ұстаз.
Ұстаз - аты биік, әрі мәңгілік
Ұстаз - аты биік, әрі мәңгілік
«Ұстаз – аты биік, әрі мәңгілік» мерекелік іс шараға арналған сценарийі
Мектеп – кеме, білім – теңіз
Мектеп – кеме, білім – теңіз
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы «Бейнеу гимназиясы»ММ - нің бастауыш сынып мұғалімі Тастайбекова Гульназ Самигуллаевна
Менің алғашқы ұстазым
Менің алғашқы ұстазым
Кусаинова Самал Кемельевна Саға мектеп – бала бақшасы мектепалды даярлық топ тәрбиешісі
Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік
Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік
Кызылорда облысы, Казалы ауданы Басыкара ауылы, № 182 мектептің әлеуметтік педагогы Кемалова Роза Өмірбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×