Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


1 қазан қарттар күніне мерекелік бағдарлама. Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария

31 мам 2019, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
«Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария» қарттар күнінің мерекелік бағдарламасы

Басталуы: Слайдпен «Қымбатты менің қарттарым!»
Жүргізуші:
Қайырлы күн, қымбатты да аяулы әкелер, ақ жаулықты аналар!

Ведущая:
Здравствуйте, дорогие гости! дорогие наши дедушки и бабушки

Жүргізуші:
Дүниеге келер бір рет
Дария кеуде тау мүсін
Құрыштан құйған құдірет
Қарттарым аман саумысың?

Шынымен де, жылдан жылға бұл күн «Қарттар күні» дәстүрлі мерекеге айналып келеді. Жыл сайын сіздерді көрген кезде, жүректеріңіздің қуанғанын, кәріліктің сыр алғанын жылы жүздеріңізден байқаймыз.

Ведущая:
Летят года, за ними не угнаться —
Спешат часы, сменяя день за днём…
Но знаю, не устану удивляться
Тем временем, что осенью зовём.

Хорошо, что стало доброй традицией отмечать День пожилых людей. — Этот день – день благодарения за тепло ваших сердец, за отданные работе силы, за опыт, которым вы делитесь с молодым поколением, с вашими детьми и внуками – то есть с нами.

Жүргізуші:
Ортамызда қадірменді қарттар бар,
Ащы өмірдің тауқыметін тартқандар.
Арқасында нардың жүгін артқандар.
Омырауға қос - қос орден таққандар.
Дей келе кешімізге келген қонақтармен таныс болайық.

Жүргізуші: 1) Ардагерлер алқасының төрағасы –
Ведущая: 2) Майқайың мешітінің бас имамы –
Жүргізуші: 3) Майқайың кентінің әкімі –
Ведущая: 4) майқайың «НұрОтан» партиясы филиалының төрағасының бірінші орынбасары –

Құрметті әкелер, әжелер, қасиетті қариялар, сіздердің бүгінгі мерекелеріңізге құттықтау лебіз ретінде ән - шашу таралғы еткелі отыр, қабыл алыңыздар.

Ән: «Асыл әжем» Мақпал мен Айпірім
Жүргізуші:

Сөз кезегін мектебіміздің директоры Бейсенбаева Жаннұр Манашқызқызы мен құрметті қонақтарға береміз.

Қонақтар:
1)

2)
з)

Сөзден кейін орысша ән
Тақпақтар оқушылардың
Азат: Атам келді, алақай!
Әжем келді, алақай!
Қолтығынан демейін
Көрпе төсеп берейін
Тынығып ата - әже серігіңіз
Ертек айтып беріңіз
Қарттарды сүйген баламыз
Сіздерден тәлім аламыз

Аянат:
Ата сөзі - қасиетті киелі
Ата сөзі - жанға жылы тиеді
Ата сөзі - өміріме өнеге
Ата сөзі - тек шындықты сүйеді

Нұрайым:
Атам менің жақсы адам,
Аптықпаған саспаған.
Атам барда әрине,
Тарықпаймыз ақшадан.

Біржан:
Атам менің жақсы адам,
Қиындықтан қашпаған.
Немерені, мені де,
Артық көрді басқадан

Айбек:
Қиындықта шыңдалып,
Еңбек еткен еселеп.
Өздеріңнен үлгі алып,
Көрсетеміз қошемет.

Қайрат:
Бейбітшілік тілегі,
Өмірлері толы аңыз.
Ел деп соққан жүрегі,
Бізде азамат боламыз.

Асылай:
Туған жерді сүйеміз,
Тау менен өзенін.
Алдында бас иеміз,
Ата менен әженің.

Расул:
Өздерің болсаң жанында,
Ел іші жомарт еңселі.
Дән иісі жүрген қанында,
Даламның бір бір бөлшегі.

Дина:
Арада жолдар жөңкіліп,
Алыстап кеттім біртіндеп.
Айта алмай ауыз толтырып,
«Ассалаумағалейкум!»- деп
Ән: «Асыл әке» Арай мен Назгүл

Амангелді Салтанат Төлеген Айбергенов “Ана”
Арманыңды ақтарам ба жүрегімде тербесем,
Айға сіңлі, қарындассың қасиетті Жерге сен.
Мен өзіңді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем,
Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен.

Сұлу әлем, әлем сұлу сен жаратқан адаммен,
Көк жолының қарсылығын қағып тастап барам мен.
Сендік қуат болар, бәлкім, басын иді көк маған,
Әр кез сенен туғанымды есіме алсам, тоқтаман.
Ал ұмытсам, ұмыт болып қаларымды білемін,
Ұмыт қалмау үшін менің шарқ ұрады жүрегім.

Ана керек, о, адамдар, ана керек адамға,
Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда.
Пікірімді ұнатпаған таптық та дер дананы,
Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы.
Өзің қаққан қоңырауда өмір жыры бар екен,
Оның үні тарқамайтын болды менің мерекем.
Сол үнменен тыным таппай бақытымды күреймін,
Өйткені мен мерекемнің тарқамауын тілеймін!

Би «Жаяу»

Жүргізуші:
«Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді» деген сөз бар. Жастарымыз ата - анасының қадірін кеш болмай түсінсе екен. Қарттары бар ел - бақытты ел.

Сондықтан ел басына күн туған, қиын - қыстау күндерде халқына сүйеу, жұртына қамқор болатын қарттарымыз қашан да аман болсын, дей отыра «Қарттар үйі» атты көріністі тамашалаңыздар!

Ведущая: Всё – таки немного неправильно сегодняшний праздник называть Днём пожилого человека, это зачем – то лишний раз подчеркивает гнёт лет и проблем, с которыми вы сталкиваетесь в своей жизни. Было бы более правильно называть этот праздник Днём Мудрого человека. И, как нельзя, кстати, на ум приходят поэтические строки:

Этот день наполнен пеньем птиц,
Детвора гербарий собирает,
Ну а мне сиянье детских лиц
Сердце тёплым светом наполняет.
Ән: « орысша»

Жүргізуші:
Әкелер!
Мәңгі өшпейтін атақ - даңқың,

Жүрегімнің лаулатып отын жақты.
Ерлігіңді жалғастырам, бақыттымын,
Сендер ғой маған берген осы бақты.

Аналар!
Қарыздармын өзіңе мен,
Қайыспай қиындыққа төзе білген.
Жүздеріңді әжімдер басқанымен
Баяғы бәз жүздерің өзгермеген.
1 қазан қарттар күніне мерекелік бағдарлама. Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария жүктеу
2 134
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қарттар күні мерекелік бағдарламасы!
Қарттар күні мерекелік бағдарламасы!
Қарттар күнін атап өтудегі басты мақсат — аз қамтамасыз етілген қарт адамдарға, жалғызбасты қарт зейнеткерлер мен қарт мүгедектерге көңіл бөлу, оларға материалдық, әлеуметтік - тұрмыстық және басқа да көмек түрлерін көрсету болып табылады.
1 - қазан Қарттар күніне арналған тәрбие сағаты: Қарттарым асыл қазынам
1 - қазан Қарттар күніне арналған тәрбие сағаты: Қарттарым асыл қазынам
Қош келдіңіз ақ жаулықты аналар, Ақыл кенін арқалаған аталар. Алдарыңда жауқазындай құлпырған, Біз алаңсыз балғын шақты балалар. Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған, Зейнет емес бейнеттен арылмаған. Тәңірімдей табынып өтем мәңгі, Қариялар өзіңді ел
1 қазан күніне арналған сценарийй. Қарттарым асыл қазынам
1 қазан күніне арналған сценарийй. Қарттарым асыл қазынам
Оқушыларды адамгершілікке, қайырымдылыққа, жақсы үлгі өнегеге, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу қасиеттеріне, мейірімділікке, қарияларды құрметтеуге тәрбиелеу.
Қарттарым - асыл қазынам
Қарттарым - асыл қазынам
Оқушылардың бойына халқымыздың қадір - қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлай білуге, өз ата - бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
День учителя
День учителя
Шығыс Қазақстан облысы, Бесқарағай ауданы, Сосновка орта мектебінің қазақ тілі мұғалімі Галия Губайдуллина
Атаның сөзі, ақылдың көзі
Атаның сөзі, ақылдың көзі
Атаның сөзі, ақылдың көзі. Жас жеткіншектердің бойына халқының қадір қасиетін сіңіріп, кішіге қамқор болуға, ата - бабасын ұмытпай есте сақтау үшін және салт - дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу. Қарияларды
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×