Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жұлдызды түлек - 2019 (Куәлік тапсыру кеші)

07 маусым 2019, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
Жұлдызды түлек - 2019
Жүргізуші:
Армысыздар құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар, ардақты ата - аналар!
Бүгінгі «Жұлдызды түлек - 2019!» атты Куәлік тапсыру кешіне қош келдіңіздер.
Кешімізді бастамас бұрын бүгінгі мерекеге арқау болып отырған 9 – сынып жетекшілері мен оқушыларын ортаға шақырамыз.
Әр сөзі мейіріммен басталатын,
Қатайтқан шәкіртінің жас қанатын.
Білімнің нәрін сепкен ұстаздардың,
Қалайша атамасқа асқақ атын!
9А - сынып жетекшісі: -----------------------------
9 - сынып түлектері:

Биязы мінезіменен
Түрлі рөлді сомдайды
Күлімдеген Әділетті
Барлық досы қолдайды.

Тіл табысқан бәрімен
Ақжарқын жан өмірде
Жақсылықтың жаршысы
Ақкөңіл ғой Арайлым.

Аспазшы болу арманы
Өзі сондай салмақты
Нұрландырған ортаны
Біздің Жандос жан - жақты.

Қандай да болсын игі іс
Онсыз сірә бітпейді
Гүл жайнаған Балғынды
Жауқазын гүлге теңейміз.
Өзі сондай ұқыпты
Сыныпта ең көрікті
Қошеметтеп шақырайық
Элдардай жігітті.

Күллі жұртты тамсантқан
Мың бұрала билейді
Талабымен қуантқан
Біздің Ажар өнерлі.
Ер жүректі Арлан бар,
Жүйрігіміз ол болар.
Компьютердің тілін біліп,
Бар жағынан танылған

Бойында үлкен намыс бар
Әрқашан алға ұмтылған
Сегіз қырлы, бір сырлы
Намысшыл жігіт Еркебұлан

Биікке самғау мақсаты
Алғыр, зерек, талапты
Көркем шығарма оқудан
Алдына жан салмайтын
Қошеметтеп қанекей
Қарсы алайық Айдананы.
Сурет салу шебері
Көпшіл, алғыр, әдепті
Қошемет көрсет халайық
Біздің Шалқар келеді.

Айдай сұлу Жанелямыз,
Ардақты біздің қызымыз.
Сыңғырлаған күлкісі бар,
Күлімдеген даусы бар.

Кез - келген жерді картадан
Мүдірмей тауып береді
Өлкенің жер - су аттарын
Берік жақсы біледі.

Сабырлы, жайсаң мінезі
Адалдықты сүйеді
Анеля сондай дарынды
Көркем сөздің шебері.

Спортты жаны сүйеді
Салауатты өмір сүреді
Бар қоғамдық жұмыстың
Ортасында жүреді
Медет сыныптың жүрегі.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата – аналар, ұстаздар, мектеп түлектері бүгін еліміздің түкпір – түкпірінде жыл бойы білім нәрімен сусындаған түлектеріне ақ жол тілеп куәлік тапсыру рәсімі жүріп жатыр. Ендеше Шұбар орта мектебінің куәлік тапсыру мерекелік кешті ашық деп жариялаймыз.
Мектеп қой Еліміздің қаны, жаны.
Мектептен басталады бәрі – бәрі
Бүгінгі салтанатты кешімізде
Шырқалсын Қазақстан әнұраны.
Қазақстан Республикасының Гимның орындалуы.
9 жыл оқып, білімің түсті қорлана
Куәлік алғалы тұрсың мектеп деген ордада.
Куәлік деген – азаматтық куәсі,
Куәлік деген - өмірге берген жолдама.
дей келе көптен күткен қуанышты кезең, 9 жылғы төккен теріңнің жемісі,
9 жыл бойы алған біліміңнің белгісі аттестат алу кезеңі келгендей - куәліктерді тапсыруға мектеп директоры Идрисов Асқар Ануарбекұлы және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Балхашева Маржан Абуғалиқызын ортаға шақырамыз.
/ Фанфар ойналып, куәлік алып келінеді /
1 - Жүргізуші
Алғаш рет оятқансың санамды,
Алғаш рет ұстатқансың қаламды.
Сол үшінде мәңгі сыйлап өтермін
Түсіндірген жақсы менен жаманды.
– дей келе құттықтау сөз кезегі алғашқы ұстаз Балхашева Маржан Әбуғалиқызына беріледі.
Жұлдызды түлек - 2019 (Куәлік тапсыру кеші) жүктеу
3 915
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сәт сапар, ақ жол, жас түлек мектеп бітіру кеші
Сәт сапар, ақ жол, жас түлек мектеп бітіру кеші
Қайырлы кеш ардақты ата - аналар, қадырлы қонақтар, ұлағатты ұстаздар! Арғымақ аттай тулаған уақытта шек бар ма? Биылғы мектеп бітіруші түлектердің басынан да қызығы мен қуанышы араласқан, он бір жыл он бір күндей білінбей өте шықты.
Қош бол балабақша!
Қош бол балабақша!
Қымбатты ата-аналар, балабақша қызметкерлері, қонақтар! Бүгін біз бірнеше жыл мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз. Олардың әр бірі балабақшадан білім деген іргетасын қалап, мектепте үлгілі
Мектеп түлектерімен кездесу кеші
Мектеп түлектерімен кездесу кеші
Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата - аналар, аяулы оқушылар! Осыдан 10 жыл, 20 жыл, 30 жыл бұрынғы мектеп түлектері алтын ұя мектебімен қауышқалы отыр! Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп түлектері есінде мәңгі өшпесі анық.
Сәт сапар, ақ жол, жас түлек мектеп бітіру кеші
Сәт сапар, ақ жол, жас түлек мектеп бітіру кеші
Армысыздар, қымбатты оқушылар, ұстаздар және қонақтар! Мектеппен, балалықпен қоштасар күн туды, бүгін міне түлектер кеші. Бұл күн мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпейтін күн. Ендеше барлықтарыңызды осынау салтанатты сәтпен
Сәт сапар, саған Жас түлек!
Сәт сапар, саған Жас түлек!
Мектеп - білім айдынындағы үлкен кеме. Тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы - мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі - МҰҒАЛІМ. Мектепте өткен уақыт адам өміріндегі шаттыққа толы кездер. Дәл осы кездер ең жарқын естеліктер
Қош бол, ұстаз, алтын ұя мектебім
Қош бол, ұстаз, алтын ұя мектебім
Бүгін қандай шаттық толы кеш еді, Көңіл шіркін, тасып - толып өседі. Ұл кешегі жігіт болып қалыпты ау, Бойжетіпті бантиктегі қыз кешегі.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×