Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бәрімізге ортақ – Жеңіс!

09 маусым 2019, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспекттісі
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлім: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Бәрімізге ортақ – ЖЕҢІС!
Мақсаты: Балаларға Жеңіс күні мерекесі туралы мағлұмат беру.
1. Білімділік: Балаларды Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары, достық пен бірлік туралы түсінік беру.
2. Дамытушылық: Бала бойындағы патриоттық сезімдерін оята отырып, ер үрдісінің әрекеттерін нәтижелі орындау іскерлігін дамыту.
3. Тәрбиелік:. Балаларды адамгершілікке, Отанын қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие беру.
Көрнекілік: Жеңіс күніне арналған суреттер.

Мотивациялық - қозғаушылық
Шаттық шеңбері:
Амансың ба, алтын Күн?
Амансың ба, көк аспан?
Амансың ба, достарым?
Сендерді көрсем қуанам.

Ұйымдастырушылық
іздестіру Әңгіме: Балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметі
«Ұлы Жеңіс» деп аталады.
Жеңіс күні – адамзат аңсап өткен күн, жеңістің туын
тіккен 1945 жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды
күні.
Биыл Ұлы Жеңіске 73 жыл толып отыр. Мөлдір аспанды бұлт қаптады. 1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия Кеңес Одағына опасыздықпен шабуыл
жасады. Халық үшін бұл ауыр кезең болды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын, пида еткен, туған - туысқандарына, жақындарына, туған жеріне оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді.
Ешқашанда жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегімен
соққан еңбекшінің ерен ерліктері ұмытылмайды
Бұл жылдары жүрегі Отаным деп соққан әр азамат барынша күресе білді. Соғыс бітті... Ауыр да азапты жылдар артта қалды, біздің еліміз бейбітшілікті сүйеді.
Балалар мен сендерге Т. Жароковтың өлеңін оқып
берейін.
Сүйінші, халқым, сүйінші!
Сүйіншіге сүйінші!
Шаттан ата - анамыз,
Шаттан; аға - бабамыз.
Кек қайтарып фашистен,
Соғыс бітті жеңіспен,
Жеңдік жауды күресте
Жасалсын той мереке.

Сергіту сәті:
Бала, бала, балақан!
Қане, қайсы, алақан?
Саусақтарың әйбат,
Былай - былай ойнат.
Топ - топ басайық,
Жалаудан күн жасайық!
Жаса, жаса алтын күн,
Жаса, жаса жарқын күн!
Балалар енді әдемі орындарымызға отырайық.
Кәне кім жеңіс мерекесі туралы тақпақ біледі екен?

Бақытты боп жүргенім,
Сенің арқан, Ұлы Отан.
Елім менің - тірегім,
Құшағынды гүл атам.
(Іңкәр)

Жеңіс келді ән болып,
Келді ауылға сән, көрік
Жеңіс келді, алақай,
Тоя жейтін нан болып!
(Естай)

Жеңіс келді қалама,
Жеңіс келді далама!
Жеңіс келді әке боп,
Елдігі бар балаға.
(Нұржан)

От жалындай қайраты.
Сүйсініңдер қараңдар
Бейбіт өмір салдаты
Менің танкист ағам бар.
(Кәусар)

Жарайсыңдар балалар! Енді ойын ойнайық
Ойын: «Жалауша»
Шарты: Балаларды екі топқа бөліп, алдыңғы екі баланың қолына жалауша беріледі. Музыка ырғағымен балалар жалаушаны қолдан - қолға бере бастайды. Қай топ жалаушаны жылдам жылжытып, ойынды тез аяқтаса – сол топ жеңімпаз аталады.
Балалар енді
«Әрқашан күн сөнбесін»өлеңін айтайық.
Бәрімізге ортақ – Жеңіс! жүктеу
2 439
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мерекелік ертеңгілік 9 - мамыр - Жеңіс күні!
Мерекелік ертеңгілік 9 - мамыр - Жеңіс күні!
Бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Ұлы Отан соғысына қатысқан батырларымыз кімдер еді? - Ә. Молдағұлова. М. Мәметова. Б. Момышұлы, Н. Әбдіров т. б.
9 мамыр – Жеңіс күні құтты болсын!
9 мамыр – Жеңіс күні құтты болсын!
9 - мамыр Жеңіс күні - бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын
Ұлы жеңіс - жасасын!
Ұлы жеңіс - жасасын!
Тақырыбы: «Ұлы жеңіс - жасасын!»
Сарғайса да тарихтың ақ парағы, ол күндер мәңгі есте сақталады
Сарғайса да тарихтың ақ парағы, ол күндер мәңгі есте сақталады
Жеңіс күні де ару қаламызға келіп жетті. Өздеріңізді осы келіп жеткен Жеңіс күні мерекесімен құттықтаймыз! Сіздерге дендеріңізге саулық, шығармашылық табыс тілейміз.
Ұлы жеңіс жасасын!
Ұлы жеңіс жасасын!
Тәрбиеші: Соғыста Кеңес Одағының бірге біздің Қазақстан Республикасы да жан аямай шайқасты. Даңқты қарулы күштердің және еңбек армиясының құрамында млн қазақстандықтар болған.
9 май Жеңіс күні
9 май Жеңіс күні
Бұл жинақтан сіздер 9 май жеңіс күніне арналған сапалы суреттерді таба аласыздар!
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×