Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тілдің мерейі – елдің мерейі

17 қаңтар 2013, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: Тілдің мерейі – елдің мерейі
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қазақ елін, қазақ тілін қастерлеуге, ой – өрісін кеңейтуге, шешендік өнердің қыр – сырын ұғына білуге тәрбиелеу. Оқушыларға тілдің қоғам өміріндегі маңызын түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: мақал – мәтелдер, тіл туралы заң, қол өнер көрмесі.
Сабақтың жүру барысы:
Оқушыларды сапқа тұрғызып, әнұранды айттыру.

Кіріспе сөз: Соңғы жылдары ана тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болуы, халықтық педагогиканың асыл қазынасын пайдалануға, әдебиетіміз бен мәдениетімізді, салт – дәстүрімізді жетілдіруге мүмкіндік туғызғаны еліміз үшін зор қуаныш. Қазіргі заман талабы халықтық дәстүрді кеңінен пайдалана білуді көздеп отыр. Ол үшін халқымыздың ата – бабадан келе жатқан ұлттық асыл мұраларын, тұрмыс – салтын, үлгі – өнегесін жүзеге асыруымыз қажет.

Елімізді басқа ел танып жатқанда, тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақты тәрбиелеу басты міндеттердің бірі. Тәрбиенің негізгі құралы – тіл, ол ұлттың тарихи көрініс белгісі. Ана сүті бой өсірсе, ана тілі ой өсіреді. Олай болса, ата өсиетіне құлақ асып, ананың тілі арқылы бабалар аманатына адал болайық.
Туған тілім. Дихан Әбілев.
Туған тілім – бабам тілі - өз тілім!
Туған тілім – анам тілі – өз тілім!
Туған тілім – дана тілім – өз тілім!
Туған тілім – далам тілі – өз тілім!

Туған тілде сыры терең жаным бар.
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып – ақ алыңдар.

Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, менде бірге өшемін

Ән «Ана тілін сүйемін»

Тілім менің!
Ұлы Абай, Мұхтардай пірім менің,
Тұнығым, рухани жан азығым.
Ол бүлінсе, менің де бүлінгенім.
Тілім менің!
Тілім үшін мың өліп, тірілді елім.

Қазақ халқы бар тарихын көшіп жүріп, өткізсе де, батпаққа батырмай, құмға шашпай, жұрттан да қалдырмай, жабындыға алдырмай барлық жинаған сөз байлығын, күйі мен жырын бізге жеткізді. Бұл бәрімізге қымбат мұра, бай қазына! (Ғ. Мүсірепов )

Сүйемін туған тілді - анам тілін
Бесікте жатқанымда – ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнім.

Ән «Ананың тілі – аяулы үні»

Мұғалім: Қазақ халқы тіл өнеріне, шешендікке зор мән берген. Атақты билер мен шешендер, ақындар мен жыраулар дау шешіп, айтысқанда ұйқастыра өлеңдетіп сөйлеген.
«Ұйқасын тап» ойыны.
Мұғалім:
Ана тілін білмеген адам –
Ештеңе сезбейтін надан

Түк сезбесе балаң
Жақсылық күтпе одан.

Жүйрік тілді ақын бол!
Жақсылыққа жақын бол!

Достарыңмен тату бол!
Дұшпаныңа қату бол!

Ақындардың бірі бол!
Туған елдің ұлы бол!
Туған жердің гүлі бол!
Азамат бол, ірі бол!

Би.
Тілім барда қазағым бар, халқым бар,
Дәстүрім бар,
Ата жолым салтым бар,
Кең даладай жиналмаған жан – жағы
Аңқау ашық мінезім бар аңқылдар.

Тілім менің ерлігім де елдігім,
Кемеңгерім
Шешендігім кеңдігім.
Тілім менің – мөлдірлігім, пәктігім,
Ойлылығым,
Тереңдігім,
Теңдігім.

Ежелден ұлы елміз ірі іргелі
Шежіреміз
Тарихымыз ілгері
Менің тілім Қаз дауысты Қазыбек
Әйтеке мен Төле бидің тілдері.

Көрініс «Төле бидің төрелігі»
Мұғалім: «Жалғасын тап» ойыны (тіл туралы мақал-мәтелдер)
Тіл тас жарады...(тас жармаса, бас жарады)
Өнер алды -...(қызыл тіл)
Ойнап сөйлесең де...(ойлап сөйле)
Аз сөз – алтын...(көп сөз – көмір)
Тіл – ақылдың...(өлшемі)
Тілі жеткенше сөйлеген шешен...(қолы жеткенше нұсқаған көсем)
Тіліңмен жүгірме,...(біліміңмен жүгір)
Тіл – тәтті,...(бауыр – қатты)
Тіл туралы ойлар.
1 Халық бар жерде – тіл бар. Тіл бар жерде – өнер бар. Өнер бар жерде – жан – күйер бар. Әр халықтың ана тілі – оның бақыты, оның қуанышы.
2 Өз тіліңді білу, өз тіліңде ер жетіп, ел қатарына қосылу – өмірден алған ең үлкен сыйың.
3 Ана тіліңде елдігіңде, ерлігіңді жырлайсың.
4 Ана тілінде сөйлеу мәдениеттіліктің, әдептіліктің өлшемі болып табылады.
Күй.
Қорытынды
32 700
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тіл мәртебесі – ел мерейі
Тіл мәртебесі – ел мерейі
Мемлекеттік тіл Тәуелсіз елдің негізгі рәміздерінің бірі. Кез келген өркениетті елдің өзінің Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, шекарасы болатыны секілді мемлекеттік тілі де болады. Демек, мемлекеттік тіл де — мемлекеттігіміздің негізгі атрибуттарының бірі.
Тілді сүю – тал бесіктен (ҚР Тілдер мерекесі күніне арналған әдеби кеш)
Тілді сүю – тал бесіктен (ҚР Тілдер мерекесі күніне арналған әдеби кеш)
Ана тілі – халық болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп - өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі,- дей отырып ана тіліміздің асқақтауына үлес қосу. Оқушыларды қазақ елін, қазақ тілін қастерлеуге, ой - өрісін кеңейтуге, шешендік
Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!
Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!
Тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге сіңіп, қалыптасады. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра.
Мемлекеттік тілді оқыту арқылы ұлт аралық достық қарым - қатынасты қалыптастыру
Мемлекеттік тілді оқыту арқылы ұлт аралық достық қарым - қатынасты қалыптастыру
Өскемен қаласы, №38 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Смагулова Айжан Даулетбекқызы
Тіл тірегі
Тіл тірегі
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы Бейнеу гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Молдағажиева Кенжегул Дәулетбекқызы
Оқу - тәрбие үрдісінде халықтық педагогиканы қолдану арқылы белсенді шығармашыл тұлғаны қалыптастыру
Оқу - тәрбие үрдісінде халықтық педагогиканы қолдану арқылы белсенді шығармашыл тұлғаны қалыптастыру
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы №26 мектеп – гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Бейсембаева Бақтыгүл Қабдығалымқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×