Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ардақтысың сен – ана! мерекесі

16 шілде 2019, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Ардақтысың сен – ана! мерекесі
Мақсаты: Музыкалық тақырыптық шығармаларды сауатты орындау арқылы балалардың рухани мәдениетін қалыптастыру. Анаға, әжеге деген сүйіспеншілікті ән құдіретімен жеткізу. Аналарымызды сыйлауға тәрбиелеу.
Кейіпкерлер: Көктем, көктемнің үш айы және тентек Ақпан, Күннің көзі.
(Әсем әуеннің сүйемелдеуімен балалар залға кіреді).

Жүргізуші: Міне өлкемізге жыл аралап шуақты көктем де келіп жетті. Көктеммен бірге халықаралық әйелдер күні 8 наурыз мерекесін қарсы аламыз! Құрметті ардақты аналар, мен әжелер, аяулы қыздар! 8 наурыз мерекесімен сіздерді құттықтай отыра сіздерге ұзақ ғұмыр, бақытты өмір, отбасыларыңызға амандық пен қуаныш тілейміз!
Шуақты көктем келді гүлін алып,
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі - аналар,
Ана деп бас иеді күллі халық.
Ендігі құттықтау сөз кезегін №31 балабақшамыздың меңгерушісі А. А. Тажидановаға беріледі.
Бүгінгі «Ардақтысың сен - ана!» ертеңгілігімізді сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.
(Фанфар музыкасы ойнайды)
Қойылым: «Көктемнің үш айы және тентек Ақпан»

Ән: «Топ, топ балақан» Ортаңғы топ
Ән: «Ардақты ана» ересек
(Күннің күркіреуі мен жаңбырдың тырсылы естіледі)
Жүргізуші: Балалар ненің дыбысы?
Балалар: Күннің күркіреген дауысы естіледі.
Жүргізуші: Қандай қорқынышты! Ал сіздерге қорқынышты ма?
Балалар: Жоқ!
Жүргізуші: Неліктен?
Балалар: Бұл – көктемнің келгенін білдіреді!
Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар балалар, бұл көктем мезгілі ғой
(Музыка ойналады. Күннің көзі кіреді)
Күннің көзі: Сәлеметсіңдер ме балалар! Мені таныдыңдар ма? Әрине, Күннің көзімін! Мерекеге аяулы әжелер мен аналарды және сүйкімді қыздарды 8 наурыз мерекесімен құттықтау үшін келдім!
Жүргізуші: Күннің көзі көп рахмет! Күннің көзі сіз көктемде шуағыңызды мейірлене төгіп, жер жүзін жылытасың, сіздің нұрыңыздан табиғат қысқы ұйқысынан оянады, қайта түлейді. Олай болса, Күннің көзі және құрметті қонақтар сіздерді балалардың өнерлерін тамашалауға шақырамын!
Би: «Гүлдер»
Ардақтысың сен – ана! мерекесі жүктеу
195
0
  • 0
0 дауыс
Загрузка...
Оқи отырыңыз
Ертеңгілік: Шуағын шашқан - аялы алақан
Ертеңгілік: Шуағын шашқан - аялы алақан
8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Көктемнің шуақты күндерімен қатар келіп жатқан төл мерекелеріңіз құтты болсын!
Аналар мерекесі
Аналар мерекесі
Балалардың 8 – ші наурыз жайлы түсінігін молайту. Үлкендерді, бір – бірін сыйлауға тәрбиелеу. Ойлау қабілетін, тілдерін дамыту. Мерекелік көңіл – күйлерін көтеру.
8 - Наурыз халықаралық аналар мерекесіне арналған ертеңгілік сценарийі
8 - Наурыз халықаралық аналар мерекесіне арналған ертеңгілік сценарийі
8 - наурыз халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек.
Рахмет айтамын!
Рахмет айтамын!
Алғыс - адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай - ақ оның ойы мен іс - әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі. Олай болса бір - бірімізден жан жылуымызды аямайық демекпін.
Аяулы ана
Аяулы ана
8 - наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту. Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету.
Ару ана - асыл ана
Ару ана - асыл ана
№3 орта жалпы білім беретін қазақ мектебінің мұғалімі Г.И.Есенова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.